7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi туралы оларды хабардар ету;
8) жастардың тұрғылықты жерi бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуiн ұйымдастыру, соның ішiнде жасөспiрiмдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегi басқа да функциялар;
9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік жастар саясатын iске асыру үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтiк қызметтердiң жастарға арнап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметi шеңберiнде көрсететiн әлеуметтiк қызмет көpceтулеpi тегiн ұсынылады.
16-бaп. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми негіздеу
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, денсаулығын сақтауға, бiлім алуға, әлеуметтiк қызметке, кәсiптiк бағдар алуға, жұмысқа орналасуға, демалуға, әлеуметтiк оңалуға, жас отбасыларын қолдауға құқықтарын іске асыру мүмкiндiктерi туралы, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық нысандары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы басқа да құқықтарды iске асыру туралы жастарды хабардар ету жөніндегі қызметтi жүзеге асырады.
Бұл мақсатта жастарға арналған ақпараттық жүйелердi, ақпарат орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет көрсетудi кеңейту үшiн жағдайлар қамтамасыз етiледi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар жастарды, жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспарланатын және жүзеге асырылатын iс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге мiндеттi.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер ұйымдастырады. Аталған зерттеулер ұзақ мерзiмдік негiзде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясасаты саласындағы мемлекеттік және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу кезiнде ескерiлетiн мiндеттi шарт болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы зерттеулердің нәтижелерi негiзiнде уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс етедi және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде тиiстi шешiмдер қабылдау үшiн қарайды.
17-бап. Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешiмдердi қабылдау тәртібі жастардың тiршiлiгiн, білім алуы мен тәрбиесiн, дене тәрбиесiн, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшiн мұндай шешiмдердi қабылдаудың салдарын тиiстi мемлекеттік органның немесе органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі iс-шараларды көздейдi.
3. Мемлекеттік меншiк мүлкi болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлiк (соның iшiнде жер учаскелерi, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдық) аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдаланылуы мүмкiн.
Егер туындаған мән-жайларға байланысты аталған мүлiктi жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкiн болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешiмдi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiсiнiң шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.
4. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жастар ұйымдарына үйлердi, ғимараттарды және олардың жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де мүлiктi өтеусiз пайдалануға беруге құқылы.
5. Жастарға арналған мемлекеттiң меншiгіндегі әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеу тәртібі, оны материалдық және қаржылай қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
18-бап. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
19-бaп. Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану
Осы Заң күшiне енген кезде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бір жыл iшiнде соған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 6-баптың 5) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ ССР-iнің Заңы (Қазақ CCP Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 28, 377-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат);
2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң «Қазақ CCP-індегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақ CCP Заңын күшiне енгізу туралы» 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 28, 378-құжат).
Қазақстан Республикасының