гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптарды белгілеу жөнінде комиссия құру туралы өтінішті қабылдау туралы белгісі бар, сақтанушы өтінішінің көшірмесі;
тізбесі міндетті сақтандыру шартында белгіленетін, нақты кірістің алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) егістер ішінара жойылған кезде кірісті бағалау жөніндегі есебі қоса тіркеледі.
Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуіне жол берілмейді.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы сақтанушыға құжаттардың толық тiзбесiн және олардың қабылданған күнiн көрсете отырып, анықтама беруге мiндеттi.
11-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;
сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерi салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн, сондай-ақ мыналар:
сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлауы;
сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;
сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеруге және оған келтiрiлген залалдың мөлшерiн белгiлеуге кедергi жасауы;
егер сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғанын уақтылы бiлгенi не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы оның сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпегенi дәлелденбеген жағдайда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбауы;
осы Заңның 15-бабы 2-тармағының алтыншы абзацында белгiленген мерзiмдердi бұза отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн анықтау жөніндегі комиссияны құру туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына өтiнiш беруi;
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
3. Сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде сақтанушыға бас тарту себептерiн жазбаша нысанда дәлелдi негiздеме келтiре отырып, хабарлайды.
4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағым жасауы мүмкiн.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды
мемлекеттік қолдау
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау сақтандырушыларға және қоғамдарға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу және агент көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Агент көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен агент арасында жасалатын шартқа сәйкес агенттің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Агентке өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалатын шарт негізінде өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Қазақстанның Ұлттық Банкі) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттан Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі депозиттерге орналастырылуы мүмкін.
Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттың кіріс бөлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шарт негізінде беретін бюджет қаражатының және уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан түсетін кірістердің есебінен құралады.
Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттың шығыс бөлігі депозиттерге орналастыру сомаларын, сақтандырушыларға және қоғамдарға төленетін сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуге жұмсалатын шығыстарды қамтиды.
Қаржы жылының аяғында Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шотта қалған қаражаттың қалдығы өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және тиісінше бюджетке қайтаруға жатпайды.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу
туралы талап қою тәртібi
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Агентке жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы қойылатын талапты сақтандырушы немесе қоғам сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша өтініш нысанында ұсынады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
жүргізілген сақтандыру төлемін растайтын құжаттар (төлемдік тапсырма - түпнұсқа, сақтандырушының немесе қоғамның мөрімен расталған шығыс ордерінің көшірмесі немесе инкассалық өкімнің түпнұсқасы);
сот шешімі бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған жағдайда соттың күшіне енген шешімінің көшірмесі;
егістер ішінара жойылған жағдайда сақтандырушы немесе қоғам растаған бағалау кірісін бағалау туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, аталған құжаттар сақтандырушыға немесе қоғамға ескертпелерді жою үшін қайтарылады. Бұл ретте сақтандырушыға немесе қоғамға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу мерзімі құжаттарды қайта алған кезден бастап есептеледі, ол бірақ жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Агент жүргізілген сақтандыру төлемін өтеуді осы Заңға сәйкес сақтандырушымен жасалған сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарт негізінде жүзеге асырады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтандырушы агентке көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агенттің сақтандырушыға немесе қоғамға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартуға құқығы бар.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырушы немесе қоғам сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындаудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Сақтандырушы:
қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органын құрған комиссияның құрамына қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiнде зерттеу жүргiзу үшiн өз өкiлiн жiберуге;
құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттарды сұратуға;
сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау үшiн қатыстырылған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) есеп-қисаптарын пайдалануға;
агенттен сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн бюджет қаражатынан алуға;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және оларды агентке енгiзуге;
бағалау кiрiсiн дербес немесе бағалаушыны (тәуелсiз сарапшыны) қатыстыра отырып айқындауға;
сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасасудың осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімін бұзған жағдайда, бұл шартты жасасудан бас тартуға құқылы.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Сақтандырушы:
салдары сақтанушыға залал келтiрудi туындатқан сақтандыру жағдайының басталуы кезiнде сақтанушы өндiретiн өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша осы Заңда және мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
сақтанушымен осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімде міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн алу үшiн агентпен сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі, талаптары және мерзiмдерi туралы шарт жасасуға;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды өткізу жөніндегі статистиканы жүргiзу мен жинақтауға және оны агентке оның талабы бойынша ұсынуға;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың өзi әзiрлеген ережелерiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсуге;
күшіне енген міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпаратты мiндеттi сақтандыру шарты жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей, сақтанушы мен агенттiң арасында жасалған үлгi шартта көзделген тәртiппен агентке ұсынуға;
сақтанушыны өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың ережелерiмен таныстыруға;
сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
өзi қатыстырып отырған бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге;
жүргізілген сақтандыру төлемі мен оның мөлшеріне қатысты барлық сот шешімдері және (немесе) ұйғарымдары туралы агентке солар шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде хабарлауға;
қолайсыз табиғат құбылысы туындаған кезде сақтанушының өтініші бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптарды айқындау жөнінде зерттеу жүргізу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкілін жіберуге міндетті.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толылықтырлды
2-1. Сақтандырушы ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу агротехнологиясын сақтау жөнінде талаптар қоюға құқылы емес.
3. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге құқықтары мен мiндеттерi де бар.
15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушы:
мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мiндеттi сақтандыру талаптарын, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
шеккен залал туралы жасалған бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;
сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен дау айтуға;
қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiс алқабында өсiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақтылы немесе бағалау кiрiсiн бағалаудың нәтижесiмен келiспеген жағдайда, сотқа жүгiнуге;
мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сомасын есептеп шығару үшiн осы Заңның 7-бабында көрсетiлген шығындар нормативi түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтанушы:
осы Заңның 17-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;
сақтандыру сыйлықақыларын мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде төлеуге;
дереу, бірақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін қолайсыз табиғат құбылысының болу фактісі туралы өзіне белгілі болғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандырушыға бұл жөнінде қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға міндетті.
Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуға тиіс. Егер сақтанушының дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиіс;
агенттiң, сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, олардың өнiмдi жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiне бақылау жасауына кедергi келтiрмеугe;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың} жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнінде комиссия құру туралы:
қысқа мерзімді табиғат құбылысы кезінде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
ұзақ мерзімді табиғат құбылысы кезінде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өз құзыреттеріне сәйкес осындай құбылыс фактісін растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егістерге әсері анықталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өтініш беруге;
әрбір жекелеген ауыспалы егіс жерлерінде өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыруға;
сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту шараларын қолдануға;
осы Заңның 10-бабының 2-тармағында аталған, сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға мiндеттi.
3. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
16-бап. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Агенттiң:
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәжiрибесiн қорытуға;
өзiнің құқықтары мен өзiне жүктелген міндеттерді іске асыру үшiн мiндеттi сақтандыруға қатысушылардан қажеттi ақпаратты, соңын iшiнде сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Агент:
сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң белгiлi бiр түрiн өндiруге арналған шығындардың бекітілген нормативтерi туралы ақпаратты жеткізуге;
қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органын құрған комиссияның құрамында қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлетiн алқаптардың мөлшерiн анықтау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;
осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды алған кезден бастап, жеті жұмыс күні ішінде өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн сақтандырушыға, қоғамға осы Заңда белгiленген мөлшерде өтеуге;
қолайсыз табиғат құбылысының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн үлгi нысанның негiзiнде сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы сақтандырушымен, қоғаммен шарт жасасуға мiндеттi.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де мiндеттерi бар.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Агент сақтандырушыларға, қоғамдарға ақшаны осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде, сақтандырушы, қоғам сақтандыру төлемi бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушының, қоғамның агентпен шартының талаптарын мiндеттi түрде сақтау шартымен бөледi.
5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырлды
16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттерi
1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтаманы дайындау кезінде қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргізуге құқығы бар.
2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қолайсыз табиғат құбылысының фактісін растайтын немесе растамайтын анықтаманы:
1) сақтанушыға - тегін, екі дана етіп, қысқа мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік үш күн ішінде, ұзақ мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік бес күн ішінде;
2) өзге де мүдделі тұлғаларға - белгіленген тәртіппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге міндетті.
17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты
1. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындаған егіс мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмейдi.
4. Мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарт күшiнiң мерзiмi аяқталғанда;
2) шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылғанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
5. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
6. Сақтанушы немесе шарт өзiнiң пайдасына жасалған өзге тұлға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылады.
18-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
19-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының