2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 425-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған немесе жеңiлдiкті тәртiпті бұза отырып кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын оңайлатылған немесе жеңiлдiкті тәртiпті бұза отырып, жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізуi, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің кедендік шекара арқылы оңайлатылған немесе жеңілдікпен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын міндетті жазбаша декларациялау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізу тәртібін сақтамау, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 425-1-баппен толықтырылды
425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерінде өткізу тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық почта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге -жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 426-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 426-бап өзгертілді
426-бап. Кеден бақылауына соқпай кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткізу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылауға соқпай кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу, яғни тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындардан тыс жерде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткізу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының екі жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 427-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 427-бап өзгертілді
427-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, соның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онысыз, сондай-ақ құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен заттарды жасырып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 428-бап өзгертілді
428-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын алдап пайдаланып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткізу
Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар, дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру арқылы кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткізу, сондай-ақ сәйкестендiрудiң қолдан жасалған құралдарын не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты ұқсастыру құралдарын пайдалану, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 429-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 429-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 429-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
429-бап. Тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдер мен салық төлеуден босату үшін немесе олардың мөлшерін төмендету үшін негіз болатын дұрыс емес мәліметтерді мәлімдеуі және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді мәлімдемеуі -
жеке тұлғаға - қырық, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жүз, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 430-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 430-бап өзгертілді
430-бап. Кеден ережелерiн бұза отырып, кеден одағының кеден аумағына әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету
1. Кеден одағының кеден аумағына кеден бақылауына соқпай не осындай бақылаудан жасырын, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдаланумен, әкелiнген, не декларацияланбаған немесе жалған декларацияланған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету, сол сияқты басқаларға қарағанда өзге мақсатпен оларға осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын немесе иелiктен айырылатын, кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде оларға кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және иемденiп алу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 431-бап өзгертілді
431-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтар бөлiгiнде оларға қатысты кедендiк жеңiлдiктер берілген және (немесе) шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану мен билiк ету тәртібін бұзу
Кеден органының рұқсатынсыз басқаларға қарағанда өзге мақсатпен осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берілген және (немесе) шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және билiк ету, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
432-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 433-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер
Қазақстан Республикасының кеден органына - төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесiз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 434-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 434-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 434-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімдерін бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кеден баждары мен салықтарды төлеуден босатудың берілуі байланысты болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды мерзімдік төлеуді көздейтін кеден рәсімдеріне тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны табыс ету мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеу -
кеден өкілдері тізілімінен алып тастала отырып, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға орындалмаған салық міндеттемесі сомасының елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 434-1-баппен толықтырылды
434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талаптарын орындамау
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының талаптарын орындамауы -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 435-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
435-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн, салықтарды және өсімпұлдарды өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 436-бап өзгертілді
436-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 437-бап өзгертілді
437-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 438-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
438-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік декларациялауды, кедендік тексеріп қарауды, кеден декларацияларын тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті өзге де талаптарды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың орындамауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 26-тарау 438-1-баппен толықтырылды
438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын орындамау
Тұлғалардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде орындамауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
27-тарау. Көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 439-бап өзгертілді
439-бап. Темір жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу
1. Темір жол арқылы күш көлiгiмен өту, мал айдап өту, темір жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темір жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Темір жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру, -
бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленбеген жерлерде темір жол арқылы өту, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сегізден онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 440-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
440-бап. Темір жол көлiгi құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу
1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды өз бетiнше тоқтату, -
бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 440-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
440-1-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
1. Теміржол жылжымалы құрамын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану, —
жеке тұлғаларға — екі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —
жеке тұлғаларға — бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
441-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру
Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын, атап айтқанда, темір жол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 442-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
442-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзу
1. Әуе кемелерiнiң ұшуы, зымырандарды ұшыру, атыстың барлық түрлерiн өткізу, жарылыс жасау жұмыстары кезiнде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердi көтеруге, жылжытуға немесе түсiруге байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзу, -
құқық бұзушылықты жасаудың құралы болған затты өтемiн төлеп алып қоя отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасаудың құралы болған затты тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 443-бап өзгертілді
443-бап. Ұшу қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу
1. Аэродром аумағында аэродромдарды ажырата бiлу үшiн қолданылған таңбалау белгiлерi мен қондырғыларына ұқсас қандай да бiр белгiлер мен қондырғыларды орналастыру немесе әуежай, аэродром әкiмшiлiгiнiң рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу, немесе әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн қауiптi құстардың жаппай жиналуына жағдай жасайтын объектiлер салу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнгi және күндiзгi таңбалау белгiлерiн орналастыру туралы ережелердi орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аэродром жабдықтарын, аэродром белгiлерiн, әуе кемелерiн және олардың жабдықтарын бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тиiстi рұқсатсыз әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), аэродромдардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектiлерiнiң аумағы арқылы жаяу жүрiп немесе көлiкпен өту, -
бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жолаушының әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ұшудың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай тудырса, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
444-бап. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу
1. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Адамды мас күйiнде әуе кемесiн басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
445-бап. Адамның мас күйiнде әуе кемесiн басқаруы
1. Адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде әуе кемесiн басқаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
446-бап. Әуе кемесіндегі мiнез-құлық ережесін бұзу
1. Әуе кемесіндегі адамның кеме командирiнiң өкімін орындамауы, егер бұл адамның әрекетi ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрмесе, -
ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе кемесiнiң бортынан суретке түсiру, кино және бейнетүсiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ радио байланысы құралдарын пайдалану, -
ескерту жасауға немесе таспа мен кассеталарды, радио байланысы құралдарын тәркiлей отырып, не онысыз, бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.