Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2010.19.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат):
16-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Азаматтың тұрғылықты жері және заңды мекенжайы»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болады.
Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып танылады.
Азаматтарды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.».
2 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат):
1) 146-баптың 1-бөлігінің 3) және 4) тармақшаларындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 150-баптың 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 236-баптың 4-бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтарындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
3 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 217-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «оның тіркеу нөмірін» деген сөздер және төртінші абзацындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірін» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 357-5-баппен толықтырылсын:
«357-5-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы
заңнамасын бұзу
1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері заңнамасын өзге де бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 541-баптың бірінші бөлігі «357-4,» деген цифрлардан кейін «357-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы «357-4,» деген цифрлардан кейін «357-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 651-баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
4 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
4. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168, 169-құжаттар; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат, № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 31-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 52-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «тіркеу нөмірлері» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 69-баптың 10-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 209-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сәйкестендіру нөмірі;»;
5) 235-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «салық төлеушінің тіркелу нөмірін» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 242-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 243-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 518-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәйкестендіру нөмірі туралы;»;
9) 520-бапта:
2-тармақ «салық төлеуші туралы мәліметтерді» деген сөздерден кейін «сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушінің куәлігі - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда оларға және осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5-1), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаларға, олар Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген кезінде берілетін және сәйкестендіру нөмірі қойылатын қатаң есептегі бланкі болып табылатын құжат.«;
10) 520-1-бапта:
1-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «салық төлеушінің тіркеу нөмірін бере отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Сәйкестендіру нөмірі салық төлеуші ұсынатын салық есептілігінің құжаттарында, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты өзге де құжаттарда көрсетілуге тиіс.
5. Сәйкестендіру нөмірін салық қызметі органдары салық төлеушіге жіберілетін оның салық міндеттемелеріне қатысты барлық құжаттарында көрсетуге тиіс.«;
11) 521-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 3), 5)-7) тармақшаларында көрсетілген адамдар салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші салық органына салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде, оған салық төлеушінің куәлігін бере отырып, жүзеге асырады.«;
12) 522-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік тіркеуден өту және салық төлеушінің мемлекеттік тіркеу нөмірін алу» деген сөздер «салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өту» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 523-бап алып тасталсын;
14) 524-бапта:
5-тармақтағы «салық төлеуші заңды тұлғаның тіркеу нөмірі» деген сөздер «заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салық төлеушінің куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 521, 522 және 524-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушінің бұрын берілген куәлігін жоя отырып, салық төлеушінің деректері өзгертілген куәлігін беруді жүзеге асырады.«;
11-тармақтағы «салық төлеушіге бұрын берілген тіркеу нөмірін» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 525-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «тіркеу нөмірі сақтала отырып» деген сөздер алып тасталсын;
16) 526-баптың 1), 2) және 3) тармақшаларындағы «салық төлеушінің тіркелу нөмірін», «салық төлеушінің тіркеу нөмірін» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 527-баптың 3-1-тармағындағы «520-1 және 523-баптарының» деген сөздер «520-1-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 528-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«528-бап. Салық төлеушінің тіркеу есебін жүзеге асыру
кезіндегі жауапкершілігi
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өту мерзімін бұзғаны үшін; салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелу және тіркеу есебіне қою кезінде табыс етілетін мәліметтердің растығы, сондай-ақ салық есептілігінде сәйкестендіру нөмірін қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар үшін жауаптылықта болады.»;
19) 530-баптың 5-тармағындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірін» деген сөздер «тұлғаның сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 536-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сәйкестендіру нөмірін;»;
21) 540-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «тіркеу нөмірін» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 541-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәйкестендіру нөмірі;»;
23) 554-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сәйкестендіру нөмірі;».
5 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
5. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 356-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «тіркеу нөмірлері» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 460-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сәйкестендіру нөмірі;».
6 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
6. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат):
32-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) сәйкестендіру нөмірі;».
7 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат):
1) 62-3-баптың 5-тармағының 4) тармақшасындағы және 14-тармағының 5) тармақшасындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
8 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
8. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж. № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «тіркеу нөмірін» деген сөздер «бизнес-сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
9. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
11-1-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
10 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
10. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат, № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) 1-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 18-баптың 2-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
4-1) тармақшадағы «әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі берілгенін растайтын құжаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-баптың 7-тармағындағы «әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 30-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
«әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орналасқан жері» деген сөздерден кейін «, бизнес-сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен толықтырылсын.
11 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
11. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат):
18-6-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «салық төлеуші -» деген сөздер алып тасталып, «тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
12 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
12. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
177-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «жынысы,» деген сөзден кейін «жеке сәйкестендіру нөмірі,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «жазбаға сәйкес» деген сөздерден кейін «жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын.
13 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
13. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 24, 149-құжат; 2005 ж., № 24, 121-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 15, 92-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
екінші абзац «және бизнес-сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац «мекен-жайы,» деген сөздер «мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі,» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН)» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 4-тармағындағы «әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті,» деген сөздер алып тасталсын.
14 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
14. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
39-баптың 3-тармағында:
3) тармақшадағы «кәсіпорны салық төлеушісінің атауы, тұрған жері мен тіркеу нөмірі» деген сөздер «кәсіпорнының атауы, орналасқан жері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «салық төлеуші», «салық төлеушінің» деген сөздер алып тасталып, «тіркеу нөмірі» деген сөздер тиісінше «бизнес-сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
15 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
15. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат):
15-баптың 2-тармағының төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын.
16 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
16. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
3-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «әлеуметтік жеке кодының нөмірін» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын.
17 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
17. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «әлеуметтік жеке код» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
18 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
18. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат):
28-3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
19 тармақ, қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
19. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат, 2006 ж., № 3, 22-құжат):