2. Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң кеден тәртібі қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңның қолданысқа енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының