9. Сүтті және сүт өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде
оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 50-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
50. Сүт және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірге сақтауға тыйым салынады.
Сүт және сүт өнімдерін сақтау өнімнің сақталуы ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормаларымен және осы техникалық регламентпен белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес қамтамасыз етілетін шарттарда жарамдылық мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
51. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау кезінде олардың ластануы мен бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін шарттар сақталуы тиіс.
Сүт консервілерін, құрғақ және қоюлатылған сүт өнімдерін қоспағанда, сүт және сүт өнімдері тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тасымалдануы тиіс.
Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары (суық емес изотермиялық шанақтар, тоңазытылатын шанақтар, рефрижераторлар) пайдаланылуы тиіс.
Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау, сақтау шарттары бұзылған кезде, сүт және сүт өнімдері нәтижелері бойынша олардың одан әрі пайдаланылуы айқындалатын ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.
Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдаған кезде, олардың шыққан жерін, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен сақтау мерзімін растайтын құжаттар ілесе жүреді.
10. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жарату кезінде олардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
52. Мынадай:
1) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмеген;
2) сапасыздықтың анық белгілері болған;
3) олардың шыққан жерін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (дайындаушының) немесе берушінің құжаттарының болмауы;
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметті қамтитын таңбасының болмауы;
5) жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен;
6) ауру тудыру және таралу немесе адамдар мен жануарларды уландыру қаупін, адам мен жануарлардың денсаулығына және өміріне қатер төндіретін әрі қоршаған ортаны ластау қаупін тудыру себептері бойынша сапасыз және қауіпті деп танылған сүт және сүт өнімдері кәдеге жаратуға жатады.
53. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жаратуды өндіруші (дайындаушы) немесе сүтті және сүт өнімдерін сатушы оларды бастапқы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын кез-келген техникалық қол жететін және сенімді тәсілмен санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды міндетті түрде сақтай отырып жүзеге асырады.
11. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түюге (ыдыстарға) және таңбалау
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
54. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын буып-түю және мамандандырылған барлық көлік түрлерінің сүт өнімдерімен жанасуы үшін белгіленген тәртіппен рұқсаты болуы тиіс.
Орама тығыз жабылуы және кез-келген ластану мүмкіндігін болдырмауы, белгіленген сақтау және (немесе) жарамдылық кепілдігі берілген мерзімдері бойы тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнімдердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Көп мәрте қолданылатын орама (ыдыс) берік және (немесе) жөндеуге келетіндей болуы, жеңіл тазалануы әрі залалсыздандырылуы тиіс.
Орама (ыдыс) немесе буып-түйілген сүт және сүт өнімдерін ашқан және (немесе) оралған өнімді алу кезінде, оның ішінде немесе тұтынушылардың белгілі бір санаттары (балалар, зейнеткерлер, мүгедектер) үшін ғана қиындықтар немесе ықтимал қауіп тудыратын жағдайларда мыналарға:
1) орамада (ыдыста) орналастырылған ашылуы бойынша түсінікке қол жеткізу үшін нұсқаулықтың болуына;
2) егер ораманы (ыдысты) тек қолдың көмегімен ашу мүмкіндігі болмаса, қосымша құралдардың болуына;
3) буып-түйілген сүтті және сүт өнімдерін қауіпсіз ашу мүмкіндігіне назар аудару қажет.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 55-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
55. Сүт және сүт өнімдерін таңбалау «Орауға, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына, сондай-ақ осы бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.
Сатылатын сүт және (немесе) сүт өнімдері, оның ішінде өнеркәсіптік емес сүт өнімдері, осы өнімдердің өндірілген орны (мекен-жайы), олардың атаулары және өндірілген күні, сүтті міндетті қайнату қажеттігі туралы тұтынушылар үшін ақпаратпен сүйемелденуі тиіс.
«Сүт» деген атау және сүт өнімдерін белгілеу үшін қолданылатын атаулар бірде бір элемент ауыстырыла алмайтын немесе сүттің қандай да бір компонентті алмастыру мақсаттары жоқ немесе осы өнімге арналған сипаттағы пайдаланылатын мөлшер немесе тигізетін әсердің негізгі бөлігі сүт және сүт өнімдері болып табылатын күрделі өнімдерді белгілеу үшін бір немесе бірнеше терминдермен бірге қолданыла алады.
Қолданыстағы нормативтік құжатқа сәйкес өнімнің нақты түрі сүт өнімінің атауы, оның ерекше қасиеттері, физикалық жай-күйі немесе арнайы өңдеу (бар болғанда), сүт компоненттері мен сүтке жатпайтын шикізаттың құрамы немесе ашытқы құрамы туралы ақпаратпен сүйемелденуі тиіс.
Құрамында сүті бар және ашытылған өнімдерді таңбалау кезінде олардың атауларында «құрамында сүті бар» деген ұғым немесе «ашытылған» деген ұғым мысалы, «айран», «йогурт», «қаймақ», «сүзбе» және т.б. сияқты өнімдерді өндеу технологиясын сипаттайтын ұғымдармен ауыстырылады.
Құрғақ сүт өнімдерін ішінара қолдану туралы ақпарат, қалыпқа келтіру мақсатында құрғақ сүт өнімдерін пайдалану жағдайларын қоспағанда, дайын өнімнің компоненттері туралы ақпаратпен бірге «Құрғақ сүт (кілегей, сарысу) қолдану арқылы жасалған» деген жазу түрінде орналастырылады.
Орамның (ыдыстың) затбелгілерінде «сүт» деген сөздің алдында немесе осы сөзден кейін сүт алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі (сиыр сүтін қоспағанда), егер сүт өнімі қоюлатылған немесе қойытылған сүттен немесе табиғи құрғақ сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен өндірілген жағдайда «қалпына келтірілген» деген сөздер де көрсетіледі.
Майдың массалық үлесі бөлігінде құрамында сүті бар өнімдер үшін тағам құндылығы туралы ақпаратта май фазасындағы сүт майының пайызбен массалық үлесі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 56-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
56. Сүт және сүт өнімдерін таңбалау кезінде мыналарға:
1) құрамдас сүт өнімдері, сүт немесе сүт өнімдері немесе болып табылмайтын өнімдердің атауларында осы техникалық регламентте белгіленген ұғымдарды, оның ішінде осындай өнімдерді таңбалау кезінде өндірушілердің фирмалық атауларында, олардың затбелгілерінде тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда сол атаулардың құрамына кіретін сөздерді, әр түрлі тіркестерді пайдалануға;
2) «сүт» немесе «табиғи сүт» деген ұғымдарды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, қалпына келтірілген сүтті таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда пайдалануға;
3) «май» деген ұғымды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, май пасталарын және сары май-өсімдік спредін таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда қолдануға;
4) «қорытылған май» деген ұғымды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, қорытылған сары май-өсімдік қоспаларын таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда қолдануға;
5) «сүт», «сары май», «пломбир» деген ұғымдарды, құрамында өсімдік майы бар балмұздақты таңбалағанда қолдануға жол берілмейді.
12. Сәйкестік презумпциясы
57. Осы техникалық регламенттің негізгі техникалық (елеулі) талаптарын қанағаттандыратын шарттар үйлестірілген стандарттарды қолдану болып табылады.
Сүт және сүт өнімдері осы техникалық регламентке және үйлестірілген стандарттарға сәйкестігі жағдайында стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттар бойынша өндірілуі (дайындалуы) мүмкін.
13. Сәйкестікті растау
58. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
59. Дайын сүт өнімдерінің міндетті түрдегі сертификациясының техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сүт өнімдерін өндірушімен (дайындаушымен) шарт негізінде сәйкестікті растау жөніндегі тіркелген орган жүзеге асырады.
60. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сүт өнімдерін өндірушіге (дайындаушыға) сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификатымен расталады. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі 3 жылдан аспайды.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
61. Сәйкестігі техникалық регламент талаптарымен расталған дайын сүт өнімі сәйкестік белгісімен таңбаланады. Тауарлық белгімен (егер бар болса) таңбалауды сүт өнімдерін өндіруші (дайындаушы) өзіне қолайлы кез келген тәсілмен дербес жүзеге асырады.
62. Сәйкестікті міндетті түрде растау жөніндегі тізбеге енбей қалған дайын сүт өнімі сүт өнімін өндірушінің (дайындаушының) қалауы бойынша еркін түрде сертификаттауға жіберілуі мүмкін.
Шетел мемлекеті берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде таныған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.
14. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 63-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
63. Осы техникалық регламентпен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, үйлестірілген стандарттардың тізбесін (дәлелдеу базасы) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
64. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алынып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
65. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алынып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
15. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
66. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
67. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттама оларды осы техникалық регламентке сәйкес келтіргенге дейін, осы техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 1-қосымша алынып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Техникалық регламенттің қолданысына енетін өнім
түрлерінің тізбесі
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 2-қосымша алынып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Үйлестірілген стандарттар тізілімі