2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысуы
Мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:
дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады;
спорт медицинасы мен емдік дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады;
халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.
15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау
1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткізу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының ережелерiне, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай болуға тиiс.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді)
15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.
3-тарау. Спортты ұйымдастыру және дамыту
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеу
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғары дәрежедегі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері жөніндегі бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі спортшыларын даярлау келісім-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Спорт қызметi туралы келісім-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келісім-шартты жасасу мен бұзу талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келісім-шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар мен мiндеттер болуы мүмкiн.
17-бап. Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары
1. Қосымша білім беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құрылады.
2. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады.
18-бап. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында қатысу мақсатында құрылады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Спорттың әр түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер конкурстық негiзде құрады. Спорт принциптерiн сақтай отырып, алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамаған, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган жыл сайын бекітіп отырады.
19-бап. Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келісім-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар.
2. Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртібі және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келісiм-шарттар жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделi заңды тұлғалармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келісім-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Спорт резервін даярлау
1. Спорт резервін даярлау оқу-жаттығу процесі кезеңінде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығу процесі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:
1) спорттық-сауықтыру;
2) бастапқы даярлық;
3) оқу-жаттығу;
4) спорт шеберлігін жетілдіру;
5) жоғары спорт шеберлігі.
2. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.
3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер мен құралдар
1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бірлестіктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
2. алынып тасталды
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-1 баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Спорттық сыныптама
1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген біліктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген біліктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.
2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:
1) спорттық атақтар:
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы;
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы;
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
Қазақстан Республикасының спорт шеберi;
2) спорттық разрядтар:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;
1-разрядты спортшы;
2-разрядты спортшы;
3-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.
3. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
біліктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.
4. Жаттықтырушыларға мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.
5. Спорт төрешілеріне мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
ұлттық спорт төрешiсi;
бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
спорт төрешiсi.
4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22-2-баппен толықтырылды
22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді;
2) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді;
3) республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді;
4) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді;
5) Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;
4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
10) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызмет көрсетумен байланысты спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;
16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;
17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртібін айқындайды.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) спорт түрлері бойынша жарыстардың ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-1-бап өзгертілді
23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөніндегі құзыретi
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;
12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етедi;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, спорт түрлері бойынша жергілікті қоғамдық бірлестіктердің қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің қызметін қамтамасыз етеді.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерінде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер
1. Қазақстан Республикасында спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.
2. Спорттың әрбір түрі бойынша тек бір республикалық қоғамдық бірлестік аккредиттелуі мүмкін, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.
3. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, лицензиялауға жатады.
2. 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)