Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдер шығарғаны, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.
73-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
529-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Кодекс, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 12) тармақшасын, 290-баптың 5-тармағын және 433-баптың 2-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
530-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы
2003 жылғы 1 мамырдан бастап «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 13; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат; № 18, 338-құжат; 2001 ж., № 15-16, 224-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 6, 74-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат) күші жойылды деп танылсын.
531-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялары болған жеке және заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін оған сәйкес келтіруге міндетті.
2. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктер ол келісім-шарттар бұзылмаған жағдайда, сол келісім-шарттарда белгіленген мерзімге дейін өз күшін сақтайды.
Қазақстан Республикасының