8) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттік департаменттері мен басқармалары басшыларын, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
10) Агенттік Төрағасының келісімімен Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
11) Агенттік Төрағасының келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік Төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағаға бекітуге ұсынады;
14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік Төрағасына бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Агенттіктің қаржыландыру жоспарлары мен қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағамен келісілгеннен кейін бекітеді;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста Агенттікті білдіреді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Жауапты хатшы:
1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
23. Агенттік Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.
24. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Агенттіктің жұмыс регламентінде және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерінде белгіленеді.
4. Агенттіктің мүлкі
25. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүлік есебінен қалыптасады.
26. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.02. № 124 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 141 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері -
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
2. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
3. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
4. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
5. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
6. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
7. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
ҚР Үкіметінің 2008.02.12. № 1127 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 141 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік)
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы 100%».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 141 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
6-тармақта:
9-1) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта:
бірінші абзацта «және қаржы ұйымдары бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, бәсекелестікті қорғау» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацта «, Бәсекелестікті қорғау комитеті» деген сөздер алып тасталсын;
12-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;»;
13-тармақтың 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145), 146), 147), 148) тармақшалары алып тасталсын;
14-тармақтың 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124) тармақшалары алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
9 «Басқалар» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік):
001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету:
001 Орталық органның аппараты
002 Аумақтық органдардың аппараттары
007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
022 Резервтің есебінен іс-шаралар
023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер;
101 Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу;
105 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау;
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
022 Резервтің есебінен іс-шаралар
023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер».
3. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
09 «Басқалар» кіші функциясында:
233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бойынша «2 365 199» деген сандар «2 142 470» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасындағы «2 128 959» деген сандар «1 906 230» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Орталық органның аппараты» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «1 218 952» деген сандар «1 149 115» деген сандармен ауыстырылсын;
002 «Аумақтық органдардың аппараттары» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «359 605» деген сандар «241 460» деген сандармен ауыстырылсын;
007 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «35 545» деген сандар «34 295» деген сандармен ауыстырылсын;
009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «109 884» деген сандар «105 364» деген сандармен ауыстырылсын;
017 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «231 624» деген сандар «202 647» деген сандармен ауыстырылсын;
09 «Басқалар» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 222 729
001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 222 729
001 Орталық органның аппараты 69 837
002 Аумақтық органдардың аппараттары 118 145
007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 1 250
009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 4 520
017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 28 977».
4. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) 372-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттігі)»;
көрсетілген қаулыға 315-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 906 230 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз алты миллион екі жүз отыз мың теңге).»;
2-тармақта «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы;» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың 8) тармақшасында «және бәсекелестікті қорғау, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың 15) тармақшасында «140» деген сандар «88» деген сандармен ауыстырылсын, «42» деген сандар «20» деген сандармен ауыстырылсын;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 372-1-қосымшамен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 141 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
