30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) мемлекеттік органның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті мемлекетке тиесілі және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша оған қатысты иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінен, сондай-ақ оған қатысты осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша басқару органының функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуы;
32) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
33) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;
34) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
37) акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мүшелеріне, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38) тармақша өзгертілді
38) мамандандырылған ұйымының (агенттің) отандық өнім өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін, және оның тереңдете өңделген өнімдерін сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
39) мемлекеттік статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
40) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу;
41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;
42) түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелері кәсіпорындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымнан сатып алу;
44) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған және сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіретін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, осындай сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың көлемі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітіп, айқындайды;
45) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46) электр энергиясын сатып алу;
47) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
48) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 49) тармақшамен толықтырылды
49) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 50) тармақшамен толықтырылды
50) жұмылдыру тапсырмаларын (тапсырыстарын) орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 51) тармақшамен толықтырылды
51) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды тікелей отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 52) тармақшамен толықтырылды
52) отандық тауар өндірушілердің - мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімдерді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 53) тармақшамен толықтырылды
53) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 54) тармақшамен толықтырылды
54) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 55) тармақшамен толықтырылды
55) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 56) тармақшамен толықтырылды
56) отандық тауар өндірушілерден мемлекеттік материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 57) тармақшамен толықтырылды
57) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 58) тармақшамен толықтырылды
58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері сақтала отырып, жүзеге асырылады.
5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі
1. Мемлекеттік сатып алу процесі:
1) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;
3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
Осы тармақтың ережелері осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған қызметі мен орны;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.
4. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жібереді не табыс етеді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
1) мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушілердің тиісті бюджетін нақтылау немесе түзету және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаның паспортына және (немесе) қаржыландыру жоспарына (кірістер мен шығыстар сметасына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде;
2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушілердің, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды кейіннен енгізе отырып, жоспарланатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған шешімнің көшірмесін және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мемлекеттік сатып алу жоспарынан үзінді көшірме табыс етуге міндетті.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын ақпараттық жүйелерді не электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен жібереді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілуге жатпайды.
7. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.
Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.
8. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.
10. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінің бюджеттік бағдарламасының паспортына, бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті
6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға
байланысты шектеулер
1. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшыларының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатыстары бар болса және осындай заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін негіз болған жол берген бұзушылықтары сот шешімімен танылса;
4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
5) баланстық құны тиісті негізгі құрал-жабдықтар құнының он процентінен асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) мүлкіне тыйым салынса;
6) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
3. Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.
4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
Тапсырыс беруші өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі болуға;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қызметінің бейіні тапсырыс беруші үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне сай болуға тиіс.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен аффилииренген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
5) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы.
6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны) айқындауға осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда жол беріледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалуға тиіс.
8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік
талаптары
1. Әлеуетті өнім берушіге жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2) төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан асатын мерзімге салық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізілетін әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі, осы баптың 2-тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген тиісті құжаттарды табыс етеді.
5. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды табыс етеді.
6. Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін:
1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжатты;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тарақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) әлеуетті өнім берушінінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор не тауар биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.
3) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
Лицензиялануға тиісті қызметтің түрлерін жүзеге асырушы әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеті оның Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін беруі арқылы расталады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.