5-тармағының 36) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
36) 163-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармағының 37) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
37) 168-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармағының 38) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
38) 180-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «он екi айдан» деген сөздер «меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;»;
3) тармақшадағы «он екi айдан» деген сөздер «бiр жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «он екi айдан» деген сөздер «меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген өткiзiлген мүлiктiң нарықтық құны болмаған жағдайда:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн - мүлiктi өткізу құны мен мүлiктiк бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсiмi болып табылады. Бұл ретте, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган өткiзiлген мүлiкке меншiк құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлiк салығын есептеу үшiн айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн - осындай мүлiктi өткізу құны құнның өсiмi болып табылады.»;
5-тармағының 39) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
39) 236-баптың 2-тармағы 4) тармақшасы төртiншi бөлiгiнiң он бiрiншi абзацы «контейнерлердi» деген сөзден кейiн «жалға және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 40) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
40) 237-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарларды керi импорт режимiнде әкелген жағдайда:
1) кезең-кезеңдiк немесе уақытша декларациялау рәсiмiн қолданбастан, тауарды экспорт режимiнде әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктiнде iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесiп өткен күн;
2) кезең-кезеңдiк немесе уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен кезде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүктiң кедендiк декларациясы ресiмделген күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;
5-тармағының 41) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
41) 238-бап мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Бұрын экспорт режимiнде тауарды әкетудi жүзеге асырған салық төлеушiнiң осы тауарды керi импорт режимiнде әкелген кезде салық салынатын айналымының мөлшерi қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетiлген осы тауар құнының негiзiнде экспортты ресiмдеген кезде қолданылған өлшем бiрлiгiнде әкелiнген тауар көлемiне барабар айқындалады.»;
5-тармағының 42) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
42) 239-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарды керi импорт режимiнде әкелудi қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;»;
5-тармағының 43) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
43) 256-баптың 2-тармағы 8) тармақшасының үшiншi абзацы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздерден кейiн «және қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 44) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
44) 263-бапта:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бұрын жазып берiлген шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, оларды берушi қателердi түзету мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактураның күшiн жояды және ол мынадай талаптарға:
1) бұрынғы нөмiрлерi мен жазып берiлген күнi көрсетiле отырып, осы Кодекстiң 263-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестiгiне;
2) шот-фактурада бұрын жазып берiлген шот-фактураны түзету күнiнiң көрсетiлуiне;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бiрiнiң болуына:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мұндай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрiмен куәландырылуының болуына;
мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жiберуiне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиiс түзетiлген шот-фактура жазып бередi.
Осы Кодекстiң 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
Осы тармақты қолдану мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактурадағы:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң және (немесе) сатып алушының сәйкестендiру нөмiрiн;
берушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрiн өзгерту және (немесе) толықтыру тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыру болып танылмайды.»;
15-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында аталған адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу жағдайларын қоспағанда, халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Осы баптың 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтiнiш бiлдiруге құқылы, ал оларды берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты орындауға мiндеттi.
Бұл ретте шот-фактура жазып беру:
1) осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда - өткізу бойынша айналым жасалған күнi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзген жерi бойынша;
2) осы баптың 15-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда - егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, айналым жасалған күннен ерте емес және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн бес күннен кешiктiрiлмей, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады. Егер көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тармақшада көрсетiлген мерзiмде шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтiнiш бiлдiрмеген болса, онда ол көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтердi берушiге осы талаппен өтiнiш бiлдiруге құқылы. Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтердi берушi шот-фактураны жазып беру күнiмен бiрге айналым жасалған күнi қолданыста болған ставка бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналымның жасалған күнiн көрсетедi.
Тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
5-тармағының 45) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
45) 281-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «643» деген цифрлар «653» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5-тармағының 46) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
46) 286-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі «643» деген цифрлар «653» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5-тармағының 47) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
47) 293-баптың 1-тармағындағы «салық салу объектiсiнiң» деген сөздер «ол төленетiн объектiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 48) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
48) 300-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«300-бап. Төлеушiлер
Мыналар:
1) осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын;
2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.»;
5-тармағының 49) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
49) 307-баптың 4-тармағындағы «осы бөлiмде белгiленген салықтар мен арнаулы төлемдер» деген сөздер «пайдалы қазбаларды өндiру салығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 50) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болды
50) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Төлеушiлер
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушiлер болып табылады.»;
5-тармағының 51) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болды
51) 314-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацындағы «өндiруге» деген сөз «барлауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармағының 52) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болды
52) 327-баптың 2-тармағында:
«күннен бастап, ал» деген сөздерден кейiн «2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиiстi келісім жасалмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
«қосымша келісім» деген сөздер «құпиялылық туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 328, 329 және 355-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
53) тармақшасының екiншi - он жетiншi абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болды
«328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiнгi өндiру кезеңiнiң басынан бастап мынадай тәртiппен төлейдi:
1) егер тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы 2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi 2010 жылғы 10 сәуiрден кешiктiрмей төлейдi;
2) егер тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргiзу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 500 еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен, бiрақ он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейдi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргiзу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 500 еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен, бiрақ он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейдi.
329-бап. Салық декларациясы
1. Егер тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешiктiрмей табыс етедi.
2. Егер тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей тоқсан сайын табыс етедi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке қайтарылмаған тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей тоқсан сайын табыс етедi.»;
5 тармақтын 53) тармақшасының он сегiзiншi - жиырма сегiзiншi абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
«355-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша әлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер болып танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаттары үшiн жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттерi болып танылады.
3. Мемлекеттік органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн төленуге жататын әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Осы бапта белгiленген тәртiппен әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаттары үшiн жеке табыс салығы бойынша салық агенттерi болып танылады.»;
5-тармағының 54) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
54) 360-баптың 1-тармағындағы «есептi тоқсаннан» деген сөздер «салық кезеңiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармақтын 55) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
55) 361-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«361-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік мекемелер есептi айға есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.
2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
3. Төлеушi осы Кодекстiң 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасын есептеудi осы Кодекстiң 359 және 360-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
4. Төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 364-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.»;
5-тармағының 56) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
56) 364-бапта:
1-тармақтағы «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушiлер» деген сөздер «Төлеушiлер» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.»;
5 тармақтын 57) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
57) 365-бапта:
3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар:»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.»;
5 тармақтын 58) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
58) 368-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi:
1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiн тоқтатылмаған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
2) салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда - салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап мұндай көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
3) қалған жағдайларда - жылдық салық сомасы мөлшерiнде есептейдi. Бұл ретте, салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi есептемейдi және ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын табыс етпейдi. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен есептелген салық сомасы көрсетiледi.»;
5-тармағының 59) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
59) 369-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.»;
2-тармақтағы «Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк» деген сөздер «Көлiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.»;
5 тармақтын 60) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
60) 373-бапта:
3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;»;
4-тармақта:
«3)-7)» деген цифрлар «2)-7)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармақтын 61) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi