3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
5) ақпараттық жұмыстар - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
6) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі - депозитке беру) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
8) ақпараттық жүйелердің аудиті - ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі;
9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
10) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
11) ақпараттық қызмет көрсету - пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
12) ақпараттық процестер - ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;
13) ақпараттық технологиялар - әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
14) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
15) ашық кілттер инфрақұрылымы - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
16) бағдарламалық өнім - ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, қағидалары мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;
17) дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) - жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер;
18) домендік атау - Интернет желісіндегі адрестеу ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желі объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін нышандық (әріптік-цифрлық) белгі;
19) интерактивтік қызмет көрсету - өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
20) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
21) интернет-ресурстың меншік иесі - интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
22) компьютерлік оқиға - ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар;
23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы - «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
24) құжатталған ақпарат - материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат;
25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар - мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеледі немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың меншік иесі не иемденушісі шектейді;
26) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
27) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын басқару және ұйымдастыру мақсаттарын іске асыруға арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желіден және мемлекеттік органдардың өздерінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын ақпараттық-коммуникациялық желілерден тұратын, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
28) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы -мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының аппараттық-бағдарламалық кешені бар және мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелеріне осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын байланыс қызметін көрсететін заңды тұлға;
29) пайдаланушы - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
30) транзакциялық қызмет көрсету - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
31) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегі ақпарат;
32) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші - аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
33) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
34) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иемдену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
35) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;
36) «электрондық әкімдік» - жергілікті атқарушы органдардың функцияларын оралымды және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде өңірлік мемлекеттік басқару жүйесі;
37) электрондық қызмет көрсету - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;
38) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, лауазымды адамдарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
39) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету;
40) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері - мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар;
41) «электрондық үкімет» - мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;
42) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы - «электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
43) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
44) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі - жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
45) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) иемденушілері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады;
46) «электрондық үкіметтің» шлюзі - электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.»;
2) 5-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторды, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторын айқындау;»;
16) тармақшадағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу ережелерін бекіту;
18) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеу;
19) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін бекіту;
20) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;
11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;
14) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
15) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегі нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, депозитарийге берілуінің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;
16) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
18) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
19) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
20) орталық мемлекеттік органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
21) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау;
22) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
23) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту;
24) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін әзірлеу;
25) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
26) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеуді айқындау, оны тіркеу, пайдалану және тарату тәртібін әзірлеу және бекіту;
27) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына интеграциялау үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;
28) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу ережелеріне сәйкес мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау;
29) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
30) ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз іс-әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иемденушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
4) 9-бапта:
4) тармақшадағы «енгізуді және» деген сөздер «енгізуді және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
5) 9-1-баптың 7) тармақшасы «мемлекеттік ақпараттық жүйелердің» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 2-тарау мынадай мазмұндағы 9-2 және 9-3-баптармен толықтырылсын:
«9-2-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы операторының өкілеттіктері
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:
1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады.
9-3-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының өкілеттіктері
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы:
1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдармен төлемақы талап ететін электрондық қызметтер көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
3) екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады.»;
7) 10-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.»;
8) 12-баптың 3-тармағы:
«сондай-ақ электрондық» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қалыптастыру үшін сатып алынатын немесе жасалатын бағдарламалық өнімдердің қазақ тілінде интерфейсі болуға тиіс.»;
9) 17-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер қазақ және орыс тілдерінде жасалады және сақталады. Осы жүйелердегі қазақ тіліндегі ақпараттың көлемі орыс тіліндегі ақпараттың көлемінен кем болмауға тиіс.»;
10) 25-баптың 9-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авторлық құқықтармен қорғалғандарынан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;
2) ақпараттық жүйелердің инсталляциялық пакеті;»;
11) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу жөніндегі шығыстарды ақпараттық жүйенің меншік иесі және (немесе) иемденушісі мен әзірлеушісі арасындағы келісілген шешім бойынша айқындалған тарап көтереді.»;
12) 28-баптың 2) тармақшасындағы «оның құрылымында тиісті мемлекеттік органдарға шарттық негізде қызмет көрсету үшін ақпараттандыру жөніндегі қызметтерді құру туралы» деген сөздер «тиісті инфрақұрылымды құру және дамыту кезінде ақпараттандыру саласында ұлттық оператордың шарттық негізде қызметтер көрсетуі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету
1. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетеді.
Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету олардың көрсетілу түрлері бойынша - ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық болып, автоматтандыру дәрежесі бойынша толық автоматтандырылған және ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету осы Заңға, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеуге және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындауға тиіс. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін құзыретіне электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін мемлекеттік органдар уәкілетті органның келісімімен бекітеді.
3. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алуға өтініші пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал салуы негізінде жүзеге асырылады.
4. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардан анықтамалар және мемлекеттік электрондық ресурстардан алуға болатын өзге де ақпаратты талап етуге жол берілмейді.
5. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.»;
14) 31-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;»;
6) тармақшадағы «инфрақұрылымы жатады.» деген сөздер «инфрақұрылымы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жатады.»;
15) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері ведомстволық желілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді.».