1) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Тәрбиелік ықпал ету шаралары
1. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін:
1) заңды түсіндіру;
2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
2. Кәмелетке толмаған балаға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді.
4. Кәмелетке толмаған бала осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган, егер осы Кодекстің 703-бабының 1-тармағында белгіленген ескіру мерзімі өтпеген болса, бұл шараның күшін жою және кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.»;
2)111-бапта:
бірінші бөлікте:
«ескерту жасауға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«беске дейінгі» деген сөздер «бестен онға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «айлық есептік көрсеткіштің алтыдан онға дейінгі» деген сөздер «жиырма айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 115-баптың бірінші бөлігіндегі «айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі» деген сөздер «елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 115-1-баппен толықтырылсын:
«115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдарды сату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды не материалдарды сату -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 336-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі -
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктегі «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын»;
6) 541-баптың 1-1-бөлігінің 2) тармақшасында:
«115,» деген цифрлардан кейін «115-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«327 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «336 (1-1-бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацындағы «336 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «336 (1-1 және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
541-баптың 14) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;».
6. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жасы он сегізге толмаған адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға тыйым салынады.».
7. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «заң актілеріне», «заң актілерінде», «заң актілерімен» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында», «заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспе «құқықтары мен» деген сөздерден кейін «заңды» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
2) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар - бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
4) баланы әлеуметтік оңалту - бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
5) баланың әлеуметтік бейімделуі - өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
6) баланың заңды өкілдері - ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
7) баланы экономикалық жағынан қанау - бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі;
8) жетім бала - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
9) қамқоршылық - он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
10) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар - мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
12) мүгедек бала - тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;
13) патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;
14) өмірде қиын ахуалға тап болған балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылады.»;
4) 4-баптың 2-тармағындағы «Некеден және некесіз туған» деген сөздер «Некеден де және некесіз де туған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.».
6) 8-баптың 5-тармағы «және» деген сөзден кейін «дене бітімі мен психикасының» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.»;
8) 14-бапта:
2-тармақтағы «мекемелердегі» деген сөздер «ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген балалардың тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.»;
9) 16-бапта:
3-тармақтағы «балалармен» деген сөз «қызметкерлермен» деген сөзбен, «еңбек қатынастарының» деген сөздер «олардың еңбегін реттеудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.»;
10) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
Әрбір баланың экономикалық қанаудан қорғалуға құқығы бар.»;
11) 21-баптағы «ата-анасын» деген сөздер «ата-анасын және басқа да жақын туыстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.»;
13) 23-баптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14) 27-бапта:
1-тармақтағы «қорғаншы немесе қамқоршы белгіленеді» деген сөздер «қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аға-інілері және апа-сіңлілері бар балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, олардың бірге тұруы үшін жағдай жасалады.»;
15) 29-баптың 5-тармағының екінші сөйлемі «Ата-анасынан кәмелетке толғанға дейін айрылған жетім балаларға» деген сөздерден кейін «және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 39-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау»;
17) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Баланы жезөкшеліктен қорғау
Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
18) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан дамуына зиян келтіретін өнімдер айналымына тарту іс-әрекеттерінен қорғау
Баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
19) 7-тарау мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:
«41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.»;
20) 42-бап алып тасталсын;
21) 45-бапта:
тақырыптағы «шешудің сот» деген сөздер «шешу» деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтінде:
«жөніндегі іс-шараларды» деген сөздер «жөніндегі қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«іс-шараларды жүзеге асырушы» деген сөздер «өзге де қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңдарында» деген сөз «заңында» деген сөзбен ауыстырылсын;
22) 46-баптағы «ресми басылымда» деген сөздер «ресми баспа басылымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 50-баптың 2-тармағындағы «Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамауы,» деген сөздер «Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) міндеттерін орындаудан жалтаруы, сондай-ақ міндеттерін тиісінше орындамауы,» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 6-баптың 6) тармақшасындағы «мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған адамдарға арналған арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен» деген сөздер «арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен» деген сөздер «арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат: № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат):
1) 13-бапта:
4-тармақ «сот» деген сөздің алдынан «арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «белгіленген мерзімі» деген сөздер «белгіленген мерзімін» деген сөздермен, «жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.» деген сөздер «арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот ұзартуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады.»;
2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мынадай жағдайларда, егер олар:
1) оларға қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға кауіпті әрекетті қайтадан жасаса;
2) орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 81-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, орналастырылады.
3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынысты ішкі істер органдары аталған кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы немесе оны қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар оларды сотқа жіберу алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады.
Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды.
5. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұстауға:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - сот қаулысы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - сот үкімі негіз болып табылады.
Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы негізінде сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін осы шараны қолдануды бұдан былай қажет етпейді деген қорытындыға келген болса, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
7. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен, тек қана мынадай:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білім алу немесе кәсіби даярлығын аяқтау қажет болған жағдайда, бірақ ол кәмелетке толғанға дейін;
2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
8. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
9. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
10. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:
1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз еркімен кетіп қалуын шектеуді, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерін, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын тексеріп қарауды қамтитын кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді;
2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз еркімен кетіп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан онда болу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және онымен жеке профилактикалық жұмысты одан әрі жүргізудің, оның жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын жасауға көмек көрсетудің қажеттілігі туралы ұсынысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жібереді.
12. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
13. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, олардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстаудың шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекіткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
14. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.»;
3) 19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «жасаған» деген сөзден кейін «, әкімшілік жауаптылықтан немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 19-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;».
2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Құрамында қылмыс белгілері бар, қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған балалар мен жасөспірімдерді арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберудің тәртібі туралы» 1993 жылғы 18 қазандағы Қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 17, 425-құжат).
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 23-і.
№ 354-ІV ҚРЗ