2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Карантинді объектілерді анықтау тәртібi
1. Карантинді объектілерді уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдік, дәрілік және басқа да дақылдардың егістіктері мен көшеттері, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектілер және карантинге жатқызылған өнімді шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантинді объектілерді жұқтыру мен тарату көзі болуы мүмкін өзге де объектілер жүйелі түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.
2. Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсімдік ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектілердің карантиндік түрлерге тиістілігін айқындау және растау үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға жіберіледі. Объектілер анықталмаған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік түрлерге тиістілігін растау үшін оларды республикалық карантиндік зертханаға жібереді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аталған объектілерге бақылау тексерулерін жүргізеді. Тексеру нәтижелері өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау жүргізілгені туралы актімен ресімделеді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртібі
1. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.
Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен алынуға және жойылуға тиiс.
Карантиндiк шектеулер және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Дауларды шешу және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін
жауапкершілік
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу
Өсiмдiктер карантинi саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 16-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды
қаржыландыру
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңдарымен 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 189-IV (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
1. Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тiзбесiне сәйкес карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі нұсқамалары бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
Қазақстан Республикасы өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты карантиндi объектiлердi әкелу мен тарату жөніндегі өзара қауiпсiздiктi сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
20-бап. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттармен регламенттелсе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметiне жол берiледi.
21-бап. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының