2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Әуе кемесіне тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және онымен жасалатын мәмілелер туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастрға) енгізілуге тиіс.
4. Мемлекеттік тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
14-бап. Уақытша басқару
1. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және азаматтық авиацияның тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Үкіметімен келiсе отырып халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушыға қатысты уақытша басқару енгізуге құқығы бар.
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушыны уақытша басқару халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушыға қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де кешенді іс-шаралар мен рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
Уақытша басқаруды енгізу туралы шешiм бiр тараптың екiншi тарапқа бағынуына негiзделген әкiмшiлiк-билiктiк шешiм болып табылады және оны уәкiлеттi орган қабылдайды.
Сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша басқару сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған мерзiмге енгiзiледi.
3. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушыны уақытша басқаруды уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушыны уақытша басқару оның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушыға уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген зиян үшiн уақытша әкiмшiлiк мүшелерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
5. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушыға уақытша басқару енгізу туралы уәкiлеттi органның шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және мыналарды қамтуға тиiс:
1) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;
2) уақытша басқаруды енгізу негiздерi;
3) уақытша басқару iсiнiң басталуы және оның мерзiмi;
4) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген уақытша басқару режиміндегі әуежай пайдаланушының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке беру туралы нұсқама.
6. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмге сот тәртібімен меншiк иесi, әуежай пайдаланушы немесе пайдаланушы акционерлерiнің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген адам шағым жасауы мүмкiн. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмiнің қолданылуын тоқтата тұрмайды.
7. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмi үш жұмыс күнi iшiнде осы баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған қаражат есебiнен, мемлекеттік тiлде және орыс тiлінде кемiнде екi республикалық бұқаралық ақпарат құралында жарияланады.
15-бап. Уақытша әкiмшiлiк
1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк құрады, оның құрамына меншiк иесi мен уақытша басқару енгiзiлетiн әуежай пайдаланушының өкілдері кіруі мүмкін.
2. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушының уақытша басқаруы қолданылатын кезеңде:
1) әуежайды пайдаланушының басқару жөніндегі барлық өкiлеттiгi уақытша әкiмшiлiкке өтедi;
2) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
3) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушы басқару органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады;
4) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушының атынан және есебiнен уақытша әкiмшiлiктiктiң сыртынан және жазбаша келісімiнсiз жасалған мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
3. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңмен айқындалған құзыретi шегiнде халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушы қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға;
2) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушының атынан шарттар жасасуға және құжаттарға қол қоюға;
3) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежай пайдаланушының атынан және оның мүддесiнде өкiлдiктi, оның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;
4) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдалануға байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
5) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыны уақытша басқару кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
4. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқару мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктің қызметiн бақылауды:
1) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыны уақытша басқару кезеңіндегі қызметтiң негiзгi бағыттары туралы уақытша әкiмшiлiкке ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкiмшiлiктің өз қызметi және халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының қызметi туралы ақпарат беруiн талап етуге;
3) уақытша әкiмшiлiктiң атқарылған жұмыс туралы есебiн тыңдап, бекітуге құқылы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Уақытша әкiмшiлiктi құрудың, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Уақытша әкiмшiлiк мүшелерi мен азаматтық авиация ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.
16-бап. Уақытша басқаруды тоқтату
1. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы мынадай негiздер:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң аяқталуы;
2) уәкiлеттi органның уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы;
3) сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi бойынша тоқтатылады.
2. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруын оның енгiзiлуiн туғызған себептердiң жойылуына байланысты (соның iшiнде мерзiмiнен бұрын) тоқтату халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыға қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк белгiлеген барлық шектеулердiң жойылуына негiз болады.
17-бап. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнің жұмыс ерекшелiктерi
1. Әрбiр әуежай мен авиакомпанияның өз құрылымында тиiстi қажеттi техникалық құралдармен және кадр құрамымен жасақталған авиациялық қауіпсiздiк қызметi болуы мiндеттi.
Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнің жұмысы уәкiлеттi органмен, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен олардың құзыретiне сәйкес өзара қатынаста жүзеге асырылады.
Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн әуежай мен авиакомпанияның бiрiншi басшысы, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнің басшылары дербес жауапкершiлiкте болады.
2. Азаматтық авиацияның барлық ұйымдары авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiне, олар авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн, қажеттi жағдайлар жасауға міндеттi. Азаматтық авиация ұйымдары авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қызметтiк мiндеттердi орындауына кедергi жасауға құқығы жоқ.
3. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауiпсiздiк қызметтерi, авиациялық қауiпсiздiк жөнiнде белгiленген ережелерге сәйкес, азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу әрекетiнен қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының азаматы ғана авиациялық қауiпсiздiк қызметінің басшысы болуы мүмкiн. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшысын тағайындау мен қызметтен босату уәкiлеттi органмен және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсе отырып жүргізiледі.
5. Азаматтық авиация ұйымдары авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнiң басшысы мен мамандарының қызметтерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсе отырып уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
18-бап. Осы Заңды бұзғандық үшiн жауаптылық
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған азаматтық авиация ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде өзiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамаған азаматтық авиация ұйымдары аталған тармақта белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей ұйымды қайта ұйымдастыруға немесе таратуға мiндеттi.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының