14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
1. Уәкілетті орган:
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгізу, уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен асатын шығыстар баптарын бес проценттен астамға арттыру, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсаттан тыс пайдалану, тарифтiк сметаның шығындарының баптарын орындауда бекітілген мөлшерiнен бес проценттен артық ауытқуы арқылы келтiрген залалды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткізуге;
4-1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, өздерінде белгіленген тәртіппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;
5) мыналардың:
тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітудiң;
тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;
уақытша төмендету коэффициентiн бекітудiң тәртібін айқындауға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мыналарға:
табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;
6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кінәлі адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті.
2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу:
1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекітумен;
1-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекітумен;
1-2) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекітумен;
2) тарифтiк сметаны бекітумен;
3) уақытша төмендету коэффициентiн бекітумен;
4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекітумен;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртібін бекітумен;
6) есепке алу саясатын келiсумен;
7) уақытша өтемдiк тарифтi бекітумен жүзеге асырылады.
2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсіндегі станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-1-бап өзгертілді
15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн қалыптастырудың тәртібі
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегінде табиғи монополия субъектісі шығыстарының баптарын шектеуді;
3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;
4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртібін қолданады.
Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін Уәкілетті орган бекiтедi.
2-1. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету тәртібі
1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген (аз қуатты табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және нормативтен тыс ысырап болған кезде, оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тоқсан күннен кешіктірмей өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi.
Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшiн өтiнiм беру кезіндегідей көлемде табыс етуге мiндеттi.
3. 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының)
немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік
сметаларының жобаларын қарау тәртібi
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге өтінімдерді қарауға қабылдаған жағдайларда уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік сметаларының жобаларына сараптама жүргізеді.
Сараптама жүргізген кезде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектілері тартылады.
2. Уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында:
1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде кемінде он бес күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде кемінде жеті күн бұрын жария тыңдауларды өткізу күні мен орны туралы ақпаратты жариялауға міндетті.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар қолданылмайды.
Жария тыңдаулар:
1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлерін бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде отыз күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде он бес күн бұрын;
3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде жеті күн бұрын;
4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде бір күн бұрын өткізіледі.
Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізудің күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтерудің себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты беруге міндетті.
Жария тыңдаулар өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган елу бес күн ішінде, ал тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі бекітілген жағдайда уәкілетті органның талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептер берілген жағдайда жүз алпыс бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген кезден бастап есептеледі.
4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган он күн ішінде қарайды.
5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкілетті органның төтенше реттейтін шаралар түрінде қабылдайтын шешімдеріне қолданылмайды.
6. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту туралы шешімдерге қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту туралы
1. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде он күн бұрын жiберiлуге тиiс.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту, төтенше реттелетін шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды бекітуді және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екі айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Төтенше реттелетін шаралар ретінде бекітілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу уәкілетті орган айқындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын жеткізуге мiндеттi.
5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту:
1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне;
4) егер табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілген болса, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге жүргізіледі.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту тәртібін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды.
Оңайлатылған тәртiппен бекітілген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекітуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекіту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бiр шамасының қолданылу мерзiмi белгiленедi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-1-бап өзгертілді
18-1-бап. Табиғи монополиялар саласында жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді хабарлаудың немесе келісудің негіздері мен тәртібі
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында мынадай іс-әрекеттерді жасауға:
1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 процентiнен асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) оннан астам процентiн сатып алуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы немесе келісімін алу талап етіледі.
1-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келісім беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5) тармақшаларында аталған іс-әрекеттерді жасау үшін уәкілетті органға алдын ала ақпарат жолдауға міндетті.
Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.
3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келісім алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртібімен шағымдана алады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 18-3-бап өзгертілді
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ; 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 166-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-4-бап өзгертілді
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4, 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.