1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi.
2. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастры мөлшерi мен сандық көрсеткiштерi көрсетiлген көмiлген заттар мен ағын сулардың типтерi мен түрлерiн сипаттайтын мәлiметтер, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жай-күйi туралы мәлiметтердi қамтиды.
3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 61- бап өзгертілді
61-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастры
1. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган жүргiзедi.
2. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, тау-кен техникалық және экологиялық жай-күйi көрсетiлген техногендiк минералдық түзiлiмдердiң типi мен түрлерiн сипаттайтын үйме объектi туралы мәлiметтердi қамтиды.
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
9-Тарау
Құқықтық шарттар
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 62-бап өзгертілді
62-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға құқығы бар:
1) өзiне берiлген контракт аумағы шегiнде контрактыда бекітілген шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың кез келген заңды әрекеттерiн өз еркiмен жүргiзу;
2) контрактыда басқа жағдай ескерiлмеген болса, өзiнiң әрекетiнiң нәтижелерiн, соның iшiнде минералдық шикiзатты өз қалауынша пайдалану;
3) контракт аумағында, қажет болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушыға белгiленген тәртiп бойынша бөлiнiп берiлген басқа жер учаскелерiнде, жұмысты жүргiзуге қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлер салуға, сондай-ақ контракт аумағы шегiнде және одан тыс аумақтарда жалпы пайдаланатын коммуникациялар және объектiлердi келiсу арқылы пайдалану;
4) осы Заңның 43-бабына сәйкес белгiленген контракт күшiнiң мерзiмiн ұзарту туралы келiссөздi бiрiншi кезекте жүзеге асыру;
5) жер қойнауын пайдалану операцияларымен байланысты жекелеген жұмыс түрлерiн жүргiзу үшiн мердiгерлердi тарту;
6) осы Заңмен белгiленген шарттарды сақтай отырып, өз құқығын немесе оның бөлiгiн басқа тұлғаларға беру;
7) осы Заңда және контрактыда белгiленген шарттарға сәйкес өз қызметiн тоқтату;
8) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 63-бап өзгертілді
63-бап. Жер қойнауын пайдаланушының мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжiрибесiне негiзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;
1-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) контракт аумағын тек қана контрактыда көзделген мақсаттарға пайдалануға;
3) егер контрактіде басқа мерзiм көрсетiлмесе, контракт тiркелген күннен бастап барлау немесе өндiру жұмыстарын жүргiзудi бастауға;
4) жер қойнауын пайдалану операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзуге;
4-1) жер асты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
5) қызметкерлердiң және халықтың денсаулығы мен өмiрiнiң қауiпсiздiгiн, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң технологиялық схемалары мен жобаларын сақтауға;
6) контракт аумағы шегiнде басқа адамдардың еркiн жүруiне, ортақ пайдаланылатын коммуникациялар мен объектiлердi пайдалану немесе, егер жер қойнауын пайдалану операциясына кедергi келтiрмесе және олар қауiпсiздiктiң ерекше жағдайларымен байланысты болмаса, онда жұмыстың барлық түрлерiн, соның iшiнде табиғи ресурстардың басқа түрлерiн барлауға және өндiруге кедергi жасамауға;
7) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
8) егер осы көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының резидент еместерi орындайтын бiртектес жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде қазақстандық жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мiндеттi түрде тартуға;
8-1) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзгенде қазақстандық мамандарға басымдық беруге;
9-1) келісім-шарт бойынша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру iсiн келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыруға;
10) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпарат ұсынуға;
10-1) құзыретті органға кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді орындауы туралы есеп беруге;
11) Қазақстан Республикасының бақылау органдарына олардың қызметтiк функцияларын атқару кезiнде қажет құжаттарды, мәлiметтердi кедергiсiз беру мен жұмыс орындарына өтуге мүмкiндiк жасауға және олар айқындаған кемшiлiктердi уақтылы жоюға;
12) контракт аумағындағы жұмыс нәтижесiнде алынған геологиялық есептердi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға беруге;
13) салықтарды, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды және өзге мiндеттi төлемдердi уақытылы төлеуге;
13-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу үшін жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша осы құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
13-2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша осы құзыретті органға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы есеп беруге;
13-3) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен табыс етуге;
14) қажет болған жағдайда, операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшiншi бiреуге, егер контрактыда өзгеше белгiленбесе, қатысушы жақтардың ортақ келісімi арқылы ғана беруге;
15) мәдени-тарихи маңызды объектiлердi сақтауға;
16) жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу әсерiнен бүлiнген жер учаскелерiн және басқа табиғи объектiлердi заңдарға сәйкес оны әрi қарай пайдалануға жарамды қалыпқа келтiруге ;
17) өз қызметiнiң экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
18) қоршаған ортаға зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға;
19) келісім-шарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргiзуге ;
20) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
21) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде тіркелуге міндетті.
2. Контрактыда жер қойнауын пайдаланушының заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды; 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 63-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 63-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) ;2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 63-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
63-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде қосалқы мердігерлердің сатып алуы мынадай тәсілдердің бірі:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден сатып алу;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы;
5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен жаңа редакцияда берілген 3 тармақ, 2010 жылғы 1 қазаннан қолданысқа енгізіледі (қолданыстағы редакцияны қара)
3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі міндетті түрде пайдаланыла отырып, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі.
4. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды өткізу туралы хабарландыру, конкурстық өтінімдерді ашу хаттамалары мен қорытындылар шығару хаттамалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде және аптасына кемінде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде орналастырылуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен өткізуге міндетті.
6. Осы баптың талаптары:
1) кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды.
7. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алутың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртібін бұза отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстар құзыретті орган ескеретін шығыстардан жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде алып тасталады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 63-2-баппен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63-2-бап өзгертiлдi
63-2-бап. Қазақстандық тауар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды және қызмет көрсетушілерді қолдау
1. Мердігер, сондай-ақ оның қосалқы мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, осы Заңның талаптарына сәйкес, қазақстандық тауар өндірушілерден, жұмыс орындаушылардан және қызмет көрсетушілерден сатып алуға міндетті.
2. Тауарлартың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қазақстандық өндiрушiлерi болған кезде конкурс өткізуге бiрыңғай шетелдiк ұйымдарды тартуға жол берiлмейдi.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңiмпазын анықтаған кезде тауарлары, жұмыстары және көрсететiн қызметтерi конкурстың талаптарына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылардың және қызмет көрсетушілердің конкурстық өтiнiмiнiң бағасын шартты түрде жиырма процентке азайтады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 63-3-баппен толықтырылды
63-3-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн
өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды
дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге
объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану
жөніндегі мiндеттемелердi iске асыру
Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушының iске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың және ұсынылған объектiлердi инвестициялауға арналған қосымша шарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушының аталған мiндеттемелердi орындауға байланысты шығындары өндiрiлген мұнайдан алынған өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыға өтелмейдi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 64-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзудiң шарттары
1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауын пайдалану бекітілген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Барлауды жүзеге асыратын мердiгердiң кен орнының қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзуге, егер бұл келісім-шартта және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
3. Барлау, өндiру не бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы жылдық жұмыс бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органмен, егер келісім-шартта мұндай келісу үшін өзгеше мерзiм белгiленбесе, бiрiншi жылы - келісім-шарт жасалған айдан кейінгі айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгі жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мердiгердiң техникалық жобаның шешімдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөніндегі мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиіс.
4. Жер қойнауын пайдаланушы жылдық бағдарламаны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша қайта қарауы мүмкiн.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу туралы есептердi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен табыс етуге мiндеттi.
6. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган жылдық жұмыс бағдарламаларының келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн олардың келісілген күнінен бастап бір айдан кешiктiрмей құзыреттi органға табыс етеді.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды
64-1-бап. Коммерциялық табу
1. Барлауға арналған келісім-шарттың негiзiнде жұмыс жүргiзген және коммерциялық табуды жасаған жер қойнауын пайдаланушының тiкелей келiссөздер жүргiзу негiзiнде өндiруге құқық алуға айрықша құқығы бар.
2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау нәтижесiнде кен орнын (кен орындарын) тапқан жағдайда бұл туралы құзыреттi органды хабардар етуге, кен орнына бағалау жүргiзуге және ол коммерциялық табу болып табыла ма, соған қорытынды жасауға мiндеттi. Табу туралы хабардар ету мерзiмдерi, бағалау, коммерциялық табудың бар екендiгi туралы шешiм қабылдауды талқылау рәсiмi келісім-шартпен айқындалады.
3. Коммерциялық табу кезiнде жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шарттың талаптарына сәйкес шығындарды толық немесе iшiнара өтеу құқығы берiледi. Бұл ретте негiзсiз ұлғайтылған сипаттағы немесе кен орындарын ашудың оң тәжiрибесiмен сай келмейтiн немесе жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгi, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласында мемлекет белгiлеген ережелер мен нормаларды бұзуымен байланысты не олардың Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісім-шартта жүктелген өзге де мiндеттердi бұзуымен байланысты шеккен шығындарын өтеуге жол берiлмейдi.
4. Егер барлау нәтижесiнде коммерциялық табу болмаса, жер қойнауын пайдаланушының салынған қаржыларының өтеуiн алуға құқығы жоқ.
65-бап. Кен орнын бiрлесiп игеру
1. Кен орнын бiрлесiп игеру, бiр кен орнының әр бөлiктеріндегі жер қойнауын пайдаланушылардың өндiру операцияларын үйлестiру болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар кен орнын бiрлесiп игеру жөнiнде өзара жазбаша келісім жасауларына болады. Бұл келісім құзыреттi органмен келісілуге тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргiзудi тоқтату немесе
тоқтата тұру кезіндегі мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру кезiнде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндiрiстiк объектiлерi және жер учаскелерi тұрғындардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiлуi қажет. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудi уақытша тоқтатқан кезде, тоқтатылған мерзiмнiң барлық уақытында кен орнының сақталуын қамтамасыз ету үшiн, кен орны консервациялануға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң салдарлары жойылуға тиiс.
2. Барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтатқанда немесе барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтата тұрғанда, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуда және (немесе) пайдалануда, жұмыс аяқталған кездегi геологиялық және өзге құжаттар, осы Заңның 69-бабында белгiленген тәртiппен сақталуға өткiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
67-бап. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алу құқығы
Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын әлемдiк нарық бағасынан аспайтын бағамен бiрiншi кезекте сатып алуға құқығы бар. Сатылып алынатын пайдалы қазбалардың шектi мөлшерi, олардың бағасы мен төлем түрлерiн анықтау тәртібі контрактыда ескерiледi.
2. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
68-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау
1. Соғыс, табиғи апат кезiнде немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тән пайдалы қазбалардың барлығын немесе бiр бөлiгiн реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Республика мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше жағдайдың барлық мерзiмiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Пайдалы қазбаларды реквизициялау жер қойнауын пайдаланушылардың меншiк түрiне және мемлекеттік тиесiлiгiне қарамастан, олардың әрқайсысында жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы, реквизицияланған пайдалы қазбалардың өтемақысын заттай немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен, ревизициялау күніндегі әлемдiк нарық бағасымен төлейдi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа иелiк құқығы
1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қор мөлшерi, игеру жағдайлары, сондай-ақ геологиялық есептердегi, карталардағы және басқа материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпараттар, егер олар Республикалық бюджеттiң қаржыландыруы арқылы алынса - ол мемлекеттік меншiкте, егер бұл мәлiметтер жер қойнауын пайдаланушының жеке қаржысына алынса - жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болып табылады.
1-1. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзу барысында алынған ақпарат, қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттiң меншiгi болып табылады және жұмыстарды жүргiзу аяқталған соң орындаушы оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға беруге тиiс.
2. Қаржыландыру көздерiне қарамай жер қойнауы жайындағы геологиялық және өзге ақпараттар мiндеттi түрде белгiленген стандартқа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға сақтауға, жүйелеуге және жинақтап қорытындылауға өтеусiз тапсырылады.
3. Мемлекет меншiгіндегі жер қойнауы жайындағы геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және басқа мақсаттарға пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3-1. Мемлекеттік меншiктегi геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігi ретiнде айқындалады.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушының қаржысына алынған, осы баптың 2-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етiлген геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және өзге мақсаттарда пайдалану тәртібі мәлiмет иесi мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы келісімiнен анықталады.
Осы келісіммен барлық геологиялық ақпараттардың немесе оның бөлiгiнiң құпиялық мерзiмi, сондай-ақ контрактының қолданылу кезiнде геологиялық ақпараттарды жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру шарттары және мүмкiндiктерi анықталады.
5. Контрактының күшi тоқтатылған кезде, барлық геологиялық ақпараттар мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi органға барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттардың өзге де материалдық сақтаушыларын өтеусiз тапсыруға мiндеттi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Жер қойнауын пайдаланушының контракт шарттарын сақтауын бақылау
Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын, соның iшiнде жұмыс бағдарламасын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган мұндай бұзушылықты жою қажеттiгін жазбаша хабарламамен көрсете алады.
Ескерту талаптары белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда, құзыреттi орган осы Заңның 45-2-бабына сәйкес контрактыны бұзуға құқылы.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 70-1- бап жаңа редакцияда
70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн
мемлекеттік органдар тарапынан бақылау