2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.»;
3) мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық
бөлімшелері — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.».
5. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 58-жолда 5-бағандағы «Фармация комитеті» деген сөздер «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау ережесін және қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 348-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау ережесінде:
2-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацындағы «Фармация комитеті» деген сөздер «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.