Халықты жұмыспен қамту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңы
(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қараңыз;
2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 1-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жұмыссыздар - өздерiне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы адамдар;
3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет);
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ұзаққа созылған жұмыссыздық - он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
5) жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi;
5-1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі квота) - Республиканың экономикалық тұрғыда белсенді халқының санына шаққанда процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;
6) табысы аз адамдар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар;
7) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;
8) жұмыспен нәтижелi қамтылу - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк нәтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;
9) рантье - негiзгi кiрiс көзi несиеге берiлген ақшадан немесе сатып алынған бағалы қағаздардан алатын проценттер болып табылатын тұлға;
10) еңбек рыногы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - өздерiн жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды адамдар;
12) еркiн таңдап алынған жұмыс - азаматтардың өздерiнiң еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы таңдап алған қызметi;
13) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
14) 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
15) Уәкiлеттi орган- жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
16) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы заңмен белгiленген адамдар топтары;
17) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестiріп отыратын мемлекеттік орган;
18) жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн кез келген жеке және заңды тұлға;
19) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - еңбекке жарамды жастағы адамдар (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) экономикалық тұрғыдан енжар халық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықты есепке алу үшiн белгiленген жасқа толмаған адамдарды да қоса алғанда, жұмыс күшi құрамына кiрмейтiн халық, жұмыс iстемейтiн және жұмыс iздемейтiн азаматтар, оның iшiнде: үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс iстемейтiн мүгедектер, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер, күндiз оқыту нысанындағы бөлiмдердiң тыңдаушылары мен курсанттары (магистратураны қоса алғанда), рантье, сондай-ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi жалға беруден кiрiс алатын өзге де тұлғалар.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;
6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекітілген;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөніндегі қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар:
жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-занды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 6-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-бап. Орталық атқарушы орган
1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртібін, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға;
2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;
3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге;
4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысуға;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 9) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеуге және бекітуге міндетті.
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.13.04 ж. № 40-III Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және орындау;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды
5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды
5-5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-6) тармақшамен толықтырылды
5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 8-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi органның:
1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап он күннен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келісімiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;
ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуге;
ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды өздері өтініш білдірген жағдайда еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;
ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен бап 7-2) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)
7-2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді (бұдан әрі - толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер) кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.
2. Уәкiлеттi органның:
1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;
2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгізуге;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) білім беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттік органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) еңбек делдалдығын көрсетуге құқығы бар.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 9-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;
3) құрылымдық өзгерістер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.
2. Жұмыс берушi:
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, біліктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) уәкілетті органға қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алда болатын еңбек жағдайларының өзгеруіне дейін кемінде бір ай бұрын ақпарат беруге;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен біліктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:
1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;
3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң біліктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.