Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергені үшін - 20 процент;
5) мыналарға:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 100 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 100 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергені үшін - 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 50 процент;
6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 мм дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - 10 процент;
7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 10 процент;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін - 50 процент;
9) мыналарды:
жүргізушінің куәлігін бергені үшін - 125 процент;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені туралы куәлік бергені үшін - 125 процент;
механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік техникалық байқаудан өткізгені туралы куәлік бергені үшін - 50 процент;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 280 процент;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 140 процент;
көлік құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін (транзиттік) бергені үшін - 35 процент;
10) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін - 50 процент мемлекеттік баж алынады.
541-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату
Соттарда мыналар:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы үлгілерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер - алименттерді өндіріп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер - мертігуге немесе денсаулығына зақым келтірілуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер - қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) іске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық істерге және алимент бойынша істерге байланысты құжаттар берілгені үшін;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу туралы талап қою бойынша;
9) білікті еңбек қызметкерлерін және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлер - оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндіріп алу жөніндегі талап қою бойынша;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға сотқа арыз жазып жүгінген жеке және заңды тұлғалар;
11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттерді, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайтару жөнінде талап қойып сотқа жүгінген сенім білдірілген өкіл (агент);
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық істер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық істер мен құжаттар бойынша;
14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергені үшін:
іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы;
шешімді орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы;
талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудің бір түрін басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешімдерін, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы сот шешімдерінің орындалуын кері бұрып атқару туралы;
соттың сырттай жасалған шешімін жою туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар;
соттың сырттай жасалған шешімінің күшін жою туралы;
15) прокуратура органдары - барлық талап қою бойынша;
16) мемлекеттік мекемелер - үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешіміне шағым жасаған кезде;
17) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 проценті жұмыс істейтін олардың құрған ұйымдары - өздерінің мүдделері үшін талап қойған кезде;
18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;
19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не қамауға алу немесе түзеу жұмыстары түрінде заңсыз әкімшілік жазаға тарту арқылы келтірілген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның филиалдары мен өкілдіктері - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
21) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - тарату ісін жүргізу мүддесіне орай берілген талап қою, өтініштер бойынша;
23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктер:
бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы;
мүлікті өндіріп алу туралы;
борышкерлердің сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен берілген қарыздар бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;
24) конкурстық және оңалтушы басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттігі шегінде конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімдері мүддесіне орай талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
542-бап. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
1) жеке тұлғалар - өздерінің мемлекет пайдасына мүлікті сыйға тартатын өсиеттерін, шарттарын куәландырғаны үшін;
2) мемлекеттік мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) бергені үшін, сондай-ақ осы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) алу үшін қажетті барлық құжаттар үшін;
3) жеке тұлғалар - оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезінде, өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға байланысты не адам өмірін құтқарып қалу, мемлекеттік меншікті және құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкіне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемінде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейін де осы үйде (пәтерде) тұрып жатса, тұрғын үйіне (пәтеріне) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайына;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне, мемлекеттік заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетін ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсіптік үлгілері үшін сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәліктер бергені үшін;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
5) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттері бойынша;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның филиалдары мен өкілдіктері - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін өтініш берген кезінде;
7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өтініш берген кезде;
8) «Ардақты Ана» атағы берілген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куәліктер алғаны үшін;
10) «Қазақстан мүгедектерінің ерікті қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндірістік кәсіпорындары барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
543-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін;
3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер алмастырылып берілгені үшін;
4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және алу кезінде
мемлекеттік баж төлеуден босату
1. Мыналар:
1) жаппай қуғын-сүргіндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өздері тілек білдірген кезде;
2) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
2. Аталған мемлекеттік баж төлеуден босату бір рет беріледі.
545-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің оқушылары;
3) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
546-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Мыналар:
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тұрғылықты жерін тіркеген кезде:
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің оқушылары;
репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) аң аулау құқығына рұқсат беру немесе оны ұзартқан кезде -аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар;
3) қылмыстық істе азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;
4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру кезінде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;
«Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін берген кезде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
547-бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі
1. Мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленеді.
2. Мемлекеттік баж:
1) сот қарайтын істер бойынша - тиісті арыздар (шағымдар) немесе сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ сот құжаттарының көшірмелерін берген кезде;
2) нотариаттық іс-әрекеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін, телнұсқаларын бергені үшін - жасалған нотариаттық іс-әрекетті тіркеген кезде;
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін, азаматтық хал актілерінің жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгізгені үшін, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәліктер бергені үшін - оларды берген кезде;
4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркегені үшін - актілерді тіркеген кезде;
5) азаматтардың тұрғылықты жерін тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
7) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарының және тіркемелерінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктерін, механикалық көлік құралдарының және тіркемелерінің мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерін, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергенге дейін;
8) аң аулау құқығына рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
10) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
11) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты істер бойынша - тиісті құжаттарды алғанға дейін;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін - апостиль қойғанға дейін;
14) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның инновациялық патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
3. Мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке жазылады.