17) 450-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді. Салықтық өтініш арнаулы салық режимін қолдануға арналған өтініште көрсетілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.»;
жетінші бөліктегі «20 ақпаннан» деген сөздер «ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 471-баптың кестесіндегі 1.90.-жол алып тасталсын;
19) - 20) тармақшалар 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 569-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «бойынша құқығы жоқ.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.»;
20) 611-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «бастап он жұмыс күні ішінде» деген сөздер «кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ., № 8, 44-құжат):
1) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы д-3) тармақшасымен толықтырылсын:
«д-3) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар ретіндегі халықтың мүдделерін қорғау мақсатында, айырбас пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасының сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы;»;
и-1) тармақшасындағы «қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
2) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы ж-2) тармақшамен толықтырылсын:
«ж-2) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу және оларды белгілеу тәртібін айқындау;»;
3) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
Қазақстан Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;
2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;
4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді;
5) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;
6) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және оларды тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
7) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
8) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;
9) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды;
10) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;
11) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын белгілейді;
12) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.
Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындауға құқылы.»;
4) 62-2-баптың 3) тармақшасының екінші абзацындағы, 62-3-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті» деген сөздер «валюталық операцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат;):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбастау пункттері - шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;
2) валюта - мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазынашылық билеттері және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түріндегі, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;
3) валюталық құндылықтар:
шетел валютасы;
номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
тазартылған құйма алтын;
резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда қолданылатын, ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда қолданылатын резиденттер шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар;
4) валюталық операциялар:
валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың ауысуына байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану;
валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару;
5) валюталық шарт - енгізілген өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келісім, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар;
6) коммерциялық кредиттер - тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) берушілер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тікелей жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем);
7) қаржы заемдары:
заемдар (коммерциялық кредиттерді қоспағанда);
шет елде халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында құрылған, олардың еншілес ұйымдары енгізген банктердегі салымдар (депозиттер);
борышкердің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге берілетін ақша;
үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кредитор алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауы, соның нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлікті сыйақымен немесе онсыз қайтару жөніндегі міндеттемесі орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеттілігі туындайды;
қаржы лизингі, сондай-ақ кейіннен өтеуін төлеп сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда);
8) мәміле паспорты - валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін, белгіленген нысандағы құжат;
9) резидент еместер:
осы баптың 10) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;
егер оларды құру туралы халықаралық (мемлекетаралық) келісімде өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар;
шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері;
10) резиденттер:
Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік қызметінде жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
11) тікелей инвестициялар:
егер осындай салымдарды жүзеге асыратын тұлғаға осы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті (қатысушылары дауысының жалпы санының он және одан да көп проценті) тиесілі болса немесе осындай салымдардың нәтижесінде тиесілі болатын болса, заңды тұлғаның акцияларын (қатысушыларының салымдарын) төлеуге зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды қоса алғанда, ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды және өзге де мүлікті салу;
осы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті (қатысушылары дауысының жалпы санының он және одан да көп проценті) тиесілі тұлға жүзеге асыратын, заңды тұлғаның жарғылық капиталдан өзге капиталын ұлғайтуға әкелетін мүлікті салу;
12) уәкілетті банктер - Қазақстан Республикасында құрылған банктер және осы баптың 13) тармақшасында аталғандарды қоспағанда, валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша жүргізілетін валюталық операцияларды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
13) уәкілетті ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;
14) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы;
15) шетел валютасы - шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктері;
16) шетелдік банктер - Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер және өзге де қаржы институттары;
17) экспорт (импорт) - резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) тауарларды сатуы, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі.»;
2) 5-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;»;
3) 6-бапта:
тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.»;
2-тармақтағы «осы баптың 1-тармағында аталған қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша сауда нүктелері мен айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін» деген сөздер «шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Осы баптың 1-тармағында аталған» деген сөздер «Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күнтізбелік отыз күн» деген сөздер «отыз жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-бапта:
3 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Валюталық операцияға қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тіркеу үшін:
1) егер валюталық шартқа тіркеу режимі басынан бастап қолданылған жағдайда - тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы басталғанға дейін;
2) егер тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы валюталық шартқа тіркеу режимін қолдануға әкеп соққан жағдайда - осындай міндеттемені орындау басталғанға дейін;
3) егер тіркеу режимі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде және валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы қажет болған кезде қолданылған жағдайда - осындай міндеттемелерді орындау басталғанға дейін;
4) өзге жағдайларда - валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруге міндетті.»;
«7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мән белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді.»;
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Валюталық операциялар туралы хабарлама
1. Хабарлама режимі валюталық операцияларға қатысушы резиденттердің және (немесе) уәкілетті банктердің, сондай-ақ клиенттер тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық шарт бойынша белгіленген нысанда ақпарат ұсынуын және жүргізілген операциялар мен валюталық шарттың өзгерістері туралы кейіннен ақпарат ұсынуын қамтиды.
Уәкілетті банктер және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тұрақты негізде есептер беру нысанында жүзеге асырылған валюталық операциялар туралы хабарлама беруге рұқсат етіледі.
2. Егер хабардар етілуге жататын валюталық операцияларға қатысты тұрақты негізде есептер беру талабы белгіленбесе, валюталық операцияға қатысушы резидент валюталық шарт жасалғаннан кейін, бірақ ол бойынша міндеттемелерді тараптардың бірі орындауды бастаған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті. Егер хабарлама тәртібі валюталық шартқа ол бойынша міндеттемелерді орындау процесінде қолданылған болса - валюталық шарт бойынша жүзеге асырылатын валюталық операциялар хабарлануға тиісті күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
Шетелдік банкте шот ашқан жағдайда хабардар ету осы Заңның 25-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайлар мен мерзімде жүзеге асырылады.
3. Тұрақты негізде есептер беру нысанында хабардар ету жағдайларын қоспағанда, хабарламаны растауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттің валюталық шарт туралы ақпаратты табыс еткен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл ретте, валюталық операцияға қатысушы резидентке белгіленген үлгідегі құжат - хабарлама туралы куәлік беріледі.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операциялардың жасалу мән-жайларын нақтылау мақсатында соның негізінде валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шартты талап етуге құқылы.
5. Уәкілетті банктер және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда клиенттердің валюталық операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінe хабарлай отырып жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мәні белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт хабарлануға жатады, хабарламаның нысаны мен тәртібі, сондай-ақ хабарлама режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді.»;
6) 10-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруы» деген сөздер «шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылып ұсынылады.»;
7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау
1. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына:
1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;
2) резидент емес міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын есептеуді білдіреді.
Резидент ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының репатриациялау мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Репатриациялау мерзімі тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен резидент есептейтін уақыт кезеңі болып табылады.
Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы.
2. Репатриациялау талабы осы Заңға сәйкес:
1) біртекті қарсы талапты есепке жатқызу арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе орындалу тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
3) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған;
4) резиденттің резидент еместен тартылған заем талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық және шетел валютасы нақты есептелген жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі.
3. Резидент резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап ету құқығын қабылдаған резидентке көшеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мәміленің сомасынан асып кеткен кезде мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін оған қатысты шекті мәнді белгілейді.
5. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды бақылау мақсатында, валюталық шартта резидент еместердің міндеттемелерді орындау мерзімдері міндетті түрде көзделуі тиіс.
Міндеттемелердің орындалу мерзімдері өзгерген, репатриациялаудың белгіленген мерзімдеріне әсерін тигізетін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті негіздемені және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті.
6. Осы баптың талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды салық қызметі, кеден және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
8) 13-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) номиналдық құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тазартылған құйма алтынды сатып алу және сату жөніндегі операциялар;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар;»;
9) 16-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацы «банктердегі» деген сөзден кейін «банктік» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақша «банктердегі» деген сөзден кейін «банктік» деген сөзбен толықтырылсын;
3) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысулар;»;
«10) осы Заңда белгіленген тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердегі шоттар арқылы резидент еместер жүзеге асыратын операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары, сондай-ақ шетелдік банктердегі уәкілетті банктердің корреспонденттік шоттары арқылы төлемдер мен ақша аударымдары;»;
екінші бөлігі «уәкілетті банктердегі» деген сөздерден кейін «банктік» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңда оларға қатысты мәміле паспортын тіркеу, хабарлау және ресімдеу талабы белгіленген валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «лицензиялау» деген сөз «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «пайдалану және» деген сөздерден кейін «банктік» деген сөзбен толықтырылсын;
10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Шетел валютасын сатып алу және сату
1. Өздеріне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елдерде сатуға және сатып алуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді.»;
11) 18-баптың 2-тармағындағы «қолма-қол шетел валютасын және (немесе)» деген сөздер «қолма-қол шетел валютасын және баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі қолма-қол» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 20-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарлар экспортына (импортына) байланысты 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер тіркеу режимінде жүзеге асырылады.
Резиденттің немесе резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзге де орындауының нақты мерзімі 180 күннен асып кеткен жағдайда, тіркеу режимі тауарлар экспортына (импортына) байланысты және 180 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттерге де қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Жұмыстар, қызметтер көрсету экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер хабарлама режимінде жүзеге асырылады. Хабарлауды осындай төлемдерге қызмет көрсететін уәкілетті банк жүргізеді.