2) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;
3) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.
12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.
15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.
16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.
17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.
18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.
19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
21. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын Тауарлардың/Көрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:
а) шетелден келетін Тауарлар үшін:
Тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:
1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) көліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;
3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;
4) сақтандыру Сертификаты;
5) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;
6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Өнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.
б) Жергілікті Тауарлар үшін:
1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;
3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;
4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.
23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, «барлық қатерлерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға» Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.
24. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.
25. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.
26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.
27. Тапсырыс беруші Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.
28. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
29. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.
30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай
________________________________________________________________________________________ішінде жарамды.
(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)
31. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
32. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.
33. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
34. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ____ және________ -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
35. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.
37. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.
38. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
39. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
40. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
41. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.
42. Егер Шарты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте Тауарларды уақтылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.
43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:
а) егер Өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.
45. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
46. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
48. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
49. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
50. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
51. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.
52. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
53. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
55. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.
56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.
57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
59. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
60. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 60-1 тармақпен толықтырылды
60-1. Әлеуетті өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.
61. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
62. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тапсырыс беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. | Өнім беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. |
Аумақтық қазынашылық органында тіркеу үшін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):____________________
Осы Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Тапсырыс беруші осы Шартты пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде өзінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
Ережеге
5-қосымша
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт
__________________ (Орналасқан жері) | _________ж. «___» _______________ |
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан____________________________________________________________,
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын,
____________________________________________________________ атынан
(өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.с.с.)
__________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) және ___жылғы «__»_______ өткен Мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден тәсілімен) қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін) Тапсырыс беруші үшін мемлекеттік сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялады және Мердігердің (сомасы сандармен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі - Шарттың бағасы) мөлшерінде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтінімін қабылдады.
2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады (жобаның аты, объектінің атауы мен орналасқан жері)
Бас жобалаушы (ұйымның атауы мен мекен-жайы)
____________________________________________________________________________________________________________
3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) «Тапсырыс беруші» - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
2) «Бас мердігер» (бұдан әрі - Мердігер) - Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген жағдайларда);
3) «Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы)» - Шарт бойынша учаскеде (объектіде) жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;
4) «Техникалық қадағалаушы» - мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған адамды білдіреді;
5) «Объект» - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
6) «Учаске» - Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақты білдіреді;
7) «Шарттың құны» - Шарттың Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған жалпы сомасын білдіреді;
8) «Шарт» - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасында ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейінгі барлық толықтырулар мен өзгерістер қабылдау жолымен жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер арасындағы қандай да бір шарттық қатынастар қалыптастыратындай түрде түсіндірілуге тиіс емес;
9) «Уақытша құрылыстар» - Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды білдіреді;
10) «Материалдар» - Объект құрылысын салу үшін Мердігер мен Қосалқы мердігер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын білдіреді;
11) «Жабдық» - Мердігер мен Қосалқы мердігердің Объектінің құрылысын салу үшін учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетіктерін білдіреді;
12) «Құрылыстың ұзақтық мерзімі» Мердігер Объектінің құрылысын салуды аяқтауға тиіс мерзімді білдіреді;
13) «Күндер» - күнтізбелік күндер, «айлар» - күнтізбелік айлар;
14) «Өзгерістер» - Тапсырыс беруші Шартқа қол қойылғаннан кейін берген өзгерістер;
15) «Ақау» - жұмыстардың Шарт ережелерін бұзып орындалған бөлігі;
16) «Шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі» - жұмыстардың орындалуын тексеру үдерісінде табылған шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі.
4. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) Шарттың мәні/сатып алынатын жұмыстардың тізбесі;
3) техникалық өзіндік ерекшелік;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса көрсетіледі);
5) жобалау-сметалық құжаттама/жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмірлері мен олардың күндері көрсетілсін):
Құжат
Атауы
Нөмірі және күні
6) Толықтырулар (осындайлар болса):
Құжат
Атауы
Нөмірі мен күні
7) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс беруші Шарттың құжаттарына енгізгісі келетін қосымша құжаттар көрсетілсін)
____________________________________________________
____________________________________________________
5. Өнім беруші Шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс. Өнім беруші Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға:
1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
6. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауын келтіріп шығаратын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.