372-1-қосымша
602 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттігі)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 222 729 мың теңге (екі жүз жиырма екі миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары; «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысы; «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекелестікті қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен қалыптастыру және жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және дағдыны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с № № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарла- маны) іске асыру жөніндегі іс-ша- ралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Бәсекелестік- ті қорғау са- ласындағы уәкілетті ор- ганның қызме- тін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Бәсекелестікті дамыту және мо- нополистік қыз- метті шектеу са- ласындағы мемле- кеттік саясатты әзірлеу және іске асыру. Олар қаржылық қызмет- терді ұсынуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қос- пағанда, бәсеке- лестікті қорғау және монополис- тік қызметті шектеу саласын- дағы нормативтік құқықтық акті- лерді әзірлеу, бекіту. Мемлекеттік ор- гандардың бәсе- келестікті дамы- ту және монопо- листік қызметті шектеу жөніндегі қызметін үйлес- тіру. Олар қаржылық қызметтерді ұсы- нуы кезіндегі қаржылық ұйым- дарды қоспаған- да, тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие на- рық субъектіле- рінің Мемлекеттік ті- зілімін жүргізу. Олар қаржылық қызметтерді ұсы- нуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда, тауар нарығының жай-күйін, онда- ғы бәсекелестік- тің деңгейін зерделеу және оның негізінде монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жө- нінде шаралар әзірлеу. Олар қаржылық қызметтерді ұсы- нуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда, тиі- сті тауар нарық- тарында үстем (монополиялық) жағдайға ие на- рық субъектіле- рін анықтау мақ- сатында талдау жүргізу. Қазақстан Рес- публикасының мо- нополияға қарсы заңнамасының сақталуына мем- лекеттік бақы- лауды жүзеге асыру. Олар қаржылық қызметтерді ұсы- нуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда, эко- номикалық шоғыр- лануға бақылауды жүзеге асыру | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Бә- секелес- тікті қорғау агенттігі (Монопо- лияға қарсы агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық ор- гандардың ап- параттары | Олар қаржылық қызметтерді ұсы- нуы кезіндегі қаржылық ұйымда- рды қоспағанда, тиісті тауар на- рығында үстем (монополиялық) жағдайға ие на- рық субъектіле- рінің Мемлекет- тік тізілімін жүргізу. Олар қаржылық қызмет- терді ұсынуы ке- зіндегі қаржы ұйымдарын қоспа- ғанда, тауар на- рығының жай-күй- ін, ондағы бәсе- келестіктің дең- гейін зерделеу және оның негі- зінде монополис- тік қызметтің алдын алу, шек- теу және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлеу. Олар қаржылық қызметтерді ұсынуы кезінде- гі қаржы ұйымда- рын қоспағанда, тиісті тауар нарықтарында үстем (монопо- лиялық) жағдай- ға ие нарық субъектілерін анықтау мақса- тында талдау жүргізу. Қазақстан Рес- публикасының монополияға қар- сы заңнамасының сақталуына мем- лекеттік бақы- лауды жүзеге асыру. Олар қаржылық қызметтерді ұсы- нуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда, эко- номикалық шоғыр- лануға бақылау- ды жүзеге асыру | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Бә- секелес- тікті қорғау агенттігі (Монопо- лияға қарсы агенттігі) |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілер- дің білікті- лігін арттыру | Мемлекеттік тілін оқыту | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Бә- секелес- тікті қорғау агенттігі (Монопо- лияға қарсы агенттігі) |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Орталық аппарат пен оның аумақ- тық бөлімшелерін материалдық-тех- никалық жарақ- тандыру | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Бә- секелес- тікті қорғау агенттігі (Монопо- лияға қарсы агенттігі) |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мем- лекеттік ор- гандарды ақ- параттық-тех- никалық қам- тамасыз ету | Техникалық құ- ралдарды, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшек- терді сатып алу; Интернет желісі- не ену қызмет- терін сатып алу; есептеу техника- сының құралдары- на қызмет көр- сету; ақпараттық жүйелерді және веб-сайтты сүйе- мелдеу; лицен- зиялық бағдарла- малық өнімдерді сатып алу | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Бә- секелес- тікті қорғау агенттігі (Монопо- лияға қарсы агенттігі) |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Бәсекелестікті қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру;
2) тауар нарықтарын зерттеу;
3) кемінде 50 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің кемінде 35 адамын оқыту;
4) орталық аппарат және оның аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру;
5) Агенттікті материалдық-техникалық жарақтандыру;
6) техникалық құралдарды,, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу.
Түпкі нәтиже: тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін, тауар нарықтары құрылымдарының көрсеткіштерін айқындау, тауар нарығына кіру және шығу кедергілерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 25 000 теңгені құрайды, саны 30 бірлік жиһазды сатып алу, саны 6 бірлік көшіру-көбейту аппараттарын сатып алу, құрал-жабдықты ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ДЭЕМ алдын алу шаралары.
Уақытылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес уақтылы орындау.
Сапасы: бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандыру.