Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге
құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не Заңда
көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушылар қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген сәттен бастап:
1) бес жұмыс күні ішінде мыналарды мемлекеттік тіркеу жүргізіледі:
тұрғын үй қоры объектілеріне, гараждарға меншік құқығын, шаруашылық жүргізуді, жедел басқаруды, кемінде бір жыл мерзімге пайдалануды, сенімді басқаруды, кепілді және жер учаскесіне тиісті құқықты;
меншік, жерді пайдалану құқығын, жер учаскесіне өзге де құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) (құрылысқа құқықтарды тіркемей);
ипотекалық куәлікті;
олар бойынша міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруді;
құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықтардың тоқтатылуын, соның ішінде жылжымайтын мүлік кепілін;
жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқық ауыртпалықтарының), соның ішінде құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының, құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылған құқық иесі туралы мәліметтердің, құқық түрінің, келісім-шарттар талабының өзгеруін және өзге де өзгерістерді.
Он бес жұмыс күні ішінде мыналарды мемлекеттік тіркеу жүргізіледі:
тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайларға, тұрғын емес құрылысқа, бір объектіден тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүліктік кешенге меншік құқығын, шаруашылық жүргізуді, жедел басқаруды, кемінде бір жыл мерзімге пайдалануды, сенімді басқаруды, кепілді және жер учаскесіне тиісті құқықты;
апат болудың, бұзудың нәтижесінде жылжымайтын мүлікке құқықтардың тоқтатылуын және құқықтың ауысуына байланысты емес өзге де жағдайларды;
міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарламаны;
сауда-саттық туралы хабарламаны;
заңды талаптардың тоқтауын.
Он бес жұмыс күні ішінде мыналарды мемлекеттік тіркеу жүргізіледі:
екі және одан жоғары объектіден тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүліктік кешенге меншік құқығын, шаруашылық жүргізуді, жедел басқаруды, бір жылдан астам мерзімге пайдалануды, сенімді басқаруды, кепілді және жер учаскесіне тиісті құқықты;
көп пәтерлі тұрғын үйге меншік құқығын, шаруашылық жүргізуді, жедел басқаруды, бір жылдан астам мерзімге пайдалануды, сенімді басқаруды, кепілді және жер учаскесіне тиісті құқықты;
кондоминиум объектілерін;
сервитутты;
өзге де мемлекеттік тіркеу объектілерін;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген алым сомасын бюджетке төлеген жағдайда, тіркеуші органға өтініш түскен күннен кейінгі бір күннен кешіктірмей жүргізіледі;
3) мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс;
4) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
5) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларьшда орналасқан стендтерде орнатылады.
10. Уәкілетті органда мереке және демалыс күндерін қоспағанда, оның жұмысын қамтамасыз ететін, түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті органның үй-жайларында бөлек кіретін есік, күту залы, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік тіркеу үшін тұтынушы (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді және мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды;
3) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты не «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы берілетін ақы төлегені туралы чекті ұсынады.
Көрсетілген құжаттардан басқа тіркелетін объектісіне байланысты өзге де құжаттар ұсынылуы мүмкін.
Заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.
Егер тіркеуге берген өтінішінде сатып алынатын немесе сататын активтерінің жиынтық теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететін мәліметтер болса, онда өтініш беруші алдын ала монополияға қарсы органның жазбаша келісімін ұсынады.
13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе Орталықтың консультанттарында болады.
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп кітабында тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.
Орталық қоса берілген құжаттарымен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін мыналарды:
- жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеруді;
- тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізуді;
- құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасауды жүзеге асырады;
- орындалған құжаттардың тізілімін қалыптастырады және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді.
Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс.
15. Тұтынушыға:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің атын көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
17. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мынадай жағдайларда:
1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейінгі прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
3) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмаса, өтініш берушінің осы стандарттың 12-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
4) мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;
5) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді тіркеуші орган (уәкілетті орган) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты бергенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
Тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші орган (уәкілетті орган) кейіннен өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беру үшін Орталыққа тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден мынадай жағдайларда:
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуді тоқтата тұруға негіз болып табылмаса, өтініш иесі осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде;
3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тіркеуге ұсынылған кезде;
4) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде;
5) заңды күшіне енген сот актісінің негізінде;
6) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаған болса;
7) егер тіркеу объектісі ауысу, өзгеру, тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгілеу болып табылса, ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға бұрын туындаған құқық сәйкес келмегенде бас тартуы мүмкін.
Тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тарту кезінде тіркеуші орган (уәкілетті орган) кейіннен өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беру үшін Орталыққа бас тартудың себептерін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган мен Орталық директорының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті орган басшылары мен Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес анықталады.
Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.
Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмілелерді
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
JLNK1001451712
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | қабылдау бөлмесі 40-10-63 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | қабылдау бөлмесі 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | қабылдау бөлмесі 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | қабылдау бөлмесі 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | қабылдау бөлмесі 28-94-67 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | қабылдау бөлмесі 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | қабылдау бөлмесі 43-84-14 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | қабылдау бөлмесі 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | қабылдау бөлмесі 41-63-10 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | қабылдау бөлмесі 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | қабылдау бөлмесі 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | қабылдау бөлмесі 42-23-12 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | қабылдау бөлмесі 33-47-35 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | қабылдау бөлмесі 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | қабылдау бөлмесі 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | қабылдау бөлмесі 378-09-09 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | қабылдау бөлмесі 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | қабылдау бөлмесі 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | қабылдау бөлмесі 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | қабылдау бөлмесі 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | қабылдау бөлмесі 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | қабылдау бөлмесі 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | қабылдау бөлмесі 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй. | 37-70-46 | қабылдау бөлмесі 37-74-34 |
JLNK1001451712
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмілелерді
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Орналасқан мекен-жайы | Телефон нөмірі | Басшысының телефон нөмірі |
1 | «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 9-үй | 23-32-58 | қабылдау бөлмесі 40-21-91 |
2 | «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 108 «а» үй | 55-73-13 | қабылдау бөлмесі 55-73-07 |
3 | «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 76-үй | 27-33-93 | қабылдау бөлмесі 27-33-91 |
4 | «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 96 «б» үй | 45-15-19 | қабылдау бөлмесі 45-15-34 |
5 | «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Өскемен қаласы, Буров көшесі, 51-үй | 53-79-73 | қабылдау бөлмесі 53-79-99 |
6 | «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Орал қаласы, Театральная көшесі, 16/2-үй | 50-91-96 | қабылдау бөлмесі 51-10-44 |
7 | «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69-үй | 45-56-48 | қабылдау бөлмесі 45-58-22 |
8 | «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй | 56-51-34 | қабылдау бөлмесі 56-56-63 |
9 | «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қостанай қаласы, Досжанов көшесі, 84-үй | 50-62-87 | қабылдау бөлмесі 50-63-45 |
10 | «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96-үй | 23-07-34 | қабылдау бөлмесі 23-03-84 |
11 | «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй | 50-45-26 | қабылдау бөлмесі 50-76-11 |
12 | «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Павлодар қаласы, Есеналиев көшесі, 24-үй | 32-19-86 | қабылдау бөлмесі 32-03-24 |
13 | «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Петропавл қаласы, Көшеков көшесі, 10-үй | 33-38-38 | қабылдау бөлмесі 33-96-30 |
14 | «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61-үй | 54-12-72 | қабылдау бөлмесі 53-50-53 |
15 | «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-58 | қабылдау бөлмесі 378-46-50 |
16 | «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Астана қаласы, Иманов көшесі, 149-үй | 37-99-12 | қабылдау бөлмесі 37-65-58 |
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмілелерді
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алушы кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Лауазымды адам дұрыс ресімдеген (тіркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған құжаттар % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің, ақпараттың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |