5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi.
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған өкілеттіктерді жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен ; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады.
2. Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негізделген деп танылған талаптары енгізіледі.
Борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.
3. Банкроттық рәсiмдерiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтуды не конкурсты басқарушылар жүзеге асырады.
4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайды.
Соттың шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 115-III (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банкроттық саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгілейді;
1-1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;
2) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекітеді;
3) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтар жүргізу тәртібін айқындайды;
5) заңды тұлғаларды қала негізін қалаушы ұйымдарға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-2 бап өзгертілді
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындайды;
4) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырып, бекітеді және оңалту рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
6) кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушылармен, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісімен жасасатын келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарайды;
7) дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тәртібін айқындайды;
8) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келіседі;
9) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;
10) оңалтушы басқарушының қорытынды есебін келіседі және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді, сондай-ақ конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келіседі;
11) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді;
12) сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебінің нысанын және оларды келісу тәртібін бекітеді;
13) конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімі кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;
14) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
15) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды талап етуге құқылы;
16) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
17) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарайды;
18) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдайды;
19) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
20) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;
21) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
22) осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады;
23) сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды білім беру ұйымы арқылы даярлау ережелерін бекітеді;
24) сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу тәртібін белгілейді;
24-1) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін белгілейді;
25) мониторингті, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпаратты және құжаттарды талап ету арқылы жүзеге асырады;
26) мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;
27) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкімшісінің өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінің және сырттай байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіне алады;
28) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
29) заңмен белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы істерді қарайды, өз құзыреті шегінде әкімшілік жаза қолданады.
30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 10-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-3-бап өзгертілді
10-3-бап. Сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылау
1. Уәкілетті органның сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Осы Заңның 10-4-бабында реттелмеген тексерулер мәселелері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы баптың мақсаты үшін сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің тараптары деп кредиторлар, борышкер, мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген орган, кредиторлар комитеті, сырттай байқау әкімшісі, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсініледі.
3. Уәкілетті орган мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде өз құзыретін іске асыру мақсатында сауалдар жасауды жүзеге асыруға құқылы.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары мынадай:
1) төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсімдерде тіркелу есебі;
2) мониторинг;
3) камералдық бақылау;
4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-4-баппен толықтырылды
10-4-бап. Сырттай байқау әкімшілерінің, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді өткізу талаптарын сақтауын тексеру
1. Тексеру уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негізінде үш ай мерзімді тексерілетін кезеңде бір реттен жиі жүргізілмейді.
2. Тексеру жүргізуге мынадай деректемелер жазылған нұсқама негіздеме болып табылады:
1) уәкілетті органда тіркелген күні мен нөмірі;
2) нұсқаманы берген уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) тармақша 2012 ж. 1 қаңтардан күшін жояды
4) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекен-жайы немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ оның салық төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірі;
5) тармақша 2012 ж. 1 қаңтардан күшін жояды
5) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекен-жайы немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің басталған және аяқталған күні;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге тиісті нормативтік құқықтық актілер;
9) тексерілетін кезең.
Нұсқамаға уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының бірінші басшысы не оны ауыстыратын адамдар қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландырылуға тиіс.
3. Бір нұсқаманың негізінде бір тексеру ғана жүргізіледі.
4. Сырттай байқау әкімшісі, оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргізу үшін тексеруші адамдарды жіберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге міндетті.
5. Уәкілетті органның тексерулерге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға құқығы бар.
6. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды, оның біреуін анықталған бұзушылықтармен және басқа да іс-әрекеттермен танысып, оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін сырттай байқау әкімшісіне (оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға) береді.
7. Тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган мұндай бұзылушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, ұсыну шығарады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді
2-тарау. Кредиторлар комитеті
ҚР 11.07.01 № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Кредиторлар комитетін қалыптастыру
1. Сырттай байқау рәсімінде, оңалту рәсімінде, конкурстық іс жүргізуде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Кредиторлар комитетін қалыптастыру:
1) сырттай байқау кезінде осы Заңның 41-2-бабымен;
2) конкурстық іс жүргізу кезінде осы Заңның 70-бабымен;
3) оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 43-бабымен реттеледі.
2. Кредиторлар комитетінің құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша кредиторлардың өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, кредитордың - мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым көп конкурстық кредиторлар мен кепілді кредиторлар кіреді.
3. Кредиторлар комитеті мүшелері жеті адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
4. Кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсіміне, конкурстық іс жүргізуге қатысудан бас тартуға құқылы.
5. Сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, кредиторлар комитетінің, борышкер кредиторларының өтініші бойынша уәкілетті орган осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып, қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізуі мүмкін.
6. Қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізудің негіздемелері мыналар бола алады:
1) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің отырыстарына екі реттен артық дәлелді себептерсіз келмей қалуы;
2) борышкерге үлкен сомалы талабы бар кредиторлардың анықталуы;
3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамынан өзін шығару туралы өтініші;
4) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді орындауы;
5) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамына өзін қосу туралы өтініші;
6) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредиторды тарату не оның қайтыс болуы және басқалар).
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Кредиторлар комитетiнiң отырыстары
1. Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы бекітілген күннен бастап он бес күннен аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.
2. Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында:
1) дауысқа қою рәсiмiнде дауыстар тең болған жағдайда шешушi дауыс құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлауға;
2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетінің алдында түгендеу жөнінде есеп беру мерзімін белгілеуге;
3) сыйақының сомасын және оны конкурстық басқарушыға төлеудiң тәртібін белгiлеуге мiндеттi.
3. Кредиторлар комитетiнiң бұдан кейiнгi отырыстары комитет белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде шақырылады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiгi
Кредиторлар комитетi:
оңалту рәсiмiн жүргiзу, ұзарту немесе тоқтату туралы сот алдында өтiнiш жасауға;
сотқа оңалтуды басқарушының кандидатурасын ұсынуға, соттан тыс тарату рәсiмiн жүргiзу кезiнде конкурстық басқарушының кандидатурасын тағайындауға;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлардың өкiлiн сайлауға;
сырттай байқау әкімшісінен, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыдан борышкердің қаржы жағдайы және сырттай байқау рәсімдерін, оңалту рәсімін және конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беруді талап етуге;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың іс-әрекеттеріне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдауға;
борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерiнiң сомасын бекітуге;
конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны iске асыру жоспарын бекітуге;
оңалту рәсімін және конкурстық іс жүргізуді өткізу үшін аудиторлық тексеріс пен түгендеу нәтижелерін назарға алуға, шығыстар баптары мен сметасын бекітуге;
орынды жағдайда конкурстық басқарушыға, егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде ұсыныс жасауға;
осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Кредиторлар комитетiнiң шешiм қабылдауы
1. Кредиторлар комитетінің отырысына комитет мүшелерінің немесе олардың сенімді адамдарының кемінде 2/3-і қатысса, ол құқылы болады.
2. Кредиторлар комитетiнiң отырысы хаттамамен ресiмделедi.
3. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi "бiр комитет мүшесi - бiр дауыс" деген принцип бойынша жалпы дауыс санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
4. Борышкердiң басқа барлық кредиторлардың кредиторлар комитетiнiң отырысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқығы бар.
3-тарау. Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Банкроттық туралы iс қозғау тәртібі
1. Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредиторлардың (кредиторлардың) өтiнiшi негізінде осы Заңнын 4-бабында көрсетілген жағдайларда, және осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда прокурордың өтiнiшi негiзiнде iс қозғалады.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар - азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөніндегі кредиторлар ие болады.
3. Банкроттық туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот ден тану туралы өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды деп есептеледi.
4. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы берген өтiнiшi соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды.
Кредиторлар (кредитор), прокурор өз өтiнiшiн борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар
Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
4) прокурор;
5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
6) уәкiлеттi орган;
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен ; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Борышкердiң өтiнiшi
1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуге мiндеттi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны
1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.
2. Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;
3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы;
4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы;
5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасы;
6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;
7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі туралы мәлiметтер;
9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;
10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi (қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;
10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат;
11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.
Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер көрсетiлуi мүмкiн.
Борышкер уәкілетті органға өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмесін жіберуге міндетті.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар
1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша мемлекеттік бажды төлегендiгiн;
3) берешек болуын, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын борышкердiң қанағаттандыра алмайтындығын;
4) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге жағдайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
2. Борышкердiң өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердiң оны банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш жасауына негiз болып табылатын меншiк иесiнiң немесе құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды тұлға органдарының шешiмi;
2) дебиторлық және кредиторлық берешектердiң, топтар бойынша негiзгi және айналым құралдары құрамының толық ашып көрсетiлетiн соңғы есептi кезең iшіндегі қаржы есептемесi;
3) банкроттық туралы iске қатысу үшiн жасырын дауыспен олардың өкiлi сайланған, борышкердiң еңбек ұжымы (қызметкерлерi) жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
4) борышкердiң құрылтай құжаттары;
5) егер борышкер табиғи монополия субъектісі болып табылған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасын алған кезден бастап, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның оларға он күн ішінде беретін қорытындысы;
6) егер борышкер тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі болып табылған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасын алған кезден бастап монополияға қарсы органның оларға он күн ішінде беретін қорытындысы;
7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі жүргізілсе, сырттай байқау әкімшісінің қорытындысы қоса тіркеледі.