Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта
пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес және қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнiң қурауына жол бермеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге 10 жыл мерзiмге тыйым салынсын.
2. Облыс әкiмдерi заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта тұқымдарын плантацияда өсiру жөніндегі, сондай-ақ жеке меншiк орман өсiру үшiн жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
3) жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiне ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiнде қолданылған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдарын плантацияда өсiру туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын бақылауды және құрылып жатқан ағаш пен бұта тұқымдары плантацияларының есепке алынуын ұйымдастырсын.
4. «Қазақстан Республикасында сексеуiл екпелерiн сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 тамыздағы № 942 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 28, 318-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |