жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери
қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 394-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр .ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 394-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасында болу ережелерiн бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тiркелудiң не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың белгiленген тәртібін сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз кiруден, белгiленген мерзiмде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада, не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетiлген мақсаттарға сай болмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
22.02.02 № 296-II; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 395-бап өзгертілді
395-бап. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы азаматының,
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасында шетелдiктердiң болу ережесін бұзуы
1. Меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы, оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз етушi немесе шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттiк өту шарттарын сақтаумен байланысты мiндеттерiн орындаушы ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасында оларды тiркеудiң, олардың келу, тұру, жүрiп-тұру, тұрған жерiн өзгерту және сырт жаққа кету құқығына құжаттар рәсiмдеудiң белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырып, оған тұрғын үй-жай берген азаматтың, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тiркеуден өткізудi және болудың белгiленген мерзiмi бiткеннен кейiн қайтып кетуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасына, белгiленген тәртiптi немесе оның аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн бұза отырып, келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй-жай, көлiк құралын беру немесе өзге де қызмет көрсету, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр .ред. қара ) 396-бап өзгертілді
396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен
пайдалану ережелерiн бұзу
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуы не Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауы немесе еңбегін пайдалануы , заңсыз иммигранттардың еңбегін пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың заңсыз иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бiр өзге де заңдық (құқық туғызушылық) iс-әрекеттер жасауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзуы, -
Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
397-бап. 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр .ред. қара )
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 398 -бап жаңа редакцияда (бұр .ред. қара )
398-бап. 2009.04.12 № 217-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)JLNK1001138856 (бұр.ред.қара)
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 399-бап өзгертілді
399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке
орналастыру жөніндегі заңсыз қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензияда көзделген шарттарды бұза отырып, сол сияқты жөнсіз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексіз ақпарат беріп жүзеге асыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 400-бап өзгертілді
400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттік органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 401-бап өзгертілді
401-бап. Тауарлар және көлiк құралдарын әкелу кезiнде Қазақстан
Республикасының кеден шекарасынан өтетiнi туралы хабарламау
Тауарлар және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiндiгi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 402-бап өзгертілді
402-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы хабардар
етпеу немесе анықталмаған хабар беру
1. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органын хабардар етпеу, егер тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылау режимiнде тұрса не тауарларды және көлiк құралдарын әкету оларды осындай режимге қоюды ұйғарса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына анықталмаған хабар беру, егер мұндай хабардар етпеудi Қазақстан Республикасының кеден органы белгiленген тәртiппен тiркеген болса, сол сияқты хабардар етуден кейiн тауарлар мен көлiк құралдарын көрсетiлген орынға және оны уақытында әкелмеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 403-бап өзгертілді
403-бап. Авария немесе жойқын күштер жағдайында шаралар қолданбау
Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткізуге қабылдаған немесе транзитпен тасылатын тауарлардың және көлiк құралдарының аварияның немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлiк құралдары тұрған орынға жеткізудi қамтамасыз етпеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 404-бап өзгертілді
404-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткізу орнына бермеу
Тауарларды және көлiк құралдарын жеткізу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 405-бап өзгертілді
405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру,
жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органына
жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзбеу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарларды және көлiк құралдарын тәркiлей отырып, лицензияның (арнайы рұқсат немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткізудiң Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген мерзiмiн сақтамау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе алапат күштiң әсерiмен болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орындарда тоқтатпау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз көлiк
құралын жiберу
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жiберу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
408-бап. Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына
жанасып тоқтау
Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының жанасып тоқтауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 409-бап өзгертілді
409-бап. Декларация толтырушының кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртібін
бұзуы
Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртібін бұзу, яғни кедендiк ресiмдеудiң басталуы мен аяқталуы, орны, уақыты және оны өткізу рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамау не кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртібін қолдануға заңсыз талап қою, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны қолдану шарттарын сақтамау, -
кеден делдалы ретіндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 410-бап өзгертілді
410-бап. Кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен және көлiк
құралдарымен заңсыз операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту,
пайдалану және билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден заңдарымен белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен және көлiк құралдарымен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 411-бап өзгертілді
411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз
жүргiзiлетiн жүк және өзге де операциялар
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, қораптарды және басқа да орындарды ашу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
412-бап. Ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не
жоғалту
Қазақстан Республикасының кеден органы қолданған ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 413-бап өзгертілді
413-бап. Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк құралдарын
декларациялау тәртібін бұзуы
Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк құралдарын декларациялау тәртібін бұзуы, яғни осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларациялаудың нысаны мен орны, декларациялау кезіндегі уақытша, толық емес немесе мерзiмдiк кеден декларациясын пайдалануды қоса алғанда, оны жасау рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамауы, -
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 414-бап өзгертілді
414-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына кеден
декларациясын, құжаттар мен қосымша мәлiметтер беру
мерзiмдерiн бұзу
Қазақстан Республикасының кеден органына олар белгiлеген мерзiмдерде, осы тауардың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi бермеу және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 415-бап өзгертілді
415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есеп-қисапты бермеу
және есеп жүргiзу тәртібін сақтамау
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кедендiк бақылауда тұрған не еркiн кеден аймағы мен бос қоймалар аумағында тұрған әкелiнетiн, әкетiлетiн, келiп түсетiн, сақталатын, ұқсатылатын, дайындалатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлар туралы белгiленген есеп-қисапты кеден органына бермеу, сол сияқты, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртібін сақтамау және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 416-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
416-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 417-бап өзгертілді
417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін, оларды сақтау және
олармен операциялар жасау тәртібін бұзу
Заңнамада белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін бұзу, сол сияқты осы Кодекстiң 405, 410-412-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және бос қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзу, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 418-бап өзгертілді
418-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртібін бұзу және қайта өңдеу
өнiмдерiн ауыстыру
1. Тауарларды қайта өңдеу тәртібін бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртібі мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, -
лицензия күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін басқа тауарлармен ауыстырудың белгіленген тәртібін бұзу, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не тауарларды қайта өңдеуге берілген лицензияның, арнайы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 419-бап өзгертілді
419-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 420-бап өзгертілді
420-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен421-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 421-бап өзгертілді
421-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге
тауарларды және көлiк құралдарын әкетпеу не осы аумаққа
қайтармау
1. Белгiленген мерзiмдерде, егер мұндай әкету мiндеттi болып табылса, бұрын әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, егер мұндай қайтару мiндеттi болып табылса, бұрын әкетiлген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қайта әкетудiң немесе әкелудiң дәлелi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру, не аварияның немесе жойқын күштiң әсерi салдарынан, табиғи тозуы немесе азаюынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе шығын болуы себебiнен бұған мүмкiндiктiң болмауы, не шет мемлекет органдарының және лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiмен байланысты олардың иелiктен шығарылуы, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -