Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау және оның бұдан әрі дамуының техникалық саясатын әзірлеу; ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес «Байқоңыр» кешені активтерінің жүйелік есебі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ғарыштық бағдарламаларды іске асыру барысында «Байқоңыр» кешенінің құрылымын және ғарыш айлағы объектілерін ұстауға арналған шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді; «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген объектілерін пайдалану кезінде келтірілген залалды қалпына келтіру жөнінде ресей тарабының алдына мәселелерді негіздеп қоюға және «Байқоңыр» ғарыш айлағы инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту үшін қаржылық құралдар сатып алуға мүмкіндік береді.
Уақытылығы: зерттеу жұмыстарының нәтижелері қазіргі уақытта әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін 2020 жылға дейін дамыту» Мемлекеттік бағдарламасына негіз болады; «Байқоңыр» кешені объектілерін сақтау және пайдалану жағдайларын Қазақстан Республикасы жағынан бақылау тәртібі туралы 1995 жылғы 18 тамыздағы Келісімге сәйкес «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүліктерін кезекті түгендеу 2007 жылы, ал кейінгісі тек 2011 жылы өтеді.
Сапа: «Байқоңыр» ғарыш айлағы жер үсті инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру үшін ақпараттық негіз алу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»29 мамырдағы
№ 438 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-6-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
008 - «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12045 мың теңге (он екі миллион қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; «Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр« кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі | Қазақстан Республи- касының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешені объектілері- нің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекемені ұстау. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Байқоңыр- баланс» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешені мүлкінің сақталуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 718,1 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес.
Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және «Байқоңыр» кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу.