Қазақстан Республикасының
Заңы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заңды іске асыру жөніндегі шаралары туралы ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 282-ө Өкімін қара
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1-бап. 2010 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін.
Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдерді дербес төлеушілер ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салық қызметі органдарына салық есептілігін жасау және табыс ету, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы осындай заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде асып кеткен қосылған құн салығы:
1) мыналарға:
шағын бизнес субъектілеріне;
шаруа және фермер қожалықтарына;
ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізетін салық төлеушіге;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге;
3) қосылған құн салығының асып кеткені тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеушіге қайтарылмайтыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3-бап. Электронды түрде салық есептілігін беру күні тоқтатыла тұру кезеңінде хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесі серверіне дейін салық есептілігін жеткізу туралы хабарлама күнінен есептеу белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 584-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Салық қызметі органдары хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесінің серверіне дейін салық есептілігі жеткізілген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 99-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:
1) тәуекелдi инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдi инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтiндi қоспағанда, дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алған банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
3) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өздерiнiң өтелген депозиттер мен төленген кепiлдiктi және өтемақы төлемдерi бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
8) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлесi бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табыс;
10) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
13) инвестициялық депозиттер түрiнде алынған ақшаны басқару процесiнде ислам банкi алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына жiберiлген және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетiн табыстар;
15) сот бекiткен, банктi қайта құрылымдау жоспарындағы қайта құрылымдалатын активтер мен мiндеттемелер тiзбесiне енгiзiлген банк мiндеттемелерiн кредитордың есептен шығаруынан түскен табыстар алып тасталуға жатады.
Осы тармақшаның ережелерi:
банк кредиторларының мүддесiн қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы заңнамасына сәйкес дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке, және (немесе) Қазақстан Республикасының резидент банкi болып табылатын осындай банктiң еншiлес ұйымына, және (немесе)
банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын дауыс беру құқығымен ұлттық басқарушы холдинг кепiлге қабылдаған банкке қолданылады.
16) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.»
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
3-2-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 133-бабы 2-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«2. Салық төлеушiнiң мынадай табыс түрлерiне:
1) негiзгi құралдардың, жылжымайтын мүлiкке инвестициялардың, биологиялық активтердiң қаржы лизингi бойынша сыйақыға;
2) осындай сыйақыны есептеу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыға;
3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыларға және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға;
4) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрiнде алынған және мақсатты пайдаланылған мүлiктiң құнына;
5) республикалық мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсiпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде өтеусiз негiзде алған негiзгi құралдардың құнына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар.
Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраған жағдайда, осы тармақша қолданылады;
7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға;
8) салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердi орындау есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке беруi кезіндегі тiркелген активтердiң шығып қалуынан түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көрсетiлген салық төлеушiлер мен мүлiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-3-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 3-3-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-3-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 248-бабының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi:
1) почта төлемақысының мемлекеттік белгiлерiн;
2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер көрсетудi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiктi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсiпорынға өтеусiз негiзде берiлетiн негiзгi құралдарды, жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтердi;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызметтер көрсетуiн, зираттар мен крематорийлердiң қызметтер көрсетуiн;
7) лотереяларды өткізу жөніндегі қызметтер көрсетудi қоспағанда, лотереялық билеттердi;
8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызметтер көрсетудi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетудi;
9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу» кеден режимiнде әкелiнген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызметтер көрсетудi;
10) осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсетудi, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстарды, қызметтер көрсетудi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi; техникалық және аэронавигациялық қызметтер көрсетудi, әуежай қызметiн, халықаралық рейстерге теңiз айлақтарындағы қызметтер көрсетудi;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетудi;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетiн тауарларды өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, көрсетiлетiн қызметтерiн;
14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетудi;
15) егер мәмiле шарттарында салық төлеушiнiң өткiзген тауарларының, жұмыстарының, қызметтерiнiң сапасына кепiлдiк беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәмiледе белгiленген кепiлдiк мерзiмi кезеңiнде, олардың қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiнiң құнын қоса алғанда, оларды өтеусiз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызметтер көрсетудi;
16) тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндiрiсi шикiзатынан дайындалған алтынды, платинаны;
17) осы Кодекстiң 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлерi бойынша қызметтер көрсетудi;
18) осы Кодекстiң 249 - 254-баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық iс-әрекеттердi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетудi;
20) мыналар:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретiн акцияларының 100 процентi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар төлемдiк, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Аталған заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;
21) бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимiне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.
Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік кепiлдiк жөніндегі мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердi орындау есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке беруi қосылған құн салығынан босатылады. Осы бөлiкте көрсетiлген салық төлеушiлер мен мүлiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
4-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлері:
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабы 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көздерінен 15 процент мөлшерінде ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкасының қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 147-бабының 3-тармағының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
6-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көзінен табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлері:
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 194-бабы 1) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Тоқтатыла тұруы кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мынадай ставкалары қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 336-бабының бірінші және екінші бөліктерінің және 339-бабының бірінші бөлігінің қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
1) газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға мынадай шкала бойынша белгіленген түрде:
Р/с № | Өндірудің жылдық көлемі | Ставкалары %-пен |
2009 жылдың 1 қаңтарынан | 2013 жылдың 1 қаңтарынан |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 250 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 5 | 6 |
2. | 500 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 7 | 8 |
3. | 1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 8 | 9 |
4. | 2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 9 | 10 |
5. | 3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 10 | 11 |
6. | 4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 11 | 12 |
7. | 5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 12 | 13 |
8. | 7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 13 | 14 |
9. | 10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 15 | 16 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 18 | 19 |
Шикi мұнайды және газ конденсатын Қазақстан Республикасының iшкi нарығында, оның iшiнде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндiру салығының, экспортқа рента салығының, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi есебiне мемлекет атынан алушыға өткiзген және (немесе) берген жағдайда немесе «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 332-бабының 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртiппен өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда, белгiленген ставкаларға 0,5 төмендету коэффициентi қолданылады.
2) бастапқы өңдеуден өткен (байытылған) минералдық шикізатқа және көмірге мынадай мөлшерде:
р/с N | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставкалар %-пен |
2009 жылдың 1 қаңтарынан | 2013 жылдың 1 қаңтарынан |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қара, түсті және радиоактивті металдар кендері | Хром кені (концентрат) | 16,2 | 16,8 |
Марганец, темір-марганец кені, (концентрат) | 2,5 | 2,8 |
Темір кен (концентрат, шекемтастар) | 2,8 | 3,2 |
Уран (өнімді ерітіндісі, шахталық әдіс) | 22,0 | 23,0 |
2. | Металдар | мыс | 5,7 | 7,0 |
мырыш | 7,0 | 8,0 |
қорғасын | 8,0 | 8,25 |
алтын, күміс, платина, палладий | 5,0 | 5,5 |
алюминий | 0,25 | 0,28 |
қалайы, никель | 6,0 | 6,0 |
3. | Құрамында металл бар минералдық шикізат | Ванадий | 4,0 | 4,0 |
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сурьма, сынап, тотыяйын және басқалары | 6,0 | 6,0 |
4. | Құрамында сирек кездесетін металл бар минералдық шикізат | Ниобий, лантан, церий, цирконий | 7,7 | 7,7 |
Галлий | 1,0 | 1,0 |
5. | Құрамында ыдырайтын металл бар минералдық шикізат | Селен, теллур, молибден | 7,0 | 7,0 |
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмйй, индий, таллий, гафний, рений, осьмий | 6,0 | 6,0 |
6. | Құрамында радиоактивті металл бар минералдық шикізат | Радий, торий | 5,0 | 5,0 |
7. | Құрамында радиоактивті металл еместер бар минералдық шикізат Түрлі-түсті тас шикізаттар | Тас көмірі, қоңыр көмір, жанғыш сланецтер | 0 | 0 |
фосфориттер | 4,0 | 4,0 |
бор ангидриді | 3,5 | 3,5 |
барит | 4,5 | 4,5 |
тальк | 2,0 | 2,0 |
флюориттер | 3,0 | 3,0 |
воластонит | 3,5 | 3,5 |
шунгит | 2,0 | 2,0 |
графит және басқалары | 3,5 | 3,5 |
8. | Құрамында асыл тастар бар минералдық шикізат | Алмас, рубин, сапфир, изумруд, гранат, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалары | 12,0 | 12,0 |
9. | Құрамында жасанды тастар бар минералдық шикізат | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалары | 3,5 | 3,5 |
10. | Құрамында техникалық тастар бар | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалары | 2,0 | 2,0 |
8-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 426-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі мыналарды:
біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін;
патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қамтиды;».
9-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің төменде көрсетілген тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Осы шарт тауарларын базарларда өткізетін тұлғаларға (жалға алу шарттары бойынша сауданы базар аумағындағы стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратындарды қоспағанда) қолданылмайды.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабының 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін 2009 жылы арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті беруді салық төлеуші ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді деп белгіленсін.
Бұл ретте көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану құқығы, осы Заңның 9-1-бабының ережелері ескеріле отырып, салық төлеуші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келген айдың 1 күнінен бастап туындайды.