3. Сарапшы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 611-бабының он үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сот сараптамасын жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
4. Сарапшы сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.
5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.»;
2) 601-бапта:
екінші бөліктегі «егер» деген сөз «егер: олардың білікті емес екені байқалса;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргізуді тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылады.»;
3) 611-бапта:
алтыншы бөліктегі «сарапшылар» деген сөз «кемінде екі сарапшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік «сарапшылар» деген сөзден кейін «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшін жібергенге дейін сот сараптамасын тағайындаған орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізілетін адамды және жәбірленушіні онымен таныстыруға, оларға:
сарапшыдан бас тарту және сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтініш мәлімдеу;
өздері атаған адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшы ретінде тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтініш жасау;
сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтініш жасау;
сараптама жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын тағайындаған органның (лауазымды адамның) рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде қатысу, сарапшыға түсініктемелер беру;
сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) келіп түскеннен кейін сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысу, өз ескертпелерін ұсыну, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініштер мәлімдеу құқықтарын түсіндіруге міндетті.
Жәбірленушілерге сараптама олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаса немесе сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олардың заңды өкілдері береді.»;
оныншы бөліктегі «бұрын зерттелген мән-жағдайларға қатысты жаңа мәселелер» деген сөздер «алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші бөліктегі «дұрыстығына күмән туса» деген сөздер «қорытындылары күмән туғызса немесе сараптаманы тағайындау және жүргізу туралы іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылса» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 612-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«612-бап. Сарапшының қорытындысы
1. Сарапшының қорытындысы - арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген іс материалдарын, оның ішінде заттай дәлелдемелер мен үлгілерді зерттеу нәтижелеріне негізделген, оның алдына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезінде қолданған әдістері, қойылған сұрақтарға жауаптардың негіздемесі және осы сарапшының бастамасымен анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар көрсетіледі.
2. Қорытындыны зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып өз атынан сарапшы (сарапшылар) жасайды, оны өз (өздерінің) қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргізген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрімен расталады.
3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судья туралы, орган (лауазымды адам) туралы мәліметтер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; объектілер; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, жүргізілген зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.
4. Егер осы Кодекстің 611-бабының он үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің бәріне немесе кейбіреуіне жауап беру мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.
5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.
6. Сарапшының қорытындысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, алайда олардың қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.».
4. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №2, 10-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №20, 89-құжат; №23, 114-құжат; №24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №9-10, 47-құжат; №13-14, 62, 63-құжаттар; №17, 79, 81, 82-құжаттар; №18, 84, 85-құжаттар; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 11-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;»;
2) 26-баптың 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;»;
3) 48-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «алып тасталса тоқтатылады.» деген сөздер «алып тасталса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.»;
4) 49-баптағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қаңтардың 20-сы.
№ 241-ІV ҚРЗ