жүзім және басқа да жеміс-жидек дақылдарының вирусты ауруларының ерте болжауға арналған тест-жүйесі және ұлпа түзуші талшықтардан вирусты отырғызу материалын алу;
халықты жаңа піскен өніммен және қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етуде отандық өнімнің орташа жылдық өндірісін ұлғайту және үлесін өсіру.
5.3. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
2000 жылдан бастап ауылшаруашылығы малдарының және мал шаруашылығы өнімінің саны орнықты өсуде. Алайда, өндіріс көлемінің өсуі негізінде малдардың өнімділігімен емес мал басының ұлғайтылуымен түсіндіріледі, бұл малдың төмен өнімділігің басымдығымен байланысты.
Мал шаруашылығы мал басының негізінде жеке меншік аулаларда жайғастырылуымен, сондай-ақ малдан алынатын өнімдердің ұсақ тауарлылығымен және маусымдық өндірісімен сипатталады. 78,5 % мал басы (ірі қара мал басына шағу есебімен) халық шаруашылығында, 8,7 % малдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және 12,8 % шаруа (фермер) қожалықтырында (бұдан әрі - ШҚ) орналастырылған. Шаруашылық санаты бойынша мал басының орналасу қатынасы ұзақ уақыт ағымында өзгермей отыр. Осы жағдай селекциялық жетістіктер малдарды күтіп бағу мен асықтандырудың озық технологиялар жетістіктерін қолдануды едәуір қиындатады.
Тиісті орын алған мал басының орналастыру мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінде қалыптасады.
| Ауыл шаруашылығы кәсіпорны, % | Ш(Ф)Қ, % | Халық шаруашылықтары, % |
Ет | 9,7 | 8,1 | 82,2 |
Сүт | 3,5 | 6,1 | 90,4 |
Жүн | 5,6 | 22,1 | 72,3 |
Жұмыртқа | 50,4 | 0,6 | 49,0 |
Бұрынғысынша көпшілік шаруашылықтар өндірісті экстенсивті әдіспен жүзеге асырады. Ұсақ тауарлы шаруашылықтардың көбісі кредит беру кезінде жоғары пайыздық көрсеткіштің және кепілге беру меншігімен қамтамасыз етілмеуінен кредитке қол жеткізе алмайды. Олардың өздерінде бар тозығы жеткен, өз ресурсын жасап біткен техникаларын өздігінен білікті жөндеуге жағдайы жоқ, өндірген өнімдерін табысты өткізу үшін нарықтан аластатылған.
Мал және құс басын орналастыруға республика өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайы әрдайым сәйкес келе бермейді, ал негізгі мал салмағын халық шаруашылықтарында шоғырландыру мал шаруашылығының ары қарай дамуын артқа тартуда және олардың мал түрлері жағдайына жауап беретін өңірлердің арнайы ерекшелігін қолдануға мүмкіндік бермейді.
Мал шаруашылығы өнімі өндірісінің жеткен деңгейі Қазақстан және оның өңірлерінде бар мүмкіндіктері мен әлеуетіне сәйкес келмейді.
Өзіндік құны мен түр-түрі бойынша бәсекеге қабілетсіздігінен ет, негізінен құс еті импорты көлемінің ұлғаю үрдісі байқалады. Құс еті импорты оның өндіріс көлемінен 2,4 есеге асады, онда қолда бар құс фабрикаларының қуаты жылына 100 мың тоннадан астам құс етін өндіруге қалай мүмкіндік алады.
Мәселелер
Ауыл шаруашылығы малдарының барлық мал басының шамамен 80 %-ы шамасы жеке меншік аулаларда, және соның нәтижесінде ветеринариялық қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін мал шаруашылығы шикізатының сапасы темен;
асыл-тұқымды мал басының үлес салмағының төмендігі;
селекциялық-асыл тұқымды жұмыстардың төмен деңгейі;
арнайы орташа және ірі тауарлы өндірісі бар мамандандырылған шаруашылықтардың дамуының жеткіліксіздігі;
малдарды күтіп бағудың ескірген технологиялары, жем-шөп базасының нашарлығы, малды жайып семірту және жемдеудің мүмкіншіліктерін толық пайдаланбау, толық рационды құрама жемдердің жетіспеушілігі және соның салдарынан мал және құс өнімділігінің төменділігі;
етті және жұмыртқа бағыттарындағы отандық бәсекеге қабілетті құс кростарының жоқтығы;
қойларды механикалық қырқу, дайындау және жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша сервис орталықтарының жоқтығы;
саланың нашар ғылыми қамтамасыз етіледі.
Шаралар
орташа және ірі тауарлы мал шаруашылығын қалыптастыру процестерін ынталандыру, оны өнеркәсіптік негізге көшіру;
жеке мал шаруашылығы өнімі өндірісін шоғырландыруға шаруашылықтардың, оларды кооперативтерге біріктіру жолымен көмек көрсету;
жасанды ұрықтандыруды қолдану және биотехнология мен эмбриондарды трансплантациялау әдістерін кеңінен енгізу жолымен асыл-тұқымды малдардың үлес салмағын ұлғайту;
жергілікті малдың асыл-тұқымдық және өнімділік сапасын, оның ішінде шетелдік теңдік қорды пайдалана отырып жақсарту бойынша мақсатқа бағытталған селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ импорттық селекциялар тұқымдарын әкелу және бейімдеу;
жоғары класты асыл-тұқымды малдарды сатып алуды, ұстауды және өз төлінен өсіруді кеңейту үшін мал басын толықтыратын төлдерді субсидиялау.
Күтілген нәтижелер
мал мен құс санын, сондай-ақ малдан алынатын өнімді өндіру көлемін кемінде 4,5 %-ға ұлғайту;
сатылатын малдың сапасын көтеру;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің үшін асыл тұқымды өнімдерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және жыл сайын асыл тұқымды шаруашылықтардың санын, асыл тұқымды малдардың санын ұлғайту және олардың үлес салмағын 2011 жылы 10 %-ға дейін жеткізу;
ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының өнімділігін, сондай-ақ мал шаруашылығында өндірілетін өнімнің сапасын арттыру;
мал шаруашылығы саласының техникалық және технологиялық жарақтандырылуын жақсарту;
табынның өз төлінен өсуін жақсарту;
2011 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарымен өндірілетін малдан алынатын өнімінің үлес салмағын өндірістің жалпы көлемінен (субсидиялау арқылы): етті - 31 %-ға; сүтті - 19%-ға; жұмыртқаны - 59 %-ға; жүнді - 39 %-ға ұлғайту;
отандық қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін мал шаруашылығы өнімінің тұрақты шикізат базасын құру;
шаруашылықтың барлық санатында сүтті өндірудің жалпы көлемі 5,8 млн. тонна кезінде сиырдың өнімділігі 2600 кг-ға дейін ұлғаяды;
өндіріс көлемінің ұлғайту және отандық өндірістің малдан алынатын өнімдер мен ішкі нарықты молықтыру.
5.3.1. Малдан алынатын өнімдер нарығын дамытуды ынталандыру
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен 5.3.1-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Сүт және сүт өнімдері нарығы терең қайта өңдеудің сүт өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуінің төмендігімен және сондықтан отандық тауар өндірушілер өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен кезінде импортқа тәуелділіктің жоғарылығымен сипатталады.
Шикі сүттің ұсынысы сұранысынан артуына қарамастан (республика бойынша 1153 мың тоннаға дейін), сүт өнімдері импорты жоғары екені байқалады (сүтке есептегенде 472,6 мың тонна немесе тұтынудан 15 %). Шикізат тапшы өңірлерінде және қалалар-мегаполистерде аса жоғары импорт үлесі байқалады. Мысалы, батыс және орталық өңірлерде 15,9 және 20,7%-ға сәйкес, ал Астана және Алматы қалаларында 19,1 және 83,9%, сонда солтүстікте - 3,9%, ал шығыста - 0,6%. Бұл сүттің тауар ресурстарының тапшылығы және оның өндірістік қайта өңдеуінің үлесі төмендігінің нәтижесі. Мысалы, сүттің қайта өңдеу үлесі Солтүстікте тек 18,5%, шығыста 12,3%, Оңтүстікте 26%, ал батыста - 16,5% және орталықта - 26,7% құрайды.
Өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін тауар ресурстарының тапшылығы тасымалданатын сүт өнімдерінің (сары май, сыр) жасауға кері әсерін тигізеді. Отандық сары майдың жетіспеушілігі сыртқы нарықтың ұсынысымен толықтырылады.
Осыған байланысты, сүт және сүт өнімдері нарығында бәсекеге қабілетті сүт тауарларын өнеркәсіптік әзірлеуді ұлғайтудың өткір мәселесі тұр.
Ет және ет өнімдері нарығы темен ұсыныспен, құс еті және ет өнімдері бойынша жоғары импорт тәуелділігімен, сондай-ақ тауар қозғалысы тізбегінде баға жүйесінің толық жетілмегендігімен сипатталады. Отандық ет өндірісі қарқынды өсуде - орташа жылдық өсу қарқыны 4-4,5 %-ды құрайды.
Алайда, бұл ретте импорттың маңызды өсімі байқалады (жылына 27,8 %). Құс еті бойынша жоғары импорт тәуелділігін төмен бәсекеге қабілеттілікпен және ішкі нарықты отандық тауармен молықтырудың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Отандық құс еті ұсынысын құрама жемдердің құнының өсуін қоса бройлер құсының өндірісінің темен рентабельдігі артқа тартуда. Сонымен, мысалы, өндіріс солтүстік өңірде шығынды, шығыс және оңтүстік Қазақстанда кірістер төмендеп кетті.
Демпинг бағасы бойынша импорт тауарының жоғары үлесі саланың дамуына кері әсерін тигізді.
Сиыр еті нарығының дамуы ішкі нарықтағы сұраныстың тұрақтылығымен сипатталады. Өңірлік деңгейде мамандандыру мен тауар ұсынысы аса анық көрсетілген. Мамандандыру коэффициенті Солтүстік аймақта 1,54-ке жетеді, Шығыста - 1,49, Батыста - 1,12, ал Орталық пен Оңтүстікте - 0,86 және 0,88. Тауарлы өңірлерде тиімді өндіріс индексі жоғары, алайда, саланың кірісі әлі төмен, бұл ұсыныстардың өсуін ұстауда. Қайта өңдеуге етті сатып алу бағасы төмен, бұл ет өнімдерін әзірлеуге кері әсерін тигізеді. Мысалы, Солтүстік өңірдегі қайта өңдеу мекемелерінде сиыр етін сатып алу бағасы орташа сату бағасын 11%-ға, Батыста - 19,6 %-ға, Оңтүстікте - 5 %-ға төмен.
Қой еті нарығы сондай-ақ жоғары өңірлік мамандандырумен сипатталады. Қой етіне Шығыс, Оңтүстік және Батыс өңірлерінде халықтың жан басына шаққаннан аса жоғары ұсынысы байқалады. Мамандандыру коэффициенті Солтүстік және Орталық аймақтарында тек 0,43 және 0,69 болғанда, мұнда сәйкесінше 1,57, 1,48 және 1,27 құрайды. Тауарлы өңірлерде тиімді өндіріс индексі жоғары, алайда, саланың кірісі әлі төмен (7-ден 10% дейін).
Мәселелер
халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында малдан алынатын өнім өндірудің жоғары үлес салмағы;
мал шаруашылығы өнімі өндірісінің маусымдық сипаты;
сатып алу операциялары және баға интервенцияларын жүзеге асыру жолымен маусымдық баға көтерілімдерін әсер ету үшін «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ-ның қаржы қаражатының жеткіліксіздігі;
малдан алынатын өнімдер экспортының шикізаттың сипаты;
мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу инфрақұрылымының жоқтығы;
малды жемдеу және малдарды экспортқа ұйымдастырылып жіберу бойынша дамыған инфрақұрылымның жоқтығы.
Шаралар
сүт бағытындағы ірі тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру, инфрақұрылымы дамыған мал семірту алаңдарын құру бойынша серпінді жобаларды іске асыру;
өндірістің маусымдылығын басу және ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін малдан алынатын өнімдер қорларын құру;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мал шаруашылығы өнімдерінің әлеуметтік-маңызды түрлері бойынша сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүргізу;
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірге тауар өндірушілердің интегралдық жүйесін құру;
мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау, бастапқы қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымын құру;
малдан алынатын өнімдерді өткізу бойынша коммуналдық базарларын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тікелей сауда орындарын беру;
мал сою пункттерінің желісін құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру;
құс фабрикаларының желісін құру мен дамытуды қаржыландыру.
Күтілетін нәтижелер
малдан алынатын өнімдерге ішкі бағаны тұрақтандыру;
халық үшін малдан алынатын өнімге қол жетімділікті қамтамасыз ету;
вакуумды орамдағы блокты және ірікесекті ет өндірісін ұйымдастыру және сиыр еті экспортының көлемін ұлғайту:
2009 жылы - 3,0 мың тонна, оның ішінде ірі кесекті - 0,6 мың тонна, блокты - 0,9 мың тонна;
2010 жылы - 3,8 мың тонна, оның ішінде ірі кесекті - 0,76 мың тонна, блокты - 1,14 мың тонна;
2010 жылы - 4,4 мың тонна, оның ішінде ірі кесекті - 0,88 мың тонна, блокты - 1,32 мың тонна;
«Дос маден» ЖШС-мен мемлекеттік жеке серіктестік негізінде арқан мен мата өндірісін ұйымдастыру;
«СемТекс» АҚ мен «Асыл-түлік» АҚ-мен бірлесіп биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту бағдарламасына қатысу;
жүн экспорты көлемін ұлғайту (түр-түрі бойынша): 2009 жылы - 2,5 мың тонна; 2010 жылы - 3,0 мың тонна; 2011 жылы - 3,5 мың тонна;
сатып алу, қайта өңдеу көлемін ұлғайту және экспорт деңгейіне жеткізу:
былғары шикізатын: 2009 жылы - 2,4 мың тонна; 2010 жылы - 3,2 мың тонна; 2011 жылы - 4,1 мың тонна;
«Вет-блю» жартылай өңделген өнімін: 2009 жылы - 500 мың кв.м.; 2010 жылы - 580 мың кв.м.; 2011 жылы - 650 мың кв.м.;
дайын теріні: 2009 жылы - 15 млн. кв.дм.; 2010 жылы - 17,4 млн. кв.дм.; 2011 жылы - 19,5 млн. кв.дм.;
малдан алынатын өнімнің экспорт көлемін көтеру және олардың иммпорт көлемін түсіру.
5.3.2. Азық өндірісінің тұрақты жүйесін құру
Орнықты жем базасының жоқтығы Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуын ұстап тұрған маңызды себеп болып табылады.
Қазіргі уақытта жем базасы негізін табиғи жайылымдар мен шабындар, егін жем өндірісі және құрама жем өнеркәсібі құрайды.
Жайлау алаңдары 188,6 млн. га, табиғи және екпе шабындықтары - 5,0 млн. га, жем өндіру үшін қолданылатын егістердің көлемі - 2,4 млн. га құрайды.
Азық дақылдары егістік алаңдарының тұрақты қысқару үрдісі байқалады (2000 ж. - 2823,6 мың. га, 2005 ж. - 2360,2 мың. га, 2007 - 2322,3 мың. га).
Егістік құрылымы бойынша шикізат және малға үзбей көк шөп беру жүйесі мал шаруашылығы сұранысына төмен дәрежеде жауап береді. Нәтижесінде сүрленген азық ендірісі мен тұтынысы күрт түсіп кетті. Ғылыми негізделген азықтық ауыспалы егісті енгізу мен игеру тоқтатылды. Жоғары белокті, оның ішінде құнарландырылған азық өндіру және қолдану түбегейлі тоқтатылуда.
Өндіру, дайындау және әзірлеу агротехнологияларының бұзылуынан азық сапасы төмендеді, олардың өзіндік құны өсті, пайдалы әсер коэффициенті төмендеді, бұл мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына кері әсерін тигізуде.
Жем-шөп өндірісінде органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану темен деңгейге дейін түсті.
Малдарды, әсіресе сүтті малдарды азықтандыруда аса құнды пішендеме, тамыр-жемістер, бұршақ дақылдары азығының өндірісі күрт төмендеді. Озық технологиялар (белсенді желдеулі пішен, шөп орымын дайындау, химиялық қосымшалары бар сүрленген шөп) бойынша өндірілетін жем-шөптер түбегейлі тоқтатылуда.
Азық-түлік астығы өндірісінің барынша жоғары деңгейінде малдардың концентраттармен жалпы қамтамасыз етілуі тұтыныстың 84,7 % құрайды. Бұл елімізде жем азығы өндірісіне аса маңызды назар бөлінбейтіндігін білдіреді.
Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі суармалы жайлымдардың 1 гектар жайылымның орта өнімділігінде 150-180 азық бірлігімен, жалпы азық қоры шамамен 7,0 млн. тонна азық бірлігін құрайды.
15 және одан да көп жастағы егілген шөптердің әдетте жыл сайын әлеуетті өнімділігі төмендейді.
Республикада жайылым алқаптарының мониторингі және жүйелі инспекциясы жүзеге асырылмайды. Қаржы жетіспеушілігі нәтижесінде геоботаникалық қорларды бағалау жұмыстары тоқтатылды.
Өсіп келе жатқан мал шаруашылығының азық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жем өндірісін индустриялы негізге көшіре отырып және азық дақылдарының түсімділігін арттыра отырып азық өндірісін үдету қажет.
Мәселелер
саланың техникалық қамтамасыз етілуінің жалпы төмендеуі;
азық өндірісінде тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану көлемінің күрт түсуі;
шөп, жүгері және басқа азық дақылдарының тұқым шаруашылығы жүйесінің жоқтығы;
табиғи жем-шөп алқаптарын жақсарту және дақылдар жайылымдарын құру бойынша жұмыстардың тоқтауы;
шабындар мен жайлаулардағы шөп қалуының азып-тозуы, эрозия процестерінің дамуы және егістер топырағы құнарлығының төмендеуі;
азық өндіру және дайындау бойынша ұйымдастыру құрылымдарының жоқтығы;
азық дақылдары алаңдарының қысқартылуы;
азықтық ауыспалы егістерді енгізудің тоқтауы;
азықтардың сапасының айтарлықтай төмендеуі, олардың тек маңызды емес бөлігі ғана сапа көрсеткіштері бойынша бағаланады;
азықтар дайындау және әзірлеудің тиімді технологияларын қолдану көлемінің төмендеуі, бұрынғыға қарағанда белок тапшылығының одан әрі шиеленісуі, жемдердегі протеин - көмірқышкыл комплексінің теңсіздігі;
өндірілген азықтардың өзіндік құнының жоғарылығы.
Шаралар
астық дақылдарының егіс құрылымын жетілдіру және оның ішіндегі жемдік дақылдардың үлес салмағын 30%-ға дейін жеткізу;
көп жылдық өсімдіктер егіндері алаңдарында бұршақтық 50 %-ға, бұршақ-дәндік қоспаларын 30%-ға жеткізу. Топырақтардың түрлі типтерінде көп жылдық бұршақ шөптерінің өнімділігін тұрақтандыру үшін мынадай беде, жоңышқа, донник, эспарцет және т.б. сияқты бұршақ дақылдары түрлерін қолдану;
азық дақылдарының тұқым шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың шараларын кеңейту және көлемін ұлғайту;
азық дақылдары (көп жылғы шөптер) егін алаңдары мөлшерін ұлғайтуға және азық алаңдарының жалпы көлемінен көп жылдық немесе бір жылғы шөптердің аралас егінін 80-85 % жеткізумен азық егістігінің құрылымын өзгертуге көмек көрсету;
қолданыстағы құрама