12. Бюджетке артық төленген өсімпұлдардың сомасы мынадай тәртіппен:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересіні;
салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлды өтеу есебіне;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:
салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша бересіні;
салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша өсімпұлды;
салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша айыппұлды;
егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне есепке жатқызылады.
13. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде артық төленген салық сомасы, төлемақысы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
14. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
15. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген салық, төлемақы сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
16. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 600-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу
Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы артық төленген салықтың, төлемақының, өсімпұлдың сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Осы кодексті енгізу туралы 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 25 бабын қара
601-бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
1. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қате сомалар бойынша салықтық өтініш);
2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - банк өтініші) бойынша;
3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін- қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негізге сүйене отырып, қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
3. Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген салық қызметі органына ұсынылады.
4. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
1) төлем құжатында:
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;
2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған;
3) ақша жіберуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;
4) ақша жіберуші - салық төлеуші осы салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сомалар салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомалары болып табылады.
5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателерді растаған жағдайда осы салық органы:
1) қате төленген сомаларды тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;
2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.
6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.
7. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда осы салық органы осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделеген негіздер бойынша салық төлеушіге қателердің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
8. Салық төлеуші (салық агенті) төлем құжаттарында сәйкестік нөмірін дұрыс көрсетпеген кезде салық органы салықтық өтініші негізінде қате сомалар бойынша салық төлеушіге қате төленген сомаларды оның төлем құжатында көрсетілген банктегі шотына қайтаруды жүргізеді.
602-бап. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы баптағыдан өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
3. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
5. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының қорытындысы негізінде салық берешегі болмаған кезде ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотына жүргізіледі. Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
6. Салық төлеушінің, аталған тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын қайтару жүргізілмейді.
7. Салық органы салықтың, төлемақының артық төленген сомасын қайтаруға арналған салықтық өтініш бойынша есепке қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны қайтару жүргізілген күні салық төлеушінің қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.
603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару
1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін қайтару (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі - қосылған құн салығының асып кетуі) осы бапта көзделген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығын қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша жүргізіледі.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кетуі салық органының қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруға қорытынды жасау күніне және кейінгі салық кезеңдері үшін декларацияларда көрсетілген, бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген декларацияда салық кезеңінің соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиіс
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің салық берешегi болмаған жағдайда оның банк шотына орналасқан жері бойынша осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
4. Салық органы қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есебіне жазады. Мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген осындай асып кетуге қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есебіне жазылады.
5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
604-бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару
1. Осы Кодекстің ерекше бөлімімен көзделген негіздер бойынша:
1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке төленген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.
2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы осы Кодекстің 599-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына осы Кодекстің 275-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде оның банктік шотына жүргізеді.
605-бап. Айыппұлдың төленген сомасын қайтару
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Айыппұлдың күшін жоюы немесе айыппұл сомасының өзгеруі салдарынан оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге берілген салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы;
2) айыппұл төлеуді растайтын құжат;
3) оның негізінде заңсыз айыппұл салынған соттың немесе жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл сомасын өзгерту туралы немесе әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою туралы актісі;
4) айыппұлдың заңсыз салынғанын растайтын өзге де құжаттар.
2. Салық төлеуші айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті төлеу орны бойынша - салық органына айыппұл сомасы бюджетке есепке жатқызылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салу туралы қаулы бойынша бес жылдан кешіктірмей береді.
3. Төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті табыс еткен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес айыппұл сомаларын есепке алу бойынша бюджет сыныптамасының кодына келіп түскен төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) айыппұл сомасын қайтаруға өтініш берген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) осы соманың төленгенін растайтын құжат;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алуды жүзеге асыратын органның келіп түскен айыппұл сомасын қайтаруға өтініш шеңберінде тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісінің жоқтығын растайтын құжаты.
606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару
Осы Кодекстің 601-602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
84-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ
ЖАРНАЛАРЫН ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ, ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА
607-бап. Жалпы ережелер
Салық қызметі органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
2. Хабарлама түрлері төменде аталған түрлермен шектеледі және олар салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай мерзімдерде:
1) осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы - есептеу күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы - осы Кодекстің 638-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруі актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы - тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы - осы Кодексте белгіленген оны тапсыру мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
5) салық берешегін өтеу туралы - осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы - өндіріп алуға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей;
7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
8) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы - салық қызметі органының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
3. Хабарламада:
1) сәйкестендіру нөмірі;
2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;
3) салық қызметі органының атауы;
4) хабарлама күні;
5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы - осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;
7) хабарлама жіберу үшін негіз;
8) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
4. Осы Кодекстiң 608-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда, салық органдары осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiн салық төлеушiге (салық агентiне) жiбередi.
Осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшiн салық төлеушi (салық агентi) салық органдарына жүгiнуге құқылы»;
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 608-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) өзiнiң қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
Бұл ретте, төменде тiзбеленген тәсiлдердiң бiреуiмен жiберiлген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде - салық қызметi органы хабарламаны жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылды деп есептеледi. Бұл тәсiл осы Кодекстiң 572-бабында белгiленген тәртiппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген салық төлеушiге қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Егер осы баптың 1-2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізу күні осындай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.