Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы
№ 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 1190 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; |
Ибрашев Кенжебек Ниязұлы | - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша); |
«Ерғожин Дәулет Еділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерғожин Дәулет Еділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы»;
көрсетілген құрамнан Кәрібай Тілеубергенұлы Әбілезов, Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин шығарылсын;
2) «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысында:
қаулымен құрылған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; |
Бәкіров Дархан Әбдіманапұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің бас сарапшысы; |
мына:
«Мұқай Ерлан Баққожаұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы» |
деген жолда «бөлімінің» деген сөз «басқармасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Құралбай Нұсқабайұлы Әлкеев, Дәулетияр Сахидоллаұлы Сейтімбетов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |