Хабаровск өлкесінде - Ванинск, Николаевск, Советско-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советско-Гаваны қалаларында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Сахалин облысында - Сахалин аралында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында - 1980 жылғы 1 қарашадан бастап.
Қырғызстан Республикасы
Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетіөгіз аудандарында, Ош облысының Алай және Кеңес аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Ош облысының Тоғыз тарау ауданында, Москва және Панфилов аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Тәжікстан Республикасы
Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Москва және Пархар аудандарында, Қорғантөбе облысының Жилікөл, Кабоден, Құманғыр, Пяньан және Шаартуз аудандарында, Яван ауданының Яван поселкесінде; Ленинабад облысы Чкалов халық депутаттары қалалық Кеңесінің Табошар поселкесінде; халық депутаттары Нүрек қалалық Кеңесінің Пастакон поселкесінде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап (Душанбе қаласын қоспағанда).
Түркіменстан Республикасы
Мары облысында, Чарджоу облысының Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және халық депутаттарының Чарджоу қалалық Кеңесінің Нефтазаводск поселкесінде, Ашғабат, Бахарден, Геок-Тепе, Гаур, Қаах, Серах және Теджен аудандарында, Ашғабат облысындағы Тедмен қаласында, Красноводск облысында, Байрам-Әли, Векиль-Базар, Ислотан, Қарақұм, Кушка, Мари, Мұғаб, Тахта-Базар аудандарында, Мары облысындағы Байрам-Әли және Мары қалаларында (Ашғабат қаласын қоспағанда) - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Өзбекстан Республикасы
Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашқадария облысындағы Мүбәракта, Самарқан облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының халық депутаттары Зарафшан қалалық Кеңесінің поселкелерін және халық депутаттары Үшқұдық қалалық Кеңесінің Көкпетас поселкесінде, Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабад аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Қазақстан Республикасының, Түркіменстан Республикасының және Әзірбайжан Республикасының әкімшілік бағыныстарындағы Арал теңізінің, сондай-ақ Каспий теңізінің аралдарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырып өзгертілді
№ 2 қосымша
Қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдікті жағдайларда еңбек
сіңірген жылдарына есептелетін офицерлер құрамындағы адамдардың,
прапорщиктердің, мичмандар мен мерзімінен тыс қызметтің әскери
қызметшілерінің, ішкі істер, қаржы полициясы, Әділет министрлігінің
қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы
құрамы адамдарының
ТіЗБЕСі
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен тақырып өзгертілді
1. Офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзімінен тыс қызметтің әскери қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына байланысты есептелсін:
бір айы бір жарым айға:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікелей қосындық қызмет атқаратын жедел құрамына, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет атқаратындарға;
барлаушы әйелдерге - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы белгілейтін шарттар мен мерзімдердегі бөлімшелер мен лауазымдар тізбесі бойынша.
2. Осы Ереженің 3-ші тармағында көрсетілген қызмет кезеңдерінен басқа, офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзімінен тыс әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау үшін қызмет еңбек сіңірген жылдарына бір айы екі айға, сондай-ақ мына қызметі:
атом суасты қайықтарында, қосымша атом энергетикалық қондырғыларымен жабдықталған дизельді суасты қайықтарында және арнайы энергетикалық қондырғылары бар суасты қайықтарында (оның ішінде екінші экипаждардың және жасалынып жатқан атом суасты крейсерлерінің және атом сүңгуір қайықтары экипаждарының құрамында).
Бұл ретте қосымша атом энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атом крейсерлеріндегі, атом суасты қайықтарындағы және дизельді суасты қайықтарындағы қызмет экипажды оқу орталығында оқытудан бастап жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, ал оқытылуға жатпаған әскери қызметшілерге - суасты крейсерінің (қайықтың) 1 реактор жұмысының басталуынан есептеледі. Тұйық цикл бойынша жұмыс істейтін булы-газды турбиналық қондырғылар мен дизельді суасты қайықтарындағы қызметі олардың сапта болған кезеңінен жеңілдікті жағдайда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, ал аталған энергетикалық қондырғылармен жасалып жатқан қайықтарда зауытта жүру сынағынан бастап есептеледі. Атом суасты крейсерлеріне (екінші экипаждарын және жасалып жатқан крейсерлер экипаждарын қосқанда) қызмет көрсеткен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің айрықша бөлімдері офицерлерінің қызметі 1977 жылғы 24 наурыздан нақ осындай ретпен жеңілдікті жағдайларда есептеледі;
Ескерту.
1. Егер әскери қызметші оқу орталығында оқығаннан кейін реакторды жүргізілмеген атом крейсерінде немесе атом сүңгуір қайығында қызмет етуге жіберген болса бұл корабльдердегі қызметтің кезеңі реактор жұмыс істеген күннен бастап жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарға есептеледі
ауыр атомдық суасты крейсерлерінің техникалық экипаждары құрамында, атом крейсерлік және үлкен атомдық суасты қайықтарының және атомдық терең су қабатындағы стансалардың (салынып жатқандарын қосқанда) аталған корабльдер мен стансаларда нақты қызмет атқарған уақыты үшін - 1981 жылғы 13 қарашадан басталған кезеңге есептеледі. Бұл ретте салынып жатқан ауыр атомдық суасты крейсерлеріне, крейсерлік атом және үлкен атомдық суасты қайықтарына және атомдық терең су қабатындағы стансаларға қызмет ететін техникалық экипаждар құрамындағы қызмет еңбек сіңірген жылдарына корабль (станса) реакторы жұмыс істей бастаған күннен бұрын емес жеңілдікті жағдайда есептеледі, ал 705-ші жобадағы атом суасты қайықтарының техникалық экипаждары құрамындағы қызмет - 1970 жылғы 14 қыркүйектен бұрын емес ретте есептеледі.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Ереженің 4-тармағында аталған қызмет кезеңдерінен басқа, ішкі істер, қаржы полициясы, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына жеңілдік жағдайлар:
1) қызметінің бір айы бір жарым айға: ішкі істер органдарының барлаушы әйелдеріне - ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі белгілеген лауазымдар тізбесі бойынша және шарттармен 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап:
2) қызметінің бір айы 1,25 айға:
ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының барлаушы әйелдеріне - ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі белгілеген лауазымдар тізбесі бойынша және шарттармен 1965 жылғы 1 қыркүйектен 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 26 тамыздағы
№ 803 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ
1. "Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамның адамдары мен олардың отбасыларына қызмет өткерген жылдарын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 мамырдағы № 429 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 мамырдағы № 429 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 қарашадағы № 1258 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 18, 153-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-бап).