туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкiлеттi орган:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi ұйғарымды жiбередi;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiнi (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту үшiн қажеттi шараларды қолданады.
3. Мемлекеттік органдардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.
21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев | |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 114-ІV ҚРЗ