280-бап. Акциз ставкалары
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
2. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.
3. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.
4. Акциз сомасын есептеу былайша жүргізіледі:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 279-бабының 1)-4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтыла тұру кезеңінде акциздердің ставкалары қолданылады 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 21-бабына сәйкес
| Рет № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
| | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 2207-ден | 80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медицина мекемелеріне берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/ литр |
| 2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 1,0 теңге/литр |
| 3. | 2208-ден | 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 100% спирт 750 теңге/ литр |
| 4. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 60 теңге/ литр |
| 5. | 2208-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 100% спирт 75 теңге/ литр |
| 5-1. | 3003,3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім | 100 % спирт 500 теңге/литр |
| 6. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа) | 100% спирт 500 теңге/ литр |
| 7. | 2208 | Коньяк, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) | 100% спирт 325 теңге/ литр |
| 8 | 2208 | Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди | 100% спирт 170 теңге/ литр |
| 9 | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 35 теңге/ литр |
| 10 | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа) | 170 теңге/ литр |
| 11 | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы | 20 теңге/ литр |
| 12 | 2203 00 | Сыра | 26 теңге/ литр |
| 13 | 2202 90 100 1 | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 процентттен аспайтын сыра | 0 теңге/ литр |
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 21 бабына сәйкес 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 14-18 жолдарының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
| 14 | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 1000 теңге/ 1000 дана |
| 15 | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 600 теңге/ 1000 дана |
| 16 | 2402-ден | Сигариллдер | 1200 теңге/ 1000 дана |
| 17 | 2402-ден | Сигарлар | 95 теңге/ дана |
| 18 | 2403-тен | Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі | 1220 теңге/ килограмм |
| 19 | 2709 00-ден | Шикі мұнай, газ конденсаты | 0 теңге/ тонна |
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 20 -жол жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
| 20 | 8702 тен | микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары | 100 теңге/текше см. |
| | 8703 тен | двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа) | |
| | 8704 тен | двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа) | |
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
| Рет № | | 1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен) |
| | | Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0- 2710 11590 0) | Дизель отыны (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы | 4500 | 540 |
| 2 | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы | 0 | 0 |
| 3 | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы | 5000 | 600 |
| 4 | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы | 500 | 60 |
| 5 | Импорт | 4500 | 540 |
Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М = ————————— , мұнда:
1000
М - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;
0,730 - бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемiнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М = ————————— , мұнда:
1000
М - өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;
0,769 - дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
39-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН
ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
281-бап. Салық салу объектісі
1. Мыналар:
1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізуі;
акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;
алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.
2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
1) егер осы Кодекстің 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;
2) этил спирті мен алкогол өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі:
өндірушінің аталған өнімді өндіру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін;
тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 653-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.
282-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізатын есепке қабылдаған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауы тиіс.
Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асқан жағдайда осы Кодекстің 280-бабында көзделген ставкалар бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ оның уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысанда және мерзімде орындалуын ұсынады.
4. Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетін өнім, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін өнімді (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 283-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
283-бап. Салық базасы
Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі (саны) ретінде айқындалады.
284-бап. Әртүрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне және шарап материалына салық салу ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне және шарап материалына әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі және шарап материалы үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеуді спирт пен шарап материалын алушы жүргізеді.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік және фармацевтік препартаттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшін сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдік және фармацевтік препараттарды шығарушылар мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушілер болып табылады.
285-бап. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.
Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының, (қасиетінің) оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетін өнімнің бүлінуі деп түсініледі;
2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетін өнімнің жоғалуы деп түсініледі.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.
286-бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізінде жүргізіледі.
2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.
287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудадаөткізуге жатқызу өлшемдері
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;
2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және дара кәсіпкерлерге олардың өндірістік мұқтаждары үшін өткізу;
2) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
3) өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады
288-бап. Акцизделетін тауарлар экспортын растау
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу кезінде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына операция жасалған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетін тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар жүктің кедендік декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді.
Акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар жүктің толық кедендік декларациясы экспортты растау болып табылады;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелерін табыс етеді.
Акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесімен әкеткен жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген жүктің кедендік декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Акцизделетін тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу осы баптың 1, 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткізу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін осы тарауда белгіленген тәртіппен акциз салынуға жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген акциздер сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.
289-бап. Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 290-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
290-бап. Салық базасын түзету
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.
Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету осы Кодекстің 276-23-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
291-бап. Салықтан шегерім жасау
1. Салық төлеушінің осы Кодекстің 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгіленген шегерімдерге азайтуға құқығы бар.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
3. Мыналар:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.
4. Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізінде есептелген акциз сомасына шегерім жасалады.