2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
653-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органдары акцизделетін тауарларды өндірушілердің, импорттаушылардың, банкрот мүлкін (активтерін) өткізуші конкурстық және оңалтушы басқарушылардың борышкердің мүлкін өткізген кезде осы бапта айқындалған акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына өткізу тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік постылар белгілеу арқылы акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асырады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылады (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279-бабының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.
3. Таңбалауды акцизделетін тауарлар өндірушілер мен импорттаушылар, конкурстық және оңалтушы басқарушылар борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде жүзеге асырады.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;
2) Қазақстан Республикасы аумағына «бажсыз сауда дүкені», «кеден қоймасы» кедендік режимдерінде әкелінетін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акциздік әкелу нормалары шегінде Қазақстан Республикасының аумағына жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдары акциздік таңбалармен міндетті таңбалануға жатпайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін өнімдерді тиісті таңбалаусыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге тыйым салынады.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау екі жылда бір реттен аспайтындай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы бапқа сәйкес:
1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өткізу пункттері арқылы акцизделетін тауарларды өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
6-тармақтың 4) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
5) акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Салық органдары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіретін салық төлеушінің аумағында акциз постыларын орнатады.
Жекелеген жағдайларда акциздік постылар алкоголь өнімін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатылады.
8. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес салық органы айқындайды.
Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі.
10. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:
1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сатып алушыда тиісті қызмет түріне лицензияның болуына;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) импортталған акцизделетін тауарлардың есепке қабылдануына;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне және (немесе) босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;
4) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылады (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне;
6) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.
11. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңмасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-тексеруге;
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.
12. Акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13. Есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы, оның ішінде кеден одағы шеңберінде өткізілуіне бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық және кеден органдары жүзеге асырады.
654-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау
Салық қызметі органдары мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.
655-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі
пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау
1. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
2. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары, осы Кодекстің 89-тарауында белгіленген тәртіппен мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтардың және жер салығының, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметін тексеру түрiнде бақылауды жүзеге асырады.
Салық қызметі органдарының уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тексеруді тағайындау туралы шешімі уәкілетті органдардың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады, шешім мынадай деректемелерді:
1) шешімнің салық қызметі органдарында тіркелген күні мен нөмірін;
2) тексерілетін уәкілетті мемлекеттік органның толық атауын және сәйкестендіру нөмірін;
3) тексеру тағайындау негіздемесін;
4) тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес бақылау жүргізуге тартылған басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);
5) тексеру жүргізу мерзімін;
6) тексерілетін кезеңді;
7) басқа міндетті төлемнің түрін;
8) шешімді алғаны және онымен танысқаны туралы уәкілетті мемлекеттік органның белгісін қамтиды.
Аталған шешім тексеру басталғанға дейін тексеру тағайындау туралы актілерді статистикалық есепке алу және бақылау органында мемлекеттік тіркелуге тиіс.
2. Тексеру тағайындау туралы шешімде көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкілетті мемлекеттік органдар тексеруге қатысушылар болып табылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық қызметі органдарына бақылау жасау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуына, салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының салық салу объектілерін зерттеп-тексеруге кіруіне жәрдем жасайды.
Бұл ретте уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруі басқа міндетті төлемнің бір түрі сияқты бірнеше түрі бойынша бір мезгілде жүргізілуі мүмкін.
3. Тексеру жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы шешім тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеруді тағайындаған салық қызметі органы көрсетілген мерзімді елу жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
4. Тексеру жүргізу мерзімінің барысы уәкілетті мемлекеттік органға салық қызметі органының құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен уәкілетті мемлекеттік органның тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күні арасындағы, сондай-ақ салық қызметі органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады
5. Тексеру мерзімін тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық қызметі органдары тексеру мерзімін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы уәкілетті мемлекеттік органды тоқтата тұру (қайта бастау) күндерін және тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
6. Тексеру аяқталған кезде салық қызметі органының лауазымды адамы:
1) тексеру жүзеге асырылған жерді, бақылау актісі жасалған күнді;
2) салық қызметі органының атауын;
3) тексеруді жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
4) уәкілетті мемлекеттік органның толық атауын және сәйкестендіру нөмірін;
5) уәкілетті мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
6) олардың келісімімен және қатысуымен тексеру жүргізілген уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
7) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
8) жүргізілген тексеру нәтижелерін көрсете отырып бақылау актісін жасайды.
7. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
Салық қызметі органының уәкілетті мемлекеттік органға оның бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы қағаз жеткізгіште жіберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрі - талап) болып танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Талапта: уәкілетті органның толық атауы;
сәйкестендіру нөмірі; талапты жіберу үшін негіз;
талап жіберілген күн; уәкілетті орган бюджетке өндіріп алуға жататын сома көрсетіледі.
Талап тексеру жүргізілетін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысына (бірінші басшының орнындағы адамға) бақылау актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке қолын қойғызып не талаптың жіберілгенін және оны алғанын растайтын өзге тәсілмен жіберілуге тиіс.
Талапты уәкілетті мемлекеттік орган оны табыс еткен (алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
Бақылаудың нәтижесі бойынша анықталған салық берешегі сомаларын өндіріп алуды басқа міндетті төлемдердің бюджетке есептелуінің, толық өндіріліп алуының және дер кезінде аударылуының дұрыстығы үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
9. Уәкілетті мемлекеттік органдар басқа міндетті төлемдердің бюджетке есептелуінің, толық өндіріліп алуының және дер кезінде аударылуының дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
92-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕК
657-бап. Салық төлеушілерге көмек
Салық қызметі органдары:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 20 бабына сәйкес 657-баптың 2) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша электронды төлем құжатын түзе отырып, салық есептілігін электронды түрде табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 3) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
3) салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжаттың дайындығының жай-күйін қарауға оған қол жеткізу үшін терминалдар желісін құру және дамыту;
4) салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 5) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
5) салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеу үшін орталықтардың желісін құру және дамыту;
6) салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 7) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.
658-бап. Салық заңнамасын насихаттау
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.
2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы жүзеге асырады.
659-бап. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін тегін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру
1. Салық қызметі органы электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді салық төлеушіге (салық агентіне) тегін негізде береді.
2. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олар салық органына келіп жүгінген кезде және (немесе) оны салық қызметі органдарының сайтында орналастыру арқылы электрондық ақпарат жеткізгіштерінде берілуі мүмкін.
3. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім оған бағдарламалық қамтымды орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 659-баптың 4-тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
4. Бағдарламалық қамтамасыз етілім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің электрондық төлем құжатын қалыптастыру үшін мүмкіндік береді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 660-баптың күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін терминалдар желісін дамыту
1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сұрау салынған құжаттың:
салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманың;
салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме жазбаның дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуді ұсыну үшін терминалдар желісін дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізу салық органдарында орнатылған терминалдар арқылы беріледі.
3. Терминалдарға қол жеткізу жұмыс күндері жүргізіледі.
661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету
Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 662-баптың күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
662-бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар
1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының1) және 5) тармақшаларында көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар желісін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Аталған орталықтардың көмек көрсетуі бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) салық органына келіп жүгінген кезде тікелей көрсетіледі.
3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырау соғу тегін негізде жүргізіледі.
4. Орталықтар жұмыс күндері жұмыс істейді.
663-бап. Салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сайт арқылы ақпаратты тегін негізде алуына көмектеседі.
2. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша көмек көрсету салық қызметі органдарының сайттарында ақпараттық және нұсқаулық материалдарын орналастыру жолымен жүргізіледі.
3. Салық қызметі органдарының сайттары тәулік бойына демалыс және мереке күндерінде де жұмыс істейді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 664-баптың күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету
1. Салық қызметі органдары мынадай операцияларды жасауға:
1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды;
2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды;
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін деректемелерімен бірге төлем құжатын алуға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсетеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар қоғамдық жерлерде орналастырылған және салық қызметі органдарымен, банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен байланысы бар банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүргізіледі.
665-бап. Салық қызметі органдарының салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі
Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты:
1) салық органдарының офистерінде;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады.
21-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ
САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ)
ШАҒЫМ ЖАСАУ
93-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізеді.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.
667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртібімен - салық қызметi органдары шағымды алған күн;