Ұшу және қонуға бет алу аймағы - ұшу және қонуға бет алу кезiнде әуе кемелерiнiң маневр жасауын қамтамасыз ететiн әуеайлақ деңгейiнен екiншi эшелонның белгiленген биiктiгiне дейiнгi шекараны қосқандағы әуе кеңiстiгi.
Қалыпты ұшулар аймағы (NOZ) - жалпы енi ҰҚЖ осьтiк сызығының жалғасынан бастап аралық қорғау аймағының таяу шекарасына дейiнгi екi еселенген қашықтыққа тең ҰҚЖ осьтiк сызығы жалғасының екi жағында орналасқан әуе кеңiстiгiнiң дәлiзi. Әдетте, қалыпты ұшулар аймағындағы шегiнен әуе кемелерiнiң маневрлерi диспетчердiң араласуынсыз орындалады.
Қалыпты ұшу аймағының ұзындығы деп, ҰҚЖ шегiнен бастап, әуе кемесi ҰҚЖ осьтiк сызығын жалғастыруға шығатын нүктеге дейiнгi аралық есептеледi.
Ұшуды шектеу аймағы - өз шегiнде әуе кемелерiнiң ұшулары белгiлi бiр жағдайлармен шектелген мемлекет аумағының немесе аумақтық суларының үстіндегі белгiленген көлемдегi әуе кеңiстiгi.
Күту аймағы - белгiлi бiр көлемдегi әуеайлақ ауданында (аэроторапта) әдетте радионавигациялық нүктенiң (бұдан әрi - PHH) үстiнде белгiленген әуе кемелерiнiң қонуға бет алу және/немесе әуеайлақ аймағына жақындау кезегiн күтуiне арналған әуе кеңiстігi.
Аймақтық навигация (RNAV) - әуе кемелерiне радиомаяктық навигациялық құралдардың қолданылу аймағының шегiнде немесе өздiгiнен басқарылатын құралдардың, немесе олардың құрамдастырымдарының мүмкiндiктерiмен анықталған шекте кез келген қолайлы траекториялар бойынша ұшуды орындауға мүмкiндiк беретiн навигация әдiсi.
NOTAM хабарламасы - кез келген азронавигациялық жабдықты (немесе оның жұмыс регламентiн) iске қосу немесе өзгерту, қызмет көрсету және ұшу ережелер туралы ақпаратты; немесе қауіп-қатер, ұшулардың қауіпсіздігі үшiн маңызы аса зор уақтылы алдын алу туралы ақпаратты қамтитын хабарлама.
Қозғалыс туралы ақпарат - ӘҚҚ органынан шығатын ұшқышты оның орналасқан жеріндегі немесе белгiленген ұшу бағытына жақын тұруы мүмкiн басқа да белгiлi немесе байқалып отырған әуе кемелерi туралы алдын алу үшiн берiлетiн және ұшқышқа қауiптi жақындасуды немесе соқтығысып қалуды болдырмауға көмектесетiн ақпарат.
Авиациялық оқиға - ұшуды орындау мақсатында әуе кемесiн пайдалану кезiнде оның экипажының, басқа авиациялық персоналының осы кеменiң қалыпты жұмыс iстеуiнiң бұзылуына байланысты немесе сыртқы ортаның ықпалына байланысты болған, бiрақ авиациялық оқиғаға әкеп соқпаған оқиға. Әуе кемесiнiң командирi немесе экипаждағы аға пилот (ұшқыш) мамандығы, сондай-ақ ӘК экипажына басшылық жасауға, дербес ұша алатын және осы үлгiдегi әуе кемесiн басқару дайындығы және тәжiрибесi бар адам.
Әуеайлақтың бақылау нүктесi - әуеайлақтың географиялық орнын анықтайтын әуеайлақтың ұшу алаңындағы шартты нүкте.
Бақылау пунктi (бағдар) - оған қатысты әуе кемесiнiң тұрған жерiн анықтауға немесе хабарлауға мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр географиялық бағдар.
Қонуға бет алудың соңғы кезеңi - қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң белгiленген бақылау нүктесiнде (немесе нүктесiнде) басталатын, немесе ондай нүкте болмаған кезде аспап бойынша қонуға бет алу схемасының бөлiгi:
1) стандарттық бұрылудың соңғы учаскесiнiң аяғында, тура қонуға арналған бұрылыста немесе «ипподром» үлгiсіндегі жақындау жолы сызығының бұрылысында, егер осындай жағдай көзделсе;
2) жолдың қону сызығына шығу нүктесiнде қонуға бет алу схемасында; және одан қону орындалуы немесе екiншi шеңберге шығу басталуы мүмкiн әуеайлақ ауданының нүктесiнде аяқталады.
Консультациялық әуе кеңiстiгi - белгiлi бiр көлемдегi әуе кеңiстiгi немесе оның шегiнде әуе қозғалысына консультациялық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету белгiленген бағыт.
Әуе қозғалысына консультациялық қызмет көрсету - уәкiлеттi органның ұшқыштарға ұшуларды қауiпсiз орындау немесе әуе кемелерiнiң қозғалысы үшiн ұсынатын консультациясы мен қажеттi ақпараттар және олар:
1) бағыт бойынша ұшуға консультациялық қызмет көрсетумен (ұшуды байқаумен);
2) әуежайға консультациялық қызмет көрсетумен (келетiн және кететiн әуе кемелерiне ақпарат берумен) қамтамасыз етiледi. Ақпараттар сипаты жағынан консультациялық болып табылады және ӘҚҚ (ӘҚБ) қызметтерiнiң рұқсатына негiзделмейдi;
3) консультациялық радиолокациялық қызмет көрсетумен (радиолокациялық байқау негiзiнде консультациямен қамтамасыз етумен) қамтамасыз етiледi.
Консультациялық бағыт - әуе қозғалысына консультациялық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн ұшу ақпараты ауданының шегіндегі бағыт.
Бақыланатын әуеайлақ - онда әуеайлақтық қозғалысқа диспетчерлiк қызмет көрсету қамтамасыз етiлетiн әуеайлақ.
Бақыланатын әуе кеңiстiгi - әуе кеңiстiгiнiң сыныпталуына сәйкес оның шегiнде АҰЕ бойынша ұшуларға және ҚҰЕ бойынша ұшуларға диспетчерлiк қызмет көрсету ұсынылатын белгiлi бiр көлемдегi әуе кеңiстiгi.
Бақыланатын ұшу - диспетчерлiк рұқсат болған кезде орындалатын және диспетчерлiк қызмет көрсетумен (ӘҚҚ) қамтамасыз етiлетiн әуе кемесiнiң кез келген ұшуы.
Қауiпсiздiктiң ақырғы аймағы - ҰҚЖ сызығы жалғасуының екi жағында симметриялық түрде орналасқан және жолақтың аяғына жапсарлас жатқан ұшақ ҰҚЖ-ға дейiн ұшып жетпей қонған кезде немесе ҰҚЖ-дан тысқары шығып кеткен кезде зақымдану қатерiн азайтуға арналған аймақ.
Тежеудiң ақырғы жолағы - ұшуға көтерiле алмаған жағдайда әуе кемесiн тоқтатуға арналған ақырғы қауiпсiздiк аймағының жер бетiнiң арнайы дайындалған тiк бұрышты учаскесi.
Крейсерлiк эшелон - ұшудың едәуiр бөлiгi iшiнде төзiмдi бола алатын эшелон.
Ұшу алаңы - әуеайлақтың бiр немесе бiрнеше ұшу жолақтары, рөлдеу жолдары, перрондар және арнайы мақсаттағы алаңдар орналасқан бөлiгi.
Ұшу жолағы - әуеайлақтың ҰҚЖ-iн қауiпсiздiктiң ақырғы аймағын (бұдан әрi - ҚАА) және ақырғы тежеу жолағын (бұдан әрi - АТЖ) (егер олар көзделген болса) қамтитын және:
1) әуе кемелерiнiң ұшуын және қонуын қамтамасыз етуге;
2) ҰҚЖ-дан тысқары шығып кеткен әуе кемелерiнiң зақымдану қатерiн азайтуға;
3) ұшу немесе қону уақытында үстiнен ұшып өтетiн әуе кемелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған ұшу алаңының учаскесi.
Жол сызығы - оның кез келген нүктесіндегі оның бағыты әдетте меридиандардың солтүстiк (ақиқат, магниттiк немесе шарттық) бағытынан бастап есептелетiн бұрыштық градуспен көрсетiлетiн әуе кемесiнiң жер үстiнде ұшу траекториясының проекциясы.
Маркер - кедергiлердi немесе шекараларды (межелердi) белгiлеу үшiн жер деңгейiнен жоғары орнатылатын объект.
Таңбаланған меже - оның орналасуы бұрыштық өлшеу - қашықтықты өлшеу жүйесi, радионавигациялық нүкте (бұдан әрi - РНН) немесе жеке жетектi радиостанциясының орнатылған жерi (бұдан әрi - ЖЖРС) немесе маркерлiк маяк бойынша белгiленетiн әуе трассасына (ұшу бағытына, дәлiзге) перпендикуляр тiк жазықтықтағы әуе кеңiстiгіндегі меже (нүкте).
ӘҚҚ бағыты - ол әуе қозғалыстарына қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында әуе кемелерiнiң қозғалыс тасқынын бағыттауға арналған белгiленген бағыт. Тиiстi жағдайларда әуе трассасын, консультациялық бағытты, бақыланатын немесе бақыланбайтын бағытты, келу немесе ұшып шығу бағытын белгiлеу үшiн пайдаланылады.
Таулы жер - жер бедерi ойлы-қырлы және салыстырмалы биiктiгi 500 м және одан да астам 25 км радиустағы жер, сондай-ақ теңiз деңгейiнен биiктiгi 2000 м және одан да асатын жер.
Төбелi жер - жер бедерiнiң салыстырмалы биiктiгi 200 м-ден 500 м-ге дейiн 25 км радиустағы жер.
Жазық жер - жер бедерi салыстырмалы биiктiгi 200 м-ге дейiн 25 км радиустағы жер.
Метеоконсультация - метеорологпен ұшуды орындауға байланысты нақты және/немесе күтiлетiн метеорологиялық жағдайларды талқылау; талқылау сұрақтарға жауаптарды қамтиды.
Төмендеудiң ең төмен абсолюттiк (MDA)/ салыстырмалы биiктiгi (MDH) қонуға дәл емес бет алу схемасында немесе шеңбер бойынша көзбен шолып қонуға бет алу схемасында көрсетiлген абсолюттiк/салыстырмалық биiктiк, одан төмен құлдилау бағдарлармен көзбен шолатын байланыссыз жүргiзiлмейдi. Биiктiк әуеайлақтың асып түсуiнен немесе ҰҚЖ-ның шегiнен асып түсуiнен бастап, егер оның асып түсуi әуеайлақтың асып түсуiнен 2 м кем болса есептелетiн болады.
Аймақта ұшудың ең төмен абсолюттiк биiктiгi - ортасында радионавигациялық құралдар орналасқан таяудағы 30 метрге дейiн дөңгелектенген (көптеу жағына) көрсетiлген аймақта да барлық кедергiлердiң үстiнен 300 м немесе таулы жерде 600 м тiгiнен ең аз қорды қамтамасыз ететiн аспаптық метеорологиялық жағдайларда (бұдан әрi - АМЖ) пайдалануға жататын ең аз абсолюттiк биiктiк.
Секторда ұшудың ең төмен абсолюттiк биiктiгi - авариялық сатылар да пайдаланылуы мүмкiн және ортасында радионавигациялық құралдар орналасқан радиусы 50 км шеңбер секторындағы барлық объектiлерден жоғары 300 м биiктiктiң ең төмен қорын қамтамасыз ететiн ең аз абсолюттiк биiктiк.
Әуеайлақтың минимумы - көру мүмкiндiгiнiң, ҰҚЖ-дағы, бұлттардың төменгi шекарасындағы биiктiктi көру мүмкiндiгiнiң және тiгiнен алғандағы (немесе шешiмдi қабылдау биiктiгi - ШҚБ) көру мүмкiндiгiнiң ең төмен жол берiлетiн мәнi, бұл жағдайда осы әуеайлақта әуе кемесiнiң осы үлгiсiнiң ұшуы мен қонуын орындауына рұқсат етiледi.
Авиациялық жұмыстар түрiнiң минимумы - жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген ұшулар ережесін қолдана отырып авиациялық жұмыстар түрлерiн орындау рұқсат етiлетiн көру мүмкiндiгiнiң және бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiнiң ең төмен мүмкiндiктi мәнi.
Әуе кемесiнiң минимумы - осы үлгiдегi әуе кемесiнде ұшу мен қонуды қауiпсiз жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ҰҚЖ-дағы және бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгiн көру мүмкiндiгiнiң, тiгiнен алғандағы (немесе ШҚБ) көру мүмкiндiгiнiң ең төмен мүмкiндiктi мәнi.
Әуе кемесi командирiнiң минимумы, әуе кемесi экипажы мүшесiнiң минимумы - бұл жағдайда ұшқышқа осы үлгiдегi әуе кемесiнде ҚҰЕ бағыты бойынша ұшуды, қонуды немесе ұшуды орындауға рұқсат етiлетiн көру мүмкiндiгiнiң, ҰҚЖ-дағы және бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiн (немесе ШҚБ) көру мүмкiндiгiнiң ең төмен мүмкiн мәнi.
Крейсерлiк режимде биiктiктi алу - ұшақ массасының азаю дәрежесiне қарай абсолюттiк биiктiктiң өсуiн қамтамасыз ететiн крейсерлiк режимде ұшақты басқару.
Қонуға бет алудың алғашқы учаскесi - қонуға бет алудың алғашқы кезеңiнiң бақылау нүктесi және қонуға бет алудың аралық кезеңiнiң бақылау нүктесi немесе тиiстi жағдайларда қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң бақылау нүктесi (немесе нүктелерi) арасында аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасының учаскесi.
Тәуелсiз қосарлас ұшулар - қосарлас немесе қосарлас дерлiк жабдықталған ҰҚЖ-дан бiр мезгiлде ұшып шығу.
Қонуға тәуелсiз қосарлас бет алу - жапсарлас ҰҚЖ осьтiк сызығының жалғасында тұрған әуе кемелерiнiң радиолокациялық эшелондау минимумдары орнатылмаған жағдайда қосарлас немесе қосарлас дерлiк жабдықталған ҰҚЖ-ға бiр мезгiлде қонуға бет алу.
Жабдықталмаған ұшу-қону жолағы - қонуға көзбен шолып бет алуды орындайтын әуе кемелерiне арналған ҰҚЖ.
Бағдарлармен қажеттi көзбен шолу байланыс - ұшқыштың әуе кемесiнiң орналасқан жерiн және ұшудың номиналдық траекториясына қатысты оның өзгеру жылдамдығын бағалауға жеткiлiктi уақыт iшiнде қонуға бет алу немесе зонасының көзбен шолу құралдары бiр бөлiгiнiң көру мүмкiндiгiн бiлдiредi.
Бақыланбайтын әуе кеңiстiгi - бақылаудың континенттiк ауданы, бақылау ауданы, бақылау аймағы, бақылаудың әуеайлақтық ауданы немесе өтпелi аудан ретiнде анықталмаған әуе кеңiстiгiнiң бөлiгi, мұнда ӘҚҚ қызметi өкiлеттiкке ие емес және әуе кемесiнiң қозғалысына бақылауды жүзеге асыруға жауап бермейдi.
Қонуға дәл бет алмау және қону - электрондық құралдардың көмегiмен қалыптасатын глиссада бойынша дәлдеудi пайдаланбай-ақ аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону.
Жабдықталған ұшу-қону жолағы - төменде аталған ҰҚЖ үлгiлерiнiң бiреуi:
1) қонуға бет алудың дәл емес жүйесi бойынша бет алу үшiн және көзбен шолу құралдарымен және ең болмағанда әуе кемесiн қонуға түзу бет алу бағытында дәлдеудi қамтамасыз ететiн көзбен шолып көруге болмайтын құралдардың қандай да болмасын түрiмен жабдықталған ҰҚЖ;
2) ИКАО I санаты бойынша қонуға дәл бет алу үшiн жабдықталған ҰҚЖ. ILS жүйесiмен және ИКАО I санатты минимумы бойынша қонуға бет алуға арналған көзбен шолып көру құралдарымен жабдықталған ҰҚЖ;
3) ИКАО II санаты бойынша қонуға бет алу үшiн жабдықталған ҰҚЖ. ILS жүйесiмен және ИКАО II санатты минимумы бойынша қонуға бет алуға арналған көзбен шолып көру құралдарымен жабдықталған ҰҚЖ;
4) ИКАО III санаты бойынша қонуға дәл бет алуға жабдықталған ҰҚЖ. ҰҚЖ-ның барлық бетiне дейiн және өн бойында әрекет ететiн және ИКАО III санаты минимумы бойынша арналған және мыналар үшiн арналған:
III А., жерге қонудың қорытынды кезеңiнде көзбен шолу құралдарын пайдалана отырып, көру мүмкiндiгiнiң алыстығы кемiнде 200 м (ЖҚБ бойынша шектелусiз) кезiнде қонуға бет алу және қону үшiн;
III В., рөлдеу кезiнде көзбен шолу құралдарын пайдалана отырып, көру мүмкiндiгiнiң ұзақтығы кемiнде 50 м (ЖҚБ бойынша шектелусiз) қонуға бет алу және қону үшiн;
III С., аспаптар бойынша қондыру және рөлдеу үшiн.
Мұз қату - әуе кемесiнiң әртүрлi бөлiктерiнде мұздың қатуы. Қарқындылығына байланысты мынадай болып бөлiнедi:
әлсiз - қанаттың алдыңғы жиегiне 0,5 мм/мин дейiн мұз қатқан кезде;
орташа - қанаттың алдыңғы жиегiне 0,5 мм/мин бастап 1 мм/мин дейiн мұз қатқан кезде;
қатты - қанаттың алдыңғы жиегiне 1 мм/мин астам мұз қатуы.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету - тиiстi жағдайларда ұшу-ақпараттық қызмет көрсетудi, авариялық құлақтандыруды, әуе қозғалысына консультациялық қызмет көрсетудi, әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi (аудандық диспетчерлiк қызмет көрсету, жақын келгенде диспетчерлiк қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсету) бiлдiретiн жалпы термин.
Желдiң жылдамдығы бойынша шектеулер - осы үлгiдегi әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын қауіпсіз жүргізуге мүмкiндiк беретiн метеожағдайлар мен ҰҚЖ жай-күйiне байланысты желдiң бойлай және бүйiрлей соғу жылдамдығының шектi мүмкiндiктi мәнi, сондай-ақ авиациялық жұмыстардың осы түрiн орындауға рұқсат етілетін жағдайында желдiң соғу жылдамдығының шекті мүмкіндікті мәнi.
Қауiптi жақындасу - әдейi емес және ұшу тапсырмасында көзделмеген әуе кемелерiнiң бiр-бiрiмен немесе басқа материалдық объектiлермен осы ережемен белгiленгеннiң жартысынан кем аралықта жақындасуы, оның нәтижесiнде олардың бiр-бiрiмен соқтығысу қаупi туындайды.
Ұшуларды шектеу және оларды орындау тәртібі - әуе кемесiнiң Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң жекелеген аудандарында (аймақтарда) ұшуларды орындаудың белгiленген тәртібі.
Ерекше жағдай - авиациялық техниканың тосыннан iстен шығуы немесе әуе кемесi мен жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн экипаждан стандартты емес iс-қимылдар жасауды талап ететiн жағдайларға тап болуы нәтижесiнде пайда болатын жағдай.
Қауiптi аймақ - өзiнiң шегiнде белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң шектерiнде әуе кемелерінің ұшулары үшiн қауiп төндіретін қызметтi жүзеге асыру мүмкін болатын белгiленген көлемдегi әуе кеңiстiгi.
Әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету органы; әуе қозғалысын басқару органы - ӘҚҚ диспетчерлiк пункттерi, сондай-ақ олар үшiн белгiленген аймақтарда және аудандарда өз құзыретi шегiнде әуе қозғалысын жоспарлау, үйлестiру және қызмет көрсету функцияларын атқаратын ведомстволық командалық және диспетчерлiк пункттер.
Өтпелi қабат - өту биiктiгi мен өту эшелоны арасындағы әуе кеңiстiгi.
Өтпелi қабатта көлденеңнен ұшу тәртібімен ӘК ұшуларына тыйым салынады.
Ұшу жоспары - әуе қозғалысына қызмет көрсету (басқару) органдарына ұсынылатын әуе кемесiнiң көзделiп отырған ұшуы немесе ұшудың бар бөлiгi туралы белгiлi бiр мәлiметтердi қамтитын белгiленген нысандағы құжат.
Маневр жасау алаңы - перронды қоспағанда, әуе кемелерiнiң ұшуына, қонуына және рульдеуiне арналған әуеайлақтың бөлiгi.
Ұшу уақыты - ұшу мақсатында қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) от алдыру басталған сәттен және тұраққа (перронға) рөлдеп жүруден кейiн соңғы қозғалтқышты өшiрген сәтке дейiнгi есептелетiн экипаждың (экипаж мүшесiнiң) жұмыс уақыты. Сол сияқты тiкелей тренажердың кабинасында ұшақтың кешендi тренажерiн (бұдан әрi - ҰКТ) пайдалана отырып экипаждың (экипаж мүшесiнiң) жұмысқа жұмсайтын уақыты.
Әуе қозғалысында ұшу-ақпараттық қызмет көрсету ұшуларды қауiпсiз және тиiмдi орындау үшiн пайдалы консультацияларды және ақпаратты беру мақсатында қамтамасыз етiлетiн қызмет көрсету; ӘҚҚ-ның барлық түрлерiнде берiледi.
ҰҚЖ шегi - әуе кемелерiнiң қонуы үшiн пайдаланылуы мүмкiн ҰҚЖ учаскесiнiң басталуы.
Қону қашықтығы (қажеттi) - қону бетiнiң үстiнен 10,7 м биiктiкте орналасқан нүктеден бастап ӘК-тiң қонуы және толық тоқтауы үшiн қажеттi көлденеңi бойынша қажеттi қашықтық.
I санатты қону минимумы - шешiм қабылдау биiктiгi кемiнде 60 м және не ҰҚЖ-да көру мүмкiндiгi кемiнде 800 м, не көрiну қашықтығы кемiнде 550 м-дей аспаптар бойынша қонуға дәл бет алу және қону;
II санатты қону минимумы - шешiм қабылдау биiктiгi 60 м-ден кемiрек, бiрақ 30 м-ден кем емес және не ҰҚЖ-да көрiну қашықтығы 400 м, не ҰҚЖ-да көрiну қашықтығы 350 м-ден кем емес аспаптар бойынша қонуға дәл бет алу және қону;
III А санатты қону минимумы - шешiм қабылдау биiктiгi 30 м-ден кем немесе шешiм қабылдау биiктiгi бойынша шектелусiз, ҰҚЖ көрiну қашықтығы 200 м-ден кем емес аспаптар бойынша қонуға дәл бет алу және қону;
III В санатты қону минимумы - ШҚБ-ға дейiн 15 м-ден кем, не шешiм қабылдау биiктiгi бойынша шектеусiз және ҰҚЖ-да көрiну қашықтығы 200 м-ден кем, бiрақ 50 м-ден кем емес аспаптар бойынша қонуға дәл бет алу және қону;
III С санатты қону минимумы - шешiм қабылдау биiктiгi және ҰҚЖ-да көрiну қашықтығы бойынша шектеусiз, аспаптар бойынша қонуға дәл бет алу және қону.
Бағдардан айырылу - ұшқыш (экипаж) белгiленген ұшуды жалғастыру үшiн қажеттi дәлдiкпен өзiнiң тұрған жерiн анықтай алмайтын жағдай.
Қосарлас дерлiк ҰҚЖ - жалғастырылған осьтiк сызықтың түйiсу/ажырасу бұрышы 15 градус немесе одан да кем болып табылатын бiр-бiрiмен қиылыспайтын ҰҚЖ.
Көзбен шолып ұшу ережесi (бұдан әрi - КҰЕ) - әуеде әуе кемелерi мен басқа да материалдық объектiлердiң арасында ұшқыштың әуе жағдайын көзбен шолып байқауы арқылы белгiленген аралықтар сақталатын ереже.
Аспаптар бойынша ұшу ережесi (бұдан әрi - АҰЕ) - ӘҚҚ органдары тарапынан мiндеттi бақылау жағдайында пилотаждық-навигациялық ұшуларды орындауды және олардың әуе кемелерiнiң арасындағы эшелондаудың белгiленген аралықтарды қамтамасыз етуiн көздейтiн ереже.
Қонуға көзбен шолып бет алу ережесi - АҰЕ бойынша ұшу кезiнде қонуға бет алу рәсiмiн реттейтiн ереже, бұл жағдайда аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасы iшiнара немесе толық сақталмайды және бет алу жер үстіндегі көзбен шолу бағдары бойынша орындалады.
Әуеайлақтан асып түсу - ҰҚЖ-ның ең жоғары нүктесiнiң абсолюттiк биiктiгi (қону алаңының ең жоғары нүктесi).
ҰҚЖ шегiнен асып түсу - ҰҚЖ шегi бетiнiң теңiз деңгейiнен асып түсуi.
Қонуға бет алудың ұйғарылып отырған уақыты - бұл ӘҚҚ органының есебi бойынша келетiн әуе кемесi кiдiруден кейiн күту пунктiнен шығып қонуға бет алуын аяқтау үшiн кететiн уақыт. Күту пунктiнен нақты шығу уақыты қонуға бет алуды орындауға диспетчерлiк рұқсатқа байланысты.
Аспаптық метеорологиялық жағдайлар - көру мүмкiндiгi қашықтығы, бұлттарға және бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiне дейiнгi қашықтық шамаларымен көрсетiлген және аспаптық әдiспен анықталған метеорологиялық жағдайлар.
Қону алдындағы түзу - төртiншi бұрылудан шығу нүктесiнен жерге қону нүктесiне дейiнгi қонуға бет алу схемасының қорытынды бөлiгi.
Аралық қорғаныш аймағы - қонуға тәуелсiз қосарлас бет алу кезiнде бұл екi ҰҚЖ-ның жалғасып жатқан осьтiк сызықтарының арасындағы ортасында орналасқан және оған әуе кемесi қонуға бет алған кезде кез келген қатер төнген аралас ҰҚЖ-на қонуға бет алуды орындайтын әуе кемесiнiң маневрiн басқару үшiн диспетчердiң араласуы қажет болатын белгiлi бiр көлемдегi әуе кеңiстiгiнiң дәлiзi.
Аралық қорғаныш аймағының ұзындығы ҰҚЖ-ның таяу шегiнен тiгiнен алғандағы эшелондауы 300 м немесе бойлық эшелондау 5-10 км болатын екi ҰҚЖ-ның ұзына бойы созылған осьтiк сызығында орналасқан әуе кемелерiнiң арасындағы аралық азаятын нүктеге дейiн анықталады.
Аралық қорғаныш аймағының мәнi мынадай, қосарлас ҰҚЖ бiр мезгiлде бет алған әуе кемелерiнiң бiреуi аралық қорғаныш аймағына шыққан жағдайда эшелондауды қамтамасыз ету үшiн диспетчердiң араласуы қажет.
Қонуға бет алудың аралық учаскесi - қонуға бет алудың аралық кезеңi бақылау нүктесi мен қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң бақылау нүктесiнiң (немесе нүктенiң) арасындағы немесе керi схеманың, «ипподром» үлгiсіндегі схемамен немесе есептеу әдiсiмен жүргiзiлетiн жол сызығының шетi мен қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң бақылау нүктесi (немесе нүктенiң) арасындағы аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасының учаскесi.
Мiндеттi хабар-ошар беру пунктi - ұшқыш ұшып өткенi туралы ӘҚҚ органының диспетчерiне хабарлауға мiндеттi әуе трассасындағы, бағытындағы, әуе дәлiзіндегі географиялық нүкте (бағдар), радионавигациялық нүкте (РНН).
Күту пунктi - қасында диспетчерлiк рұқсаттарға сәйкес ұшуды орындайтын әуе кемесi қалуы көзбен шолып көру немесе өзге де құралдардың көмегi арқылы танылатын белгiлi бiр орын.
Радиохабар - нақты станцияға (немесе станцияларға) жолданбайтын аэронавигацияға қатысты ақпаратты беру.
Радиолокациялық бақылау - әуе кемелерiне ұшудың нақты траекториясынан едәуiр ауытқуға қатысты ақпаратты және хабарламаларды беру мақсатында радиолокаторды пайдалану.
Радиолокациялық эшелондау - радиолокациялық көздерден алынған олардың орналасқан жерi туралы деректер негiзiнде жүзеге асырылатын әуе кемелерiнiң эшелондауы.
Қону түзу сызығында бұрылу - әуе кемесiнiң алыстау жол сызығының аяқталған жерi мен қонуға бет алудың аралық немесе соңғы кезеңiнiң жол сызығы басталар жердегi орындайтын керi бұрылуы. Бұл жол сызықтарының бағыты қарама-қарсы болып табылмайды.
Бөлек қосарлас операциялар - қосарлас немесе қосарлас дерлiк жабдықталған ҰҚЖ-ны бiр мезгiлде пайдалану, бұл жағдайда бiр ҰҚЖ тек қонуға бет алуға ғана, ал екiншi ҰҚЖ тек ұшуға ғана пайдаланылады.
Әуеайлақ ауданы - әуеайлақтың және оған жапсарлас жатқан жерлердiң үстiнде көлбеу және тiк жазықтықта белгiленген шекарадағы әуе кеңiстiгi.
Iздестiру-құтқаруды қамтамасыз ету ауданы (аймағы) - өзiнiң шекараларында ұшуларды iздестiру-құтқаруды қамтамасыз етуді жүзеге асырылатын аудан (аймақ).
Iздестiру-құтқару жұмыстарының ауданы - апатқа ұшырау үстіндегі (ұшыраған) әуе кемесiнiң экипажын және жолаушыларын iздестiру және құтқару оның шекараларында жүзеге асырылатын аудан.
Екпiн алуда орындалатын қашықтық - ұшатын ұшақтың екпiн алуы үшiн орындалатын және жарамды деп жарияланатын ҰҚЖ-ның ұзындығы.