осы арқылы алуды куәландыратын _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) мына лоттар бойынша тендерлік құжаттамаға сәйкес тауарларды беруі жүзеге асыруды ұсынады: _____
________________________________________________________________________________________________
(тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау)
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
Осы тендерлік етінім мыналарды қамтиды:
1. ________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________________________________________
9. ________________________________________________________________________________________________
10. ________________________________________________________________________________________________
Мен (біз) егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, шартқа қол қойылған күнінен бастап _______ күн ішінде (толық жазу) тауарларды беруді бастауды және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды ________________ дейін (толық жазу) (күні көрсетілсін) беруді аяқтауды міндетіме аламын (мыз).
Егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, мен (біз) келісімдегі жалпы соманың _____________ пайызын құрайтын сомада сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етемін (міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ күн ішінде (толық жазу) жарамды.
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап осы тендерлік өтінім оны ұтып алды деп тану туралы сіздің хабарламаңызбен бірге арамыздағы міндетті шарттың қызметі орындалатын болады.
__________ ___________________________________
(қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
МО
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттілігі бар
*егер шартты орындауды қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 3-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың
тізімін толтыру нысаны
№ | Құжаттың атауы | Күні және нөмірі | Қысқаша мазмұны | Құжатқа кім қол қойды | Түпнұсқа, Көшірме, Нотариалды расталған көшірме |
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 4-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес осы банкте қызмет көрсетілетін банк алдында анықтама берілген айдың алдыңғы үш айдан созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, мекен-жайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет).
Күні
Қолы
МО
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 5-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінім
бағасының кестесі
(әлеуетті өнім берушінің атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)
№ | Мазмұны | Тауарлардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | Қысқаша сипаты | |
2. | Шығарылған елі | |
3. | Жасаушы зауыт | |
4. | Өлшем бірлігі | |
5. | Баға____ бірлікке _______ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша__________ (белгіленген пункті) | |
6. | Саны (көлемі) | |
7. | Барлық бағасы = ______ б.5 х б.6, | |
8. | Жалпы бағасы,_________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар. Әлеуетті өнім беруші басқа да шығыстарды көрсетуге құқылы, оның ішінде 8.1 8.2. | |
9. | Жеңілдіктер берілген жағдайда оларды ұсыну мөлшері 9.1. 9.2 | |
Мен (Біз) Сіздердің тендерлік құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісе(мін) (міз). Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз
______________________________________________________________________________________
(егер олар болса)
______________________________________________________________________________________
(төлемнің балама шарттары көрсетіледі)
немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ __________)
бұл ретте__________________ мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз
_____________________________________________________________________________________
Ұ (ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)
_________________________________ __________
(лауазымы, тегі, әкесінің аты) (Қолы)
М.О.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып тендерлік комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы:____________________________________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:___________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№__________ кепілдік міндеттеме
_____________________________________________ ___ жылғы «____» _________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,____________________________________________________________-,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
______________________________________________ ұйымдастырған _______________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі тендерге қатысатындығынан және жалпы сомасы __________ теңгеге ___________________
(жазумен) (тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі)
беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
_________ жылғы «___» ________________ жоғарыда аталған сатып алуды өткізу жөніндегі тендерлік құжаттамада/баға ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен сатып алу шарттарында әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ____________________ осымен өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап өтуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші:
тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алғандығын немесе өзгерткендігін;
белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймағандығын;
тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбегендігін жазбаша растауды алғаннан кейін _______________________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
тең соманы төлеуге қайтарымсыз міндеттемені өзімізге аламыз.
Бұл кепілдік міндеттеме тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Бұл кепілдік міндеттеме Өнім берушінің тендерге қатысуға тендерлік өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз __________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатыңдығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер тендерлік өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы және мөрі | Күні және мекен-жайы |
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 7-қосымша
Сатып алу туралы үлгілік шарт
____________________ _____ жылғы «___» ___________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын _________________________
(тапсырыс берушінің
толық атауы)
атынан,_______________________________________________________________________________________,
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,
_____________________________________________________________________________________________
(өнім беруші - тендер жеңімпазының толық атауы)
атынан ____________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.с.с.)
______________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі және ___ жылғы «__» ________ өткен (затты сатып алу) сатып алу __________________________ (тәсіл көрсетілсін) тәсілмен сатып алу қорытындысы туралы №_____ хаттамасының негізінде сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
1. Өнім беруші Шарттың талаптарына сәйкес тауарды осы Шарттың қосымшаларында анықталған санда және сапада беруді, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуді міндетіне алады.
2. Тауарлардың жалпы құны (ММ үшін бюджеттік бағдарламаға/ерекшелігіне сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін) (сома санмен цифрмен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі - шарттың жалпы сомасы) құрайды.
3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) «Шарт» - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың бағасы тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
3) тауарлар - өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс тауарлар және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
4) ілеспе көрсетілетін қызметтер - тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;
5) Тапсырыс беруші - акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
6) Өнім беруші - шартта көрсетілген шарттарда тауарларды беруді жүзеге асыратын және тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды және жеке тұлға.
4. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
3) техникалық ерекшелігі;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада көрсетілсе, шартты орындауды қамтамасыз ету көзделеді).
5. Төлем нысаны _______________________________________________________________________________
(қолма-қол есептесулер үшін ақша аударулар, акредиттер және т.б.)
6. Төлем мерзімі ________________________________________________________________________________
(мысалы: % белгіленген пунктте тауарды қабылдау немесе алдын ала төлеу және т.б.)
7. Алдағы төлемде қажетті құжаттар: ________________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру акті немесе т.б.)
8. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
9. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа, пайдаланбауға тиіс.
11. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі өзгермелі температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
12. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
13. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлардың тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес (1-қосымша) жүзеге асырады.
14. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген пунктке дейін тауарды беруі тиіс. Осы тауарларды белгіленген пунктке дейін тасымалдау жүзеге асырылады және өнім беруші төлейді, ал осымен байланысты шығыстар шарттың бағасына енеді.
15. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс.
16. Ілеспе қызметтерге арналған бағалар Шарттың бағасына енгізілуі тиіс.
17. Тапсырыс беруші Өнім берушіден өнім беруші дайындайтын немесе сататын қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты ұсынуды, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдап алатын және кепілдік берілген мерзімнен кейін оларды пайдаланатын қосалқы бөлшектердің құны және номенклатурасын талап етуі мүмкін.
18. Өнім беруші оларға қосалқы бөлшектерді шығаруды тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жіберген қателігі үшін жауап бермейді.
20. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай ___________________________________
(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)
ішінде жарамды.
21. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
22. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.
23. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
24. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
25. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің тендерлік өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
26. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін қызметтер және т.б.) жол жіберілмейді.
27. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.
28. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
29. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
30. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.
31. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен ратификациялануы тиіс.
32. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
33. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.