Тк = n4 (10хn5), мұндағы:
n4 - жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылар саны.
n5 - жыл қорытындысы бойынша негізгі құралдар ретінде есепте тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.
6. Негізгі құралдарды ауыстыру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Нк = 0,1 - n6/(10хn4), мұндағы:
n6 - белгіленген пайдалану мерзімі өткен және есепті жыл ішінде ауыстырылған техникалық құрылғылар саны.
Егер жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылардың саны нөлге тең болса, Нк нөлге тең болады.
7. Қауіпті өндірістік объектінің авариялылық коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Ак = n7/10, мұндағы:
n7 - ағымдағы жылда объектіде болған авариялардың саны.
8. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
Қд = Жк + Ак + Өк + Ак + Тк + Нк + Ак.».
3. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың қирауы, бақылауға болмайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;
2) инцидент - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жұмыс істемей қалуы немесе бүлінуі, технологиялық процестердің режимнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
3) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс;
4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;
5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор келтірген зиянды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өтеу міндеті;
6) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
7) сақтандыру жағдайы - оның басталуына орай қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
8) сақтандыру сомасы - міндетті сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
9) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
10) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы;
11) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
12) сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
13) сақтанушы - сақтандырушымен қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады;
14) уәкілетті орган - өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
15) үшінші тұлға - өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор зиян келтірген тұлға.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қызметкерлері мен иелері үшінші тұлға болып табылмайды.»;
2) 3-баптағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 4-баптың 1-тармағындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер
1. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларациялануға жататын объектілер қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер болып табылады.
Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
2. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупін тоқтатса, онда сақтанушы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына немесе оны алмастыратын адамға өндірістік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы өтінішті және объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оны алмастыратын адам сараптамалық қорытындыны қараудың негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы шешім қабылдайды не одан дәлелді түрде бас тартады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру қолданылған мерзім ішіндегі уақытқа бара-бар сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.»;
5) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады.»;
2-тармақ «шартын жасасуы» деген сөздерден кейін «, қауіпті объектіні уақытша пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 8-баптың 2-тармағындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактордың» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-бапта:
1-тармақтағы «сақтандыру сыйлықақысын» деген сөздер «бірінші сақтандыру жарнасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады.
Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады.
Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.»;
8) 12-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге;»;
3) тармақша «негізге ала отырып» деген сөздерден кейін «уәкілетті» деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қажетті және мүмкін болатын шараларды қолдануға;»;
7) тармақшадағы «авария» деген сөз «қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне әсері» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «аварияның» деген сөзден кейін «, инциденттің» деген сөзбен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан келтірілген» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қауіпті өндірістік факторлардың өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінің салдарынан болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;»;
10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
1) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны төрт мың адамнан асса - 600 мың;
2) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны екі мыңнан асатын адамды құраса, бірақ төрт мың адамнан аспаса - 350 мың;
3) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны бір жарым мыңнан асатын адамды құраса, бірақ екі мың адамнан аспаса - 225 мың;
4) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жеті жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ бір жарым мың адамнан аспаса - 115 мың;
5) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны үш жүзден асатын адамды құраса, бірақ жеті жүз елу адамнан аспаса - 50 мың;
6) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ үш жүз адамнан аспаса - 30 мың айлық есептік көрсеткішті;
7) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жетпіс бестен асатын адамды құраса, бірақ жүз елу адамнан аспаса - 12 мың;
8) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны оннан асатын адамды құраса, бірақ жетпіс бес адамнан аспаса - 5 мың;
9) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны он адамға дейін болса, өзге де декларацияланған қауіпті өндірістер үшін 1 мың айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;
11) 16-бапта:
1-тармақтағы «санатына» деген сөз «қауіптілік деңгейіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нақты объект үшін сақтандыру тарифінің шамасы жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын объект қауіптілігінің жалпы деңгейіне қарай белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган айқындаған объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ескеріле отырып белгіленеді.
Декларациялауға және сақтандыруға жататын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар қауіптілігінің жыл сайынғы жалпы деңгейі туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Объектінің жалпы қауіптілік деңгейі сақталған немесе төмендеген кезде сақтандыру сыйлықақысы осы бапқа сәйкес белгіленген сақтандыру тарифі бойынша төленеді.
Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі сақтандыру тарифіне шаққандағы орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда ұлғайған кезде объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ұлғаюының бір пайызы үшін он пайыз мөлшерінде арттырылып отыратын коэффициент қолданылады.
Арттырылып отыратын коэффициент ескерілген сақтандыру тарифінің шамасы осы баптың 1-тармағында белгіленген сақтандыру тарифінің мөлшерінен аспауға тиіс.»;
12) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері
Сақтандыру сыйлықақылары объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін он күннің ішінде бір мезгілде төленеді.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты кез келген негіздер бойынша өзгерген кезде жаңадан есептелген және бұрын төленген сақтандыру сыйлықақылары арасындағы айырма он бес күн ішінде қосымша төленуге (қайтарылуға) тиіс.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының сақтандыру жарналарын объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған тәртіппен енгізу арқылы сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу құқығы көзделуі мүмкін.»;
13) 18-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «Қауіпті өндірістік фактор» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік «аварияның» деген сөзден кейін «, инциденттің» деген сөзбен толықтырылсын:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «(тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен)» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «600» деген цифрлар «1000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«500», «400» және «300» деген цифрлар тиісінше «800», «600» және «500» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«мүгедек балаға» - 500»;
3) тармақшадағы «200» және «1,5» деген цифрлар тиісінше «300» және «2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-тармақ «аварияны» деген сөзден кейін «, инцидентті» деген сөзбен толықтырылсын;
14) 19-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан келтірілген» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешімімен танылған зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру олардың түсу ретімен, ал бірнеше өтініш бір мезгілде түскен кезде мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:»;
15) 20-баптың 3-тармағындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияға» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактордың туындауына» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы мамырдың 4-і.
№ 275-ІV ҚРЗ