5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санына келісімшарт қызметіне қатысатын қыметкерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;
6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.
Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі процентімен (0,01%) айқындайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
10. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында өндірген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнмасының талаптарына сәйкес айқындалатын және 20 процентке ұлғайтылған өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
Минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін өткізген жағдайда, осындай операциялар бойынша жиынтық жылдық табысқа Қазақстан Республикасы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын сақтай отырып, бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімін өткізу бағасы негізінде, бірақ құнынан төмен емес негізде айқындалған табыс қосылады.
Осы бөлімнің мақсатына орай шахта, кен, карьер, ұсату зауыты (қондырғы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыт) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.
11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;
2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;
3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;
4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.
12. Мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы баптың 11-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті мұнай немесе тау-кен келісімшарттары бойынша салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс.
43-тарау. БОНУСТАР
311-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері бонустар болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
1) қол қойылатын бонус;
2) коммерциялық табу бонусы.
§1. Қол қойылатын бонус
312-бап. Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
313-бап. Төлеушiлер
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бiрiн:
1) барлауға арналған келісімшартты;
2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушi болып табылады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 314-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерiн белгiлеу тәртібі
1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбiр келісімшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар үшiн:
мұнай келісімшарттары үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2800 еселенген мөлшерi;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикiзатты барлауға арналған келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 280 еселенген мөлшерi;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 40 еселенген мөлшерi;
2) өндiруге арналған келісімшарттар үшiн:
мұнай келісімшарттары үшiн:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен шикi мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикiзат өндiруге арналған келісімшарттар үшiн:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен минералды шикiзаттың жиынтық қорының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикiзаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшықтарға арналған келісімшарттар үшiн - (Қ х 0,01% ) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң 120 еселенген мөлшерiнен кем емес.
Бұл ретте өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы Кодекстiң 319 - 322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;
3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшiн - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 300 еселенген мөлшерiнен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерi.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төменгi мөлшерде белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiнгi қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмi немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгiзiледi.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi
Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) белгіленген соманың елу проценті - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) белгіленген соманың елу проценті - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
316-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
§ 2. Коммерциялық табу бонусы
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 317-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
317-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын:
1) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде мынадай жағдайларда:
барлауға арналған келісімшарт шеңберiнде осы жер қойнауын пайдаланушы тиiстi келісімшарт аумағында бұған дейiн жариялаған келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн;
Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн;
2) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
318-бап. Төлеушілер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.
319-бап. Салық салу объектісі
Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 320-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
320-бап. Салық базасы
Осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күнi алдындағы күнге шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күнi алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Коммерциялық табу бонусын төлейтiн күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, алынатын қорлардың құны өндiруге арналған Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен келісім-шарттың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, 20 процентке ұлғайтылған жоспарлы шығындар сомасының негiзiнде айқындалады.
321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі
Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.
322-бап. Коммерциялық табу бонусының ставкасы
Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 323-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмдерi
Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:
1) осы Кодекстiң 317-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы кен орнындағы қосымша алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
3) бiрiктiрiлген барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
324-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
44-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 325-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
325-бап. Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 326-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
326-бап. Төлеушілер
Келісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.
327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.
Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде бюджетке төленуге жатады.
Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түрінде бюджетке төленуге жатады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi бюджетке төлеу жөніндегі мiндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиiс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиiстi келісімдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған, өнiмдi бөлу туралы келісімдi қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерiн айқындайтын уәкiлеттi мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 328-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 328-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейiнгi өндiру кезеңiнiң басынан бастап орналасқан жерi бойынша мынадай тәртiппен төлейдi: