Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiн өндiрiп алу туралы дебитордың банктiк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс еткен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алынуға жатады.
8. Салық төлеуші дебитордың банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 615-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкімді орындауға міндетті.
`
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 617-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебіне өндіріп алу
Осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 618-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
618-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізу тәртібі
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
Осы Кодекстің 614-бабының 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
2. Банкрот деп танылған салық төлеушіні (салық агентін) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салық қызметі органдары салық берешегі туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтелмеген:
дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi;
заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 150 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi салық берешегi бар салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң) тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 622-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі есебіне оның мүлкін өндіріп алуды Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу органдары жүргізеді.
87-тарау. ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ
623-бап. Жалпы ережелер
1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі - осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бiр мезгiлде мына талаптарға сай келетiн:
1) барлық активтерiнiң баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мониторинг жүргiзуге жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесi бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң кемiнде 325 000 еселенген мөлшерiн құрайтын;
2) қызметкерлерiнiң саны кемiнде 250 адамды құрайтын iрi салық төлеушiлер мониторинг жүргiзiлуге жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторинг жүргiзiлуiне жатқызылады және осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.
Осы баптың мақсатында:
1) осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңіндегі корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация деректерi негiзiнде айқындалады;
2) активтердiң баланстық құны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептілік деректерi негiзiнде айқындалады;
3) қызметкерлердiң саны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың бiрiншi тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларациялардың деректерi негiзiнде айқындалады.
Осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, осы тармақта белгiленген шарттарға сәйкес келетiн iрi салық төлеушiлердiң iшiнен жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш жүз iрi салық төлеушi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.
5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.
624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі
1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;
3) бухгалтерлік баланс;
4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;
5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
6) қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
7) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.
3. Мониторингке жататын және банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;
3) бухгалтертерлік баланс;
4) кірістер мен шығыстар туралы есеп;
5) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) сақтандыру қызметі туралы есеп;
2) бухгалтерлік баланс;
3) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
5. Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
1) зейнетақы активтері бойынша есеп;
2) зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;
3) бухгалтерлік баланс;
4) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2-5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.
Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
88-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
625-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық қызметі органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.
2. Тәуекел - салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.
3. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:
1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.
4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:
1) салық тексерулерін жүргізу үшін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін;
2) осы Кодекстің 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кеткен соманы қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқықты айқындау үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу мақсатында пайдаланылады.
5. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
626-бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары
Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.
Мұндай талдаудың нәтижелерін салық қызметінің органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
89-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
1. Салықтық тексеру - салық қызметі органдары:
1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттар, ақпарат бар адамдарды, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкілін;
3) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қажет болған кезде салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында:
оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;
салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) түгендеуді жүргізуі мүмкін.
Мыналар:
нұсқамада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары тексеру жүргізуге тартатын өзге де адамдар;
мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;
салықтық тексерудің басқа түрлері кезінде - нұсқамада көрсетілген салық төлеуші салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеп-тексеру, консультация алу үшін салық қызметі органы салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды салықтық тексеруге тартуы мүмкін.
Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық қызметі органы лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша салықтық тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.
Салық қызметі органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық төлеуші өз тарапынан маманды тартуға құқылы, оның қорытындысы салық төлеуші маманының қорытындысын салық қызметі органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.
3. Салықтық тексерулерді тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.
4. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) құжаттық тексеру;
2) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) хронометраждық зерттеп-тексеру.
5. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.
Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері де енгізілуі мүмкін.
Жүргізілуі осы Кодекстің 37-40-42-баптарында көзделген құжаттық тексеру тарату тексеруі болып табылады және ол кешенді тексеруге жатады;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тақырыптық тексеру - мыналар:
салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;
кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;
міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;
трансферттік баға белгілеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;
салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;
халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
резидент еместің салықтық өтініші және төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде шартты банк салымынан қайтару;
салық органдарының осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералды бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындалуы;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;
төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарау;
мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтау;
уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігіндегі қызметі;
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау қағидалары мен оларды өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.
Мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.