2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде персоналдың санаттары мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.
Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Зиян мөлшерін анықтау тәртібі. Жұмыс берушінің
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
бойынша сақтандыру төлемі
1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесінің белгіленуіне байланысты жалақыдан (кірістен) айрылуына байланысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Қызметкерге бір жылдан аспайтын немесе одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстардың, сондай-ақ қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерін
сақтандырушы осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде айқындайды.
Жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
4. Сақтандырушы қызметкерге бір жылдан аспайтын кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты, сондай-ақ денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес ресімделген құжаттардың негізінде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеген кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде төлейді.
Жәбірленуші қызметкер осы тармақта көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
5. Жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлға қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сақтандырушы қызметкердің не қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлғаның жазбаша өтініші бойынша өтініш берушінің болашақта жұмсалатын шығыстарының есебіне сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
7. Қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың
жалақысынан (кірісінен) айрылуына байланысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың жалақысынан (кірісінен) айрылуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі пайда алушы таңдаған аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, онымен сақтанушы аннуитет шартын жасасуға міндетті сақтандыру ұйымына аударылады.
8. Қызметкердің қаза болуына немесе оның денсаулығының зақымдануына байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі нақты зиян мөлшерінде, бірақ жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде төленеді.
Егер осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған сақтандыру төлемінің мөлшері аннуитет шартын жасасу үшін жеткіліксіз болса, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына сақтанушының есебінен айырмасы төленеді.
9. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебінен жүргізіледі.
20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда ұсынады.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркеледi:
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сақтандыру шартының көшірмесі;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбірленуші қызметкерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттар;
3) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
4) қызметкер қайтыс болған жағдайда, қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және пайда алушының зиянды өтету құқығын растайтын құжат;
5) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы туралы қорытындысының көшірмесі.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша тiкелей денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға төленуi мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
21-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының мынадай жағдайларда:
1) сақтанушының жауапкершiлiгi, оның қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасаған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал еткен қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталғанда;
2) сақтанушы сақтандыру жағдайынан келетiн залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаған кезде төленген сома шегiнде сақтанушыға керi талап қоюға құқығы бар.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалға жауапты тұлғаға сақтанушы, жәбірленуші қызметкер қоя алатын керi талап құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға оның төленген сомалары шегiнде ауысады.
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi
Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
23-бап. Аннуитет шартын жасасу
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс беруші осы Заңның 19-бабы 7-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.
2. Аннуитет шарты жұмыс берушiнiң өзi келтiрген зиянды өтеу жөніндегі жауапкершiлiгi туындаған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.
24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртібі
1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бiр күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы мен жазатайым оқиға туралы акт куәландырудың негiздемесi болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты белгiлеудiң тәртібін уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша бекiтедi.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
25-бап. Дауларды шешу
Осы Заңды орындау бойынша жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
26-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттік статистикалық есептiлiгi
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттік статистикалық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес статистика мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
27-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Назарбаев
Астана қ., 2005 жылғы ақпанның 7-сі.
№ 30-III ҚРЗ