Қызметтiк нысанды киiмнiң, кеудеге тағатын нөмiрлi белгiлердiң, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Сәйкестікті растау
1. Автомобиль көлігі саласындағы автокөлік құралдарының, автокөлікке арналған жабдықтардың, олардың өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi сақтандыру
1. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi.
2. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.
3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актілерімен белгiленедi.
19-бап. Тарифтер
1. Жолаушыларды және багажды қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілетiн, аталған жолаушылар және багаж тасымалдарына арналған тарифтердi есептеу әдiстемесiне сәйкес айқындалады.
Тарифтер осы тармақта аталған тасымалдау шығындарын жаппаған жағдайда жергiлiктi атқарушы органдар белгiленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындары арасындағы айырманы тасымалдаушыға тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтейдi.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бағаларын (тарифтердi) мемлекеттік реттеу енгiзiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-1 тараумен толықтырылды
2-1-тарау. Автомобиль көлігі саласындағы көліктік бақылауды
жүзеге асыру
19-1-бап. Көліктік бақылау жүргізудің мәні мен мақсаты
1. Көліктік бақылау жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметке жүргізіледі.
2. Көліктік бақылау жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік
бақылаудың түрлері
1. Көлiктiк бақылау мына түрлерге бөлiнедi:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының өтуiн бақылау;
2) автомобиль көлiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын халықаралық шарттар талаптарының, сондай-ақ автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық қағидалардың сақталуы тұрғысынан бақылау.
2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс.
3. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
19-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік
құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында жүзеге асырылады.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері мен стационарлық көліктік бақылау бекеттері арнайы лайықталған ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, деректерді жинау, беру және шоғырландыру үшін бақылау, байланыс техникалық құралдарымен, қазіргі заманғы телекоммуникациялық және компьютерлік жабдықтармен жарақталуға тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері мен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау посттары қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.
19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік
құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылау
жүргізудің нысандары
1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесінің талаптарын орындауды көліктік бақылау посттарында мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлінбейтін жүкті тасымалдайтын ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттың болуын;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшін белгіленгенге сәйкестігін;
4) рұқсат алмай жүріп-тұру жүйесі әрекет ететін мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарының болуын;
5) автокөлік құралдары кірген кезде өткізу пункттерінде берілетін бақылаудан өту талондарының болуын тексеру арқылы жүргізіледі.
2. Тасымалдаушылардың автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбегі мен тынығуы режимін сақтауын көлікті бақылау посттарда жүргізушінің еңбегі мен тынығуы режимінің бақылау қондырғысының (тахограф) болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегі мен тынығуы режимін бақылаудың тіркеу парақтарын жүргізу жолымен жүргізіледі.
3. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау көлік құралдарының нақты салмақ және көлем өлшемдерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген өлшемдерден асуы шамасын айқындау жолымен стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелі ұтқыр таразыны, өлшеу құралы мен көлем рамкаларын қолдана отырып жүргізіледі.
19-6-бап. Тексеруге жататын негізгі құжаттар
1. Шаруашылық субъектілерін тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары құрылтай құжаттарымен және мына:
1) мамандар мен жүргізушілердің кәсіптік біліктілігін растайтын;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) белгіленген маршруттар бойынша тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшін қажетті (куәліктермен, қозғалыс кестелерімен, маршруттар сызбаларымен, автовокзалдармен және автостанциялармен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келісім-шарттармен);
3) қауіпті жүктерді тасымалдау (тиісті уәкілетті орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат), қауіпті жүкті тасымалдау маршрутының бланкісі, авариялық карточкалар, жүргізушілер мен мамандарды даярлау туралы куәліктер, жүргізушіні қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік, автокөлік құралының қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсаты);
4) тиісті автокөлік құралдарына арналған (белгіленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көліктік құжаттармен, билеттік-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен) құжаттармен танысады.
2. Тексеру жүргізу кезінде қажетті құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі айқындалады.
3. Автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерін тексеруді жүргізу кезінде өз құзыреті шегінде тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік үй-жайдың (меншікті жөндеу және өндірістік базасы жоқ және басқа кәсіпорындармен тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарт жасасқан кәсіпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйін, сондай-ақ автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерінің экологиялық талаптар мен жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың нормаларын сақтауын;
2) автокөлік құралдарының техникалық пайдаланылуының белгіленген талаптарға сәйкестігін;
3) автокөлік құралдарын рейс алдында техникалық байқауды және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқауды жүргізуге арналған қызметтер мен білікті қызметкерлердің не мұндай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестігін;
4) жолаушыларды және багажды тасымалдауды немесе автовокзалдар (автостанциялар) жүйесіндегі жұмыстарды жүзеге асыру кезінде автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелері талаптарының орындалуын;
5) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген талаптардың, оның ішінде автокөлік құралдарына қойылатын салмақтық және көлемдік өлшемдері жөніндегі талаптардың орындалуын;
6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде, жолаушылардың, багаж бен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану жөніндегі ережелер талаптарының орындалуын;
7) жүргізушілердің белгіленген еңбек және тынығу режимін сақтауы, оның ішінде жүргізушілердің еңбегі мен тынығуы режимін тіркеудің бақылау қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықталуға жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тасымал түрлерін жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның ішінде мамандандырылған (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын;
8) автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруы талаптарының және қауіпті жүкті тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптарының орындалуын;
9) автокөлік құралдарын жолаушыларды және тамақ өнімдерін, сондай-ақ тасымалдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етілетін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы аталған мемлекеттік органдардың қорытындысы болуы жөніндегі талаптардың орындалуын;
10) бақылау-өткізу пункттерінде қажетті құжаттама мен аспаптардың болуын;
11) жүргізушілер құрамы үшін жол-көлік оқиғалары мен жол жүрісі ережелерін бұзу туралы ақпараттың әдістері және жеделдігін, жүргізілген нұсқаманы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын тіркеу жөніндегі журналдардың болуын тексереді.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 19-7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
19-7-бап. Көліктік бақылауды жүзеге асыру кезіндегi
уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасын, автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды сақтауын бақылау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
2) автокөлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;
4) тасымалдаушылардың жолаушылар мен багаж тасымалы ережесін сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерін сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбегі мен тынығуы режимін сақтауын бақылау;
9) автокөлік құралдары жабдығының автокөлік құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестігін бақылау;
10) халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға рұқсаттың болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушылар тізімінің болуын бақылау;
11) шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;
12) шетелдік көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіруі фактісін айқындау;
13) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеу және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы рұқсатсыз жүйе қолданылатын мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарын беру;
14) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялауға жататын автокөлік қызметтерін көрсету саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;
16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп-тұруына арнайы рұқсат беру;
17) 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
18) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыру;
19) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдауға жүргізушіні жіберу туралы куәлік беру;
20) транзиттік әлеуетті қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлік құралдары жүрісінің жиілігін есепке алу, белгіленген нысандағы есеп беру құжаттары түрінде жинақталған ақпаратты беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен автомобиль көліктерінде және автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі бақылау функцияларын, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7), 11), 14), 15), 16), 18) - 21) тармақшаларында көзделгендерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүріп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті рұқсат беру құжаты - жүруге берілген рұқсат негізінде жүргізіледі.
2. Егер шетелдік автокөлік құралы тіркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылса, осы шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау посттарында берілетін шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талоны негізінде жүзеге асырылады.
3. Үшінші елдің аумағындағы шығу пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктіне дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктінен үшінші елдің аумағындағы бару пунктіне дейін жолаушыларды және (немесе) жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдік тасымалдаушылардың үшінші елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елге тасымалдауды орындауға берілген рұқсат негізінде жол беріледі.
4. Уәкілетті орган шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкілерімен тепе-тең айырбас жүргізуі мүмкін.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруға рұқсат сұраған жағдайда уәкілетті орган оған Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін мұндай рұқсатты береді.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік рейстен кері бағытта қайтып бара жатқан шетелдік жүк автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай тиелген кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығу құқығын куәландыру үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін жүріп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.
19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік
автокөлік құралдарының жүріп-түру тәртібi
1. Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттер арасындағы жүктердің, жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалы халықаралық автомобиль өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат беру және басқа да құжаттар автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуға және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетілуге тиіс.
2. Шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункт арасында жолаушылар мен жүктерді тасуына жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсіруді жүргізуге тыйым салынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетінің тіркеу және айыру белгілері бар автокөлік құралдарын пайдалануы тиіс.
Бұл ретте тіркемелерде немесе жартылай тіркемелерде басқа мемлекеттік тіркеу және айырма белгісі болуы мүмкін.
19-10-бап. Отандық автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан шығу және оларға
шетелдік рұқсаттарды беру тәртібi
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Отандық автокөлік құралдары рұқсат беру бланкілерімен алмасу жүргізілген шетелдік мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы бұрын берілген өтінімдер негізінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін тиісті шетелдік рұқсат беру құжаттарын ала алады.
Әрбір автокөлік құралына жеке рұқсат беру құжаты беріледі.
2. Пайдаланылған шетелдік рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.
3. Тасымалдаушының оған берілген шетелдік рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
Егер бөлінген шетелдік рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтінімдердің жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдік рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Отандық тасымалдаушыларға мәлімденгеннен тыс шетелдік рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздері мәлімдеген шетелдік рұқсат беру құжаттарының осы түрінен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық
және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр
салмақты автокөлік құралдарының жүріп-тұруына
арналған арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп-тұруына берілген арнайы рұқсаттың (бұдан әрі - арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.