21) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген және азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді
22) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификаты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, азаматтық әуе кемесiнiң тиісті ұшуға жарамдылық нормаларында көзделген конструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
23) апатқа ұшыраған әуе кемесі - жермен жүрген, ұшып көтерілген, қонған немесе құлаған кезде қатты зақымданған немесе толық қираған әуе кемесі, сондай-ақ әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі түрде қонған әуе кемесі;
24) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесі - өзіне немесе бортындағы адамдарға тікелей қауіп төнген не онымен радиобайланысы үзілген және қай жерде екені белгісіз әуе кемесі;
25) аса маңызды ұшу - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын әуемен тасымалдау кезінде әуе кемелерінің ұшуына, сондай-ақ олардың ұшатын маршруттарына (рейстеріне) беретін мәртебе;
26) аэроклуб - әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде пайдаланатын және осы Заңда көзделген жағдайларда жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың қызметін қамтамасыз ететін заңды тұлға;
27) аэронавигациялық ақпарат - әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
28) аэронавигациялық ақпарат құжаты - ұшуды орындау, әуе кемесіне қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару үшін елеулі маңызы бар ақпаратты қамтитын, белгіленген тәртіппен бекітілген және жарияланған құжат;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 28-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс, навигация және байқау жүйелерін ұсынуды, ұшуларды метеорологиялық жағынан және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет.
Бұл қызмет көрсету түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшудың барлық кезеңдерінде (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) ұсынылады;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші - әуе қозғалысының ұйымдастырылуын және (немесе) басқа да аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты - аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
29-2) әділ мәдениет - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, авиация персоналы және азаматтық авиация саласындағы өзге де жұмыскерлер азаматтық авиация саласындағы қателіктер немесе теріс қылықтар туралы хабарлайтын және жасалған қателіктер немесе теріс қылықтар үшін жауаптылықта болмайтын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 29-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
29-3) әзірлеуші мемлекет - әуе кемесі типінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе бұрандасының конструкциясына жауапты ұйымға қатысты юрисдикциясы бар мемлекет;
30) әуеайлақ - жер немесе су бетінің толықтай немесе ішінара әуе кемелерінің келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір учаскесі (ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда);
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31) тармақша өзгертілді
31) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жарамдылығының сертификаты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
32) әуеайлақ маңындағы аумақ - әуеайлақтың бақылау нүктесінде орналасқан орталығы және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын радиусы бар жер бетіндегі аумақ;
33) әуеайлақтық метеорологиялық орган - әуеайлақта орналасқан, әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған қызмет;
34) әуеайлақтық қозғалыс - әуе кемелері мен көлік құралдарының әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы қозғалысы, сондай-ақ барлық әуе кемелерінің әуеайлақ аумағындағы ұшуы;
35) әуеайлақтың бақылау нүктесі - әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын нүкте;
36) әуежай - әуе кемелерiн қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн әуеайлағы, аэровокзалы, сондай-ақ басқа да қажетті құрылыстары мен жабдығы бар құрылыстар кешенi;
37) әуежай қызметi - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әуежайларда әуемен тасымалдауды, авиациялық жұмыстарды, ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асыратын қызметі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаты - әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) әуежайдың бақыланатын аймағы - оларға кіру бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
39-1) əуе кемелеріне арналған қосалқы бөлшектер - көлік құралының ажырамас құрамдастары болып табылатын, бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру мақсатында пайдаланылатын, ұшақтың жабдық болып табылмайтын бөлшектері, оның ішінде қозғалтқыштар жəне əуе бұрандалары;
40) әуе кемесi - жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әркеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
41) әуе кемесімен жалданушы - әуе кемесін жалдау (чартер) шартына сәйкес бір немесе бірнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау және басқа да мақсаттар үшiн бір әуе кемесiнiң (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлiгiн ақысын алып екiншi тарапқа (әуе кемесiн жалдаушыға) экипажымен қоса беретiн және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсететін әуемен тасымалдаушы;
42) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43) әуе кемесін жалдаушы - бір немесе бірнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшiн бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлiгiн экипажымен қоса өзінің пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесімен жалданушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы - азаматтық әуе кемесінің тип сертификатында немесе ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, әуе кемесінің рұқсат етілген ең жоғары ұшып көтерілу массасы;
45) әуе кемесiнiң ұшуы - әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;
46) әуе кеңістігін пайдалану режимі - әуе кеңістігін пайдалануды арнайы ұйымдастыруды талап ететін қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі құрылымының жекелеген элементтерін пайдаланудың уақытша тәртібі;
47) әуе қозғалысы - ұшып жүрген және әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы әуе кемелерінің қозғалысы;
48) әуе қозғалысына қызмет көрсету - әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аумақтық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы - әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпаратының орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
50) әуе қозғалысын басқару - ұшуды жоспарлаудың, үйлестірудің және қамтамасыз етудің кешенді процесі, әуе кемелерінің қозғалысын әуеде және жерде тікелей басқару, сондай-ақ ұшудың белгіленген режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау;
51) әуе қозғалысын басқару органы - өз құзыреті шегінде және өзі үшін белгіленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның әуе қозғалысын басқару орталығы немесе басқару пункті;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды
51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру - барлық тараптармен ынтымақтастықта құралдарды ұсыну және үздіксіз қызмет көрсету жолымен және борттағы және жерүсті функцияларын пайдалана отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе кеңістігін ұйымдастыру мен әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қоса алғанда, қауіпсіз, үнемді және тиімді түрде жүзеге асырылатын әуе қозғалысы мен әуе кеңістігін серпінді әрі интеграциялы ұйымдастыру;
52) әуемен тасымалдау - жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметi;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53) әуе трассасы - дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);
53-1) әуе кемесін жалдау (чартер) шарты - тасымалдау (әуе кемесін жалдау) шарты, ол бойынша жалға беруші (әуе кемесін жалға беруші) жалға алушыға (әуе кемесін жалдаушыға) жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшін бір әуе кемесінің (немесе бірнеше кемелердің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып уақытша иеленуге беруге және бір немесе бірнеше рейске пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызметтер көрсетуге міндетті;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды
53-2) борттағы өздігінен жазатын құрал - авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу үшін қосымша мәліметтер көзі ретінде әуе кемесінің бортында орналастырылатын кез келген өздігінен жазатын аспап;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 53-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
53-3) даярлаудың және бағалаудың құзыреттілік жүйесі - авиация персоналын даярлау және бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аудару, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 54) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54) жауапкершілік аймағы - әуе қозғалысына қызмет көрсететін орган немесе әуе қозғалысын басқару органы не пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органы өз функцияларын жүзеге асыратын белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 54-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 54-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-1) жерде қызмет көрсету - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтымайтын, әуе кемесі әуежайға (әуеайлаққа) келген немесе әуе кемесі әуежайдан (әуеайлақтан) жөнелтілген кезде қажетті қызмет көрсету;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 54-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
54-2) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші - әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
55) жолаушы - экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 55-1) тармақша жаңа редакцияда
55-1) инспекторлық нұсқама - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою үшін берген жеке сипаттағы акт;
56) кабиналық экипаж мүшесі - қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;
57) коммерциялық әуе тасымалы - заңды тұлғалардың жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдау шартына сәйкес азаматтық әуе кемелерімен ақысын төлеу немесе жалдау бойынша тасымалдау жөніндегі қызметі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды
57-1) кіру шектелген күзетілетін аймақ - әуежайдың бақыланатын аймағының ең жоғары тәуекел аймақтарымен айқындалған, қауіпсіздік мақсатында оларда кіруді бақылаудан өзге бақылаудың басқа да шаралары қолданылатын учаскелері;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 58) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргiзiлетiн құжат;
59) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi - Қазақстан Республикасының құрлықты және сулы аумағының үстіндегі, оның iшiнде аумақтық суларының үстіндегі әуе кеңiстiгi;
60) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмi - Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу жүргiзiлетiн құжат;
60-1) қайтарылмайтын өкілеттік - Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы соның пайдасына берілген жеке немесе заңды тұлғаның өкілеттігі;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 60-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
60-2) қалалық әуе мобильділігі - қалалардың және (немесе) оларға тікелей жақын аумақтардың үстіндегі бөлінген әуе кеңістігінде озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерімен әуе арқылы тасымалдау қызметін жүзеге асыруға байланысты озық әуе мобильділігінің бір түрі;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 60-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
60-3) қалалық әуе мобильділігін пайдаланушының сертификаты - пайдаланушының қалалық әуе мобильділігін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларына және оларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген белгіленген үлгідегі құжат;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 60-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
60-4) қалалық әуе мобильділігінің әуе кеңістігі аймағы - озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерімен әуе арқылы тасымалдау қызметі жүзеге асырылатын, қалалардың және (немесе) оларға тікелей жақын аумақтардың үстіндегі белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;
61) қауіпті аймақ - оның шегінде белгілі бір уақыт кезеңінде әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін қызмет жүзеге асырылуы мүмкін белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
61-1) қауіпті жүктер - адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 61-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
61-2) қашықтан сәйкестендіру жүйесі - ұшуды орындау процесінде пилотсыз әуе кемесі туралы ақпаратты жергілікті трансляциялауды қамтамасыз ететін жүйе;
62) қону алаңы - жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі;
63) қосалқы әуеайлақ - қону белгіленген әуеайлаққа бару немесе оған қону мүмкін болмаған немесе мақсатқа сәйкес болмаған жағдайда, әуе кемесі бара алатын әуеайлақ;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 63-1) тармақшамен толықтырылды
63-1) медициналық қарап-тексеру - авиациялық персоналдың ауруының болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздігін, жұмысқа шығатын ауысымындағы кәсіптік жарамдылығын айқындау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 63-2) тармақшамен толықтырылды
63-2) медициналық сертификат - медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіптік қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін, белгіленген үлгідегі құжат;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 63-3) тармақшамен толықтырылды
63-3) мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы - мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
64) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
65) метеорологиялық ақпарат - нақты немесе күтіліп отырған метеорологиялық жағдайларға қатысты, әуе кеңістігін пайдаланушыларға арналған метеорологиялық мәлімет, талдау, болжам және кез келген басқа хабарлама;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 65-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 65-1) тармақша өзгертілді
65-1) нұсқамалық материал - сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану, сондай-ақ сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерді әртүрлі деңгейлерге жатқызу мақсатында, процестер мен рәсімдердің сипаттамасын қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларына арналған құжат;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 65-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
65-2) озық әуе мобильділігі - озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелерімен әуе арқылы тасымалдау бойынша әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалануға бағытталған қызмет;
66) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 66-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-1) пилотсыз авиациялық жүйе - пилотсыз әуе кемесі және пилотсыз әуе кемесін әуе кеңістігінде қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті онымен байланысты (пилотсыз әуе кемесін басқаратын байланыс арналары мен құрамдастарды қоса алғанда) элементтер;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-2) пилотсыз авиациялық жүйелерге аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты - аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-3) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстінде белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігінің бір бөлігі, оның шегінде пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-4) пилотсыз әуе кемесі - дербес жұмыс істеуге және (немесе) бортында пилотсыз қашықтан басқаруға пайдаланылатын немесе арналған әуе кемесі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-5) пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету - пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органы пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймағында ұсынатын, пилотсыз авиациялық жүйелерді желілік сәйкестендіруді, әуе кеңістігінің шектеулері туралы және әуе қозғалысы, географиялық аймақтар мен операциялық жағдайлар туралы ақпаратты, пилотсыз авиациялық жүйелердің әуе кеңістігін пайдалануын келісуді қамтитын қызмет көрсету;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-6) пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органы - пилотсыз әуе кемелерінің ұшуы үшін әуе кеңістігі аймағында қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, пилотсыз авиациялық жүйелерге аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің органы;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-7) рейс мәртебесінің өзгеруі - маршруттың жоспарланған бағыттан өзгеруі, рейстің кідіруі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің орындалмауы немесе рейстің ұшу (ұшып келу) уақытына немесе маршрутқа әсер ететін өзге де өзгеріс;