1. Егер тараптар дауды төрелiкте iс қарау барысында реттесе, төрелiк iс қарауды тоқтатады және тараптардың өтiнiшi бойынша бұл реттеудi келісілген шарттармен төрелiк шешiм ретiнде тiркейдi.
2. Келісілген шарттардағы төрелiк шешiм осы Заңның 28-бабының ережелерiне сәйкес шығарылуға тиiс. Мұндай төрелiк шешiм даудың мәнi бойынша кез келген басқа төрелiк шешiм сияқты орындалуға тиiс.
28-бап. Төрелiк шешiмнiң нысаны мен мазмұны
1. Төрелiк шешiм жазбаша нысанда жазылады және оған төрелiк құрамына кiретiн төрешiлер, соның iшiнде ерекше пiкiрi бар төрешi қол қояды, оның жазбаша ұстанымы төрелiк шешiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Егер төрелiк iс қарау алқалы түрде жүзеге асырылса, онда басқа төрешiлердiң қолдары болмауының дәлелдi себебi көрсетiлген жағдайда, шешiмге төрелiктiң құрамына кiретiн төрешiлердiң көпшiлiгi қол қоюы мүмкін.
2. Төрелiк шешiмде төрелiктiң күнi мен орны, төрелiк шешiм негiзделген дәлелдер көрсетiледi.
3. Төрелiк шешiм қабылдағаннан кейiн шешiмнiң данасы әрбiр тарапқа тапсырылуға не жiберiлуге тиiс.
29-бап. Төрелiк iс қарауды тоқтату
1. Төрелiк iс қарау осы баптың 2-тармағында аталған негiздер бойынша төрелiк iс қарауды тоқтату туралы ұйғарым шығару арқылы тоқтатылады.
2. Төрелiк, егер:
жауапкер даудың мәнi бойынша шешiлуiне өзiнiң заңды мүддесiнiң болуына байланысты төрелiк iс қарауды тоқтатуға қарсылығын мәлiмдемесе ғана, талапкер өзiнiң талабынан бас тартқан және төрелiк бас тартуды қабылдаған;
төрелiк өзiне шешуге берiлген дауды қарауға төрелiктiң құзыретi жоқ екендiгi туралы ұйғарым шығарған;
сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша қабылданған құзыреттi соттың немесе төрелiктiң заңды күшiне енген шешiмi болған;
тараптар төрелiкте iс қарауды тоқтату туралы келісімге келген;
төрелiкте iс қараудың тарабы болып табылатын коммерциялық ұйым таратылған;
төрелiк iс қараудың тарабы болып табылатын жеке тұлға қаза тапқан (қайтыс болды деп жарияланған) не ол хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда төрелiкте іс қарауды тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
30-бап. Шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша шешiм
1. Егер тараптар өзге мерзiмге келiспесе, төрелiк шешiмдi алғаннан кейiн алпыс күн iшiнде:
1) тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiктен шешiмдегi есептеулерде жол берiлген кез келген қателердi, жаңылыс жазуларды немесе жаңсақ жазылымдарды не осындай сипаттағы өзге де қателердi түзетудi өтiнуi мүмкiн;
2) тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiктен қабылданған шешiмнiң қандай да бiр нақты тармағына немесе бөлiгiне түсiнiктеме берудi өтiнуi мүмкiн.
Егер, төрелiк өтiнiштi негiздi деп санаса, оны алғаннан кейiн отыз күн iшiнде тиiстi түзетулер енгiзуге немесе түсiнiктеме беруге тиiс. Төрелiк шешiмге шығарылған түсiнiктеме төрелiк шешiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады.
2. Төрелiк шешiм шығарылған күннен бастап есептегенде отыз күн iшiнде төрелiк өз бастамасы бойынша осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған кез келген қатенi түзете алады.
3. Егер, тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiктiң шешiмiн алғаннан кейiн төрелiкте iс қарау барысында мәлiмделген, алайда шешiмде көрiнiс таппаған талаптарға қатысты қосымша шешiм шығаруды алпыс күн iшiнде төрелiктен өтiнуi мүмкiн. Егер төрелiк өтiнiштi негiздi деп санаса, оны алғаннан кейiн алпыс күн iшiнде қосымша төрелiк шешiм шығаруы тиiс.
4. Төрелiк қажет болған жағдайда мерзiмдi ұзарта алады, бiрақ бұл мерзiм алпыс күннен аспауға тиiс, осы мерзiм iшiнде осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес, қателердiң түзетiлуi, түсiнiктеме берiлуi немесе қосымша төрелiк шешiм шығарылуы қажет.
7-тарау. Төрелік шешімге шағым жасау
31-бап. Төрелiк шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiш
1. Төрелiктiң шешiмiне құзыреттi сотта шағым жасау осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес күшiн жою туралы өтiнiш беру арқылы ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Құзыреттi сот, егер:
1) күшiн жою туралы өтiнiш бiлдiрген тарап:
құзыреттi сот төрелiк келісім тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз немесе тараптар оны бағындырған заң бойынша, ал мұндай нұсқау болмаған кезде - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк келісімнiң күшi жоқ деп тануының;
төрешiнiң тағайындалуы туралы немесе төрелiк iс қарау туралы оның тиiстi түрде хабардар болмағанының немесе құзыреттi сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша өзiнiң түсiндiрулерiн табыс ете алмағанының;
төрелiк шешiмнiң төрелiк келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғандығының, не төрелiк келісімнiң шегiнен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың төрелiктiң ведомстволық қарауына жатпауы салдарының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда ғана төрелiк шешiмнiң күшiн жоюы мүмкiн.
Егер, төрелiк келісіммен қамтылған мәселелер жөніндегі төрелiктiң шешiмi мұндай келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешiмдерден бөлiнуi мүмкiн болса, онда төрелiк келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешiмдерден тұратын төрелiк шешiмнiң бөлiгi ғана күшiн жоюы мүмкін;
төрелiктiң құрамы немесе iс қараудың төрелiк рәсiмi тараптардың келісімiне және төрелiктiң регламентiне сәйкес келмегендiгінiң;
2) құзыреттi сот төрелiк шешiмнiң Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн немесе төрелiк шешiм шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк iс қараудың нысанасы болуы мүмкiн еместiгiн айқындауының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда ғана төрелiк шешiмнiң күшiн жоюы мүмкiн.
3. Күшiн жою туралы өтiнiш осы өтiнiштi мәлiмдеген тараптың төрелiк шешiмдi алған күнiнен бастап үш ай өткеннен кейiн, ал өтiнiш осы Заңның 30-бабына сәйкес берiлген жағдайда, төрелiк осы өтiнiш бойынша шешiм шығарған күннен бастап мәлiмделуi мүмкiн емес.
4. Құзыреттi сот тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша төрелiк iс қарауды жаңарту үшiн не төрелiк шешiмiнің күшін жоюдың негiздемесiн жоюға мүмкiндiк беретiн өзге де шараларды қолдану үшiн төрелiк шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзудi белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
5. Құзыреттi сот төрелiк шешiмнiң күшiн жою туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымға Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес шағым жасалуы немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
8-тарау. Төрелік шешімдерді тану және орындау
32-бап. Қазақстан Республикасында төрелiк шешiмдi
тану және орындау
1. Төрелiк шешiм мiндеттi деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi сотқа жазбаша өтiнiш берiлген кезде орындалады.
Құзыреттi сот шет мемлекетте шығарылған төрелiк шешiмдi таниды және атқарушылық iс жүргiзу органдары өзара негiзде орындайды.
2. Төрелiк шешiмдi негiзге алатын немесе оны орындау туралы өтiнiш беретiн тарап төрелiк шешiм мен келісімдi немесе олардың куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге тиiс. Егер төрелiк шешiм немесе келісім шетел тілінде жазылса, тарап бұл құжаттардың мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiліндегі куәландырылған аудармасын табыс етуге тиiс.
33-бап. Төрелiк шешiмдi танудан немесе орындаудан
бас тарту үшiн негiздемелер
1. Құзыреттi сот мына негiздер бойынша:
1) егер осы тарап құзыреттi сотқа:
құзыреттi сот төрелiк келісім тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз не әрекет қабiлетi шектеулi деп тануының;
төрелiк келісімнiң оны тараптар бағындырған заң бойынша жарамсыздығының;
шешiм өзiне қарсы шығарылған тараптың төрешiнiң тағайындалуы туралы немесе төрелiк iс қарау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенiнiң немесе құзыреттi сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша өзiнiң түсiнiктемелерiн табыс ете алмағанының;
төрелiк шешiмнiң төрелiк келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғандығының, не төрелiк келісімнiң шегiнен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратынының, сондай-ақ даудың төрелiктiң ведомстволық қарауына жатпауы салдарының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда ғана төрелiк шешiмнiң қай елде шығарылғанына қарамастан, оны танудан немесе орындаудан бас тартады.
Егер, төрелiк келісімде қамтылған мәселелер жөнiндегі төрелiктiң шешiмi мұндай келісімде қамтымайтын мәселелер жөнiндегі шешiмдерден бөлiнуi мүмкiн болса, онда төрелiк келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешiмдерден тұратын төрелiк шешiмнiң бөлiгі ғана күшiн жоюы мүмкін;
төрелiктiң құрамы немесе iс қараудың төрелiк рәсiмi тараптардың келісімiне сәйкес келмегендiгiнiң немесе ол болмағанда, төрелiк орналасқан елдiң заңына сәйкес келмегендiгiнiң;
шешiм тараптар үшiн әлi де мiндеттi емес болғанының немесе күшi жойылғанының немесе оның орындалуын өз заңына сәйкес шешiм шығарған елдiң соты тоқтатып қойғандығының;
2) егер құзыреттi соттың осы төрелiк шешiмдi тану немесе орындау Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн немесе төрелiк шешiм шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк iс қараудың нысанасы болуы мүмкiн еместiгін анықтауының дәлелдемелерiн табыс етсе, төрелiк шешiмнiң қай елде шығарылғанына қарамастан, оны танудан немесе орындаудан бас тартады.
2. Құзыреттi сот төрелiк шешiмдi тану немесе орындау туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымға Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес шағым жасалуы немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана қ., 2004 ж. желтоқсанның 28-і
№ 23-III ҚРЗ