3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы:
1) ойын мекемесіне еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін шектеулер қоюға;
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2) ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің ережелерін бұзған адамдарды құмар ойындарына жібермеуге құқылы.»;
16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 16-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 16-2 баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
16-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 16-3 баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
16-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап ойын бизнесі саласындағы қызметпен шұғылдану құқығына 2007 жылғы 1 сәуірге дейін берілген лицензиялардың күші тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 219-III ҚРЗ