3. Орман пайдалану осы Шартқа 3-қосымшада көрсетiлген көлем (мөлшер)
шегiнде жүзеге асырылады.
4. Орман пайдаланушыда қызметтiң: ________________________
лицензияланатын түрiн жүзеге асыруға лицензиясы (лицензиялары)
болады.
5. Орман пайдаланудың жыл сайынғы төлемақысы мемлекеттік орман
пайдаланушы салық заңнамасына сәйкес есептеген орман пайдаланудың рұқсат
етiлген көлемдерi негiзiнде айқындалады және оны Орман пайдаланушы
бюджетке аудару арқылы төлеп тұрады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
(Орман пайдаланушы мен Уәкiлеттi органның құқықтары мен мiндеттерi
орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзiрленедi)
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
10. Орман пайдаланушы орман пайдаланудың төлемақысын белгiленген
мерзiмде уақтылы енгiзбеген жағдайда Орман пайдаланушы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
11. Шарттың және орман заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн тараптар
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Дауларды қарау тәртібі
12. Осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын барлық даулар
келіссөз жүргiзу және қосымша келісімдер жасасу арқылы шешiледi. Тараптар
келiспеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
соттың қарауына жатады.
5. Өзге шарттар
13. Осы Шартта көрсетiлген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлiгi
болып табылады.
14. Осы шартқа енгiзілетiн барлық өзгерістер мен толықтырулар осы
Шарттың мәтiнiне қайшы келмеуге тиiс, жазбаша нысанда жасалып, оған
тараптар қол қоюға тиiс.
15. Осы Шарт қайта жасалуға жатады немесе оған кезектi немесе
кезектен тыс орман өсiрудi (аңшылықты) жайластыру жүргiзiлiп, ықтимал
орман пайдалану көлемдерi мен шарттары нақтыланғаннан кейiн өзгерістер
мен толықтырулар енгiзiлуi тиiс.
16. Осы Шартқа енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар тiркеушi
органда мемлекеттік тiркеуге жатады.
17. Осы Шарт 3 данада - Орман пайдаланушы мен Уәкiлеттi орган үшiн
бiр-бiр данада және бiр данасы тiркеушi органда сақтау үшiн жасалды.
Барлық 3 дананың заңдық күшi бiрдей.
6. Шарттың қолданылуы
18. Шарт ______ жылға жасалды және ол мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен бастап күшіне енеді.
7. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері
Уәкілетті орган Орман пайдаланушы
____________________ ____________________
(т.а.ә. (т.а.ә.
____________________ ____________________
заңды тұлғаның заңды тұлғаның
____________________ ____________________
толық атауы) толық атауы)
Орналасқан жері_____ Орналасқан жері____
____________________ ____________________
СТН_________________ СТН_________________
Е/шот_______________ Е/шот_______________
____________________ ____________________
(қолы) (қолы)
М.О М.О
____________________
____№_______тіркелді
Тіркелген күні 200__
ж.»_"_______________
М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 13 қаңтардағы
№ 32 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы уақытша ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 ақпандағы № 199 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 11, 105-құжат).
2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті аппаратының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы № 241 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 243-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 ақпандағы № 199 және 29 мамырдағы № 752 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 170-құжат).