Егер өнім мөлшері бойынша калибрленген болса, жемістің не диаметрі, не тиісінше «ұсақ», «орташа», «ірі» деген сөздер көрсетіледі.
Жеміс-көкөніс консервілерін таңбалау кезінде шартты белгілер түріндегі ақпарат орамда: затбелгісінде, қақпағында, түбінде орналастырылады.
26-6. Жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес оның дайындаушысы белгілейді.
26-7. Дайындаушы белгілеген сақтау және тасымалдау шарттары жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімі ішінде осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тазаланбаған, кесілмеген немесе өңделмеген картопты қоса алғанда, жаңадан піскен жемістер мен көкөністерге жарамдылық мерзімін көрсету талап етілмейді.»;
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтау және тасымалдау»
27, 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ұзақ сақталуы арнайы жеміс-көкөніс сақтау орындарында, тоңазытқыштарда, дайын өнім қоймаларында жүзеге асырылады.
Өнім оның жағдайын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болатындай етіп орналастырылады. Жаңа піскен жемістер, көкөністер, тамыржемістер үшін желдету мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет.
Жеміс, көкөніс, тамыржемістердің әрбір сортына, түріне өзінің сақтау режимдері (қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылық) қолданылады.
28. Жеміс, көкөніс, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ластану қатерін барынша азайту шартымен, олар көлік құралдарында және (немесе) контейнерлерде орналастыруға және сақтауға жатады.
Жеміс-көкөніс өнімдерімен бірге басқа тамақ өнімдерін немесе өзге жүктерді бір уақытта тасымалдау үшін көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді пайдалану кезінде жаңа піскен және қайта өңделген жеміс-көкөніс өнімдерінің жанасуына, ластануына және органолептикалық ерекшелігінің өзгеруіне жол бермейтін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары және (немесе) контейнерлер немесе сыйымдылықтар осындай өнімдердің қажетті температурасын сақтап тұру үшін тиісті түрде жабдықталады.
Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған көлік құралдары мен үй-жайлар үнемі механикалық тазалаудан, жуудан және қажет болған кезде дезинфекциядан өткізіледі.»;
6, 9, 10-бөлімдер алынып тасталсын;
Техникалық регламентке 1-қосымшадағы мына:
«
0601 | Пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар, түйнекті пияздар, бұтақталғандарды қоса алғанда, вегетативтік тыныштықтағы, вегетация немесе гүлдену жағдайындағы тамыр сабақтары; 1212-тауар позициясындағы тамырлардан басқа, өсімдіктер және шашыратқының тамырлары: |
0601 10 | - вегетативтік тыныштық жағдайындағы бұтақталғандарды қоса алғанда, пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар, түйнекті пияздар: |
0601 10 100 0 | - - гиацинттер |
0601 10 200 0 | - - нарцистер |
0601 10 300 0 | - - қызғалдақтар |
0601 10 400 0 | - - гладиолустар |
0601 10 900 0 | - - өзгелері |
0601 20 | - пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар, түйнекті пияздар, бұтақталғандарды қоса алғанда, вегетативтік тыныштықтағы немесе гүлдену жағдайындағы тамыр сабақтары, өсімдіктер және шашыратқының тамырлары: |
0601 20 100 0 | - - өсімдіктер және шашыратқының тамырлары |
0601 20 300 0 | - - орхидеялар, гиацинттер, нарцистер және қызғалдақтар |
0601 20 900 0 | - - өзгелері |
0602 | Өзге де тірі өсімдіктер (олардың тамырларын қоса алғанда), қаламшалар немесе сұлатпа бұтақтар; саңырауқұлақтың жіпшумағы: |
0602 10 | - тамырланбаған қаламшалар мен сұлатпа бұтақтар: |
0602 10 100 0 | - - жүзімнің |
0602 10 900 0 | - - өзгелері |
0602 20 | - телінген немесе телінбеген, жеуге жарайтын жемістер немесе жаңғақтар беретін ағаштар, бұталар және бұташықтар: |
0602 20 100 0 | - - тамырланбаған қаламшалар мен сұлатпа бұтақтар |
0602 20 900 0 | - - өзгелері |
0602 30 000 0 | - телінген немесе телінбеген |
0602 40 | - телінген немесе телінбеген раушандар: |
0602 40 100 0 | - - телінбеген немесе қаламшаланған |
0602 40 900 0 | - - телінген немесе қаламшаланған |
0602 90 | - өзгелері: |
0602 90 100 0 | - - саңырауқұлақтың жіпшумағы |
0602 90 200 0 | - - ананас өсімдіктері |
0602 90 300 0 | - - көкөніс дақылдарының өсімдіктері, бүлдірген және құлпынай |
| - - өзгелері: |
| - - - ашық топыраққа арналған өсімдіктер: |
| - - - - ағаштар, бұталар және бұташықтар: |
0602 90 410 0 | - - - - - орман ағаштары |
| - - - - - өзгелері: |
0602 90 450 0 | - - - - - - тамырланған қаламшалар және жас өсімдіктер |
0602 90 490 0 | - - - - - - өзгелері |
| - - - - ашық топыраққа арналған өзге де өсімдіктер: |
0602 90 510 0 | - - - - - көпжылдық өсімдіктер |
0602 90 590 0 | - - - - - өзгелері |
| - - - қорғалған топыраққа арналған өсімдіктер: |
0602 90 700 0 | - - - - кактустарды қоспағанда, тамырланған қаламшалар және жас өсімдіктер |
| - - - - өзгелері: |
0602 90 910 0 | - - - - - кактустарды қоспағанда, гүлшанақтар немесе гүлі бар гүлдейтін өсімдіктер |
0602 90 990 0 | - - - - - өзгелері: |
»
деген жолдар алынып тасталсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2119 қаулысына
қосымша
«Жемістер, көкөністер,
түйнекжемістілер мен оларды
қайта өңдеу өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық
регламентіне 3-қосымша
Көкөністер сыныптамасы
Көкөністер сыныбы екі кіші сыныпқа бөлінеді: вегетативтік және жемісті көкөністер. Вегетативтік көкөністерде тамаққа өсімдіктердің вегетативті органдары пайданылады: тамырлары, түйнектері, сабақтары, гүл шоғырлары, жапырақтары; жемісті көкөністерде - жемісі ғана қолданылады.
Кіші сыныбы |
Вегетативтік көкөністер | Жемісті көкөністер |
Тобы | Түрі | Тобы | Түрі |
Түйнек жемістілер | картоп, топинамбур (жер алмұрты), батат (тәтті картоп) | Қызанақты көкөністер | кызанақтар, баялдылар, бұрыш, қанжапырақ |
Тамыр жемістілер | сәбіз, қызылша, шалғам, шомыр, шалқан, ақжелкен, балдыркөк, ботташық, тарна | Асқабақ көкөністер | қияр, патиссондар, кәдіш, қарбыз, қауын, асқабақ |
Қырыққабат көкөністер | Ақ қауданды және қызыл қауданды қырыққабат, савайлық, броколли, брюссельдік, кольраби, түрлі-түсті, қытайлық, пекиндік қырықкабат | Дәнді-бұршақты дақылдар | көкөністік ас бұршақ, үрме бұршақ, атбас бұршақ, қант жүгерісі, вигна |
Пиязды көкөністер | Пияз, сарымсақ, көк пияз (порей, батун, шалот, шнитт, слизун, хош иісті, көп қабатты) | | |
Салатты-саумалдық көкөністер | салат, саумалдық, қымыздық, мангольд, кресс-салат | | |
Татымды көкөністер | аскөк, тасшөп (тимьян), эстрагон, кориандр, насыбайгүл, зере, ақжелкек. | | |
Десерттік көкөністер | рауғаш, қасқыржем, бөрікгүл | | |