15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты (конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімінен кейін екі сағаттан кешіктірмей);
16) конкурс тәсілімен алдағы мемлекеттік сатып алуларда білдіруге уәкілетті тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері туралы мәліметтер;
17) осы Ереженің 156-тармағында анықталған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарттары, түрлері, көлемі мен тәсілі;
18) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер (әрбір лот бойынша);
19) жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 20) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
20) Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы және:
әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтер.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 23 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
23. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемдерді конкурстық құжаттамада көздеуге міндетті:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) әлеуетті өнім берушіде:
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі;
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарығында кәсіби біліктілік деңгейдегі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандар;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды отандық тауар өндірушілер үшін ерікті сертификаттауды жүргізуін растайтын құжат;
сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі (сертификатталған жүйелері);
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды
3) қазақстандық мазмұн.
24. Конкурстық құжаттама өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқығын көздеуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат;
2) әлеуетті өнім берушіні ресми биржа листингіне енгізу туралы қор не тауар биржасынан үзінді көшірме;
3) ҚР Үкіметінің 2009.28.05 № 786 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
25. Егер өнім беруші - Қазақстан Республикасының резидент емесі болса, онда оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне арналған құжаттар не конкурстық құжаттаманың тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен Қазақстан Республикасының резидент емесі - әлеуетті өнім берушісінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтер бар құжаттар беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 26 тармақ жаңа редакцияада (бұр. ред. қара)
26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не олардың міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 27 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
27. Әр түрлі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға, ал лоттарға біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) орны бойынша ұйымдастырады және бөледі.
Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 28 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
28. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет ететін болса, конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына онымен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құра (сарапшыны тарта) алады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 29 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
29. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде үш адам болуға тиіс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан тапсырыс беруші әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиіс.
30. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлауға және қызметіне басшылық жасауға;
2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етуге;
3) осы Ережеде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
31. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 32 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
32. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілігі қатысқан кезде жүргізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Қандай да бір конкурстық комиссиясының мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі. Конкурстық комиссияның кемінде бір мүшесі болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының басшысы болмаған уақытта басқа қызметкермен ауыстыруды жүргізеді.
33. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде айтылуы және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
34. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының қатарынан белгіленеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сараптаманың (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді;
4) конкурстық өтінімдерді ашқан сәттен бастап конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
35. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге мамандарды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуы мүмкін.
Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін мемлекеттік сатып алу мәніне оның қызмет бейінінің сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
36. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
37. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
38. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
39. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуға тиіс.
Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабардар ету
40. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету Заңның 18-бабына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында бар мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 41 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
41. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және почта мекен-жайы;
2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы және байланыс телефоны, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы;
4) тауарларды жіберудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны мен мерзімі;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері;
6) конкурсқа қатысуға өтінімдер беру орны және түпкілікті мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны;
7) әлеуетті өнім берушінің егер осындай төлем конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері;
8) әлеуетті өнім берушінің өкілінде конкурстық құжаттаманың көшірмелерін алу жөніндегі өкілеттіктердің болу шарты.
Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 42 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
42. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі , ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткізгішпен не бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім берушіге (оның уәкілетті өкіліне) беруге тиіс.
Егер конкурстық құжаттамада конкурстық құжаттаманы бергені үшін төлем алу көзделген болса, онда конкурстық құжаттаманың көшірмесі әлеуетті өнім берушіге дәл осы күні ол көрсетілген төлемді енгізгеннен кейін ғана беріледі. Төлемнің мөлшері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін дайындауға шығыстарынан аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 43 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі , ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға әлеуетті өнім беруші өкілінің тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерін құжатты растаманың болуын тексереді;
2) әлеуетті өнім берушінің не оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізу туралы құжатты растаманың болуын тексереді;
3) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына осы Ереженің 44-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізеді;
4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойдыра отырып конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді;
5) осы Ереженің 45, 47, 76-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
44. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналында мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің атауы мен мерзімі;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, олардың орналасқан жері;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы, орналасқан жері және байланыс телефоны;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі алған уақыт пен күн;
6) егер осындай төлемді алу туралы нұсқама конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламада қамтылған болса, конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемнің енгізілу фактісі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 45 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
45. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы тігілуі, беттері нөмірленуі және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі , ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы алдын ала қол қоюы тиіс, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылының ішінде конкурс тәсілімен барлық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды бірыңғай тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 46 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
46. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 47 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
47. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруды, түсіндірулер мәтіндерін жіберуді, жариялауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді, конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу Заңның 20-бабында белгіленген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасы осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді және мыналарды қамтуға тиіс:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, сондай-ақ олардың тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарын және әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған сарапшылар туралы ақпаратты;
2) олардың тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері туралы ақпаратты, сондай-ақ осындай адамның конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде әлеуетті өнім берушіні ұсыну өкілеттігін растайтын құжатты;
3) олардың көзін көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы ұсынылған сұрауларды;
4) әлеуетті өнім берушілердің сұрауларына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауаптарын;
5) бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне не қажеттіліктің жоқтығына нұсқаманы.
48. Әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған адамдар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер немесе олар уәкілеттік берген өкілдер қол қоюға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 49 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
49. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу конкурстық құжаттамада тағайындалған кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру
50. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
51. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін;
құқылық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілетін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резидент еместері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген көшірмені ұсынуға тиіс;
лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмесін (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмені;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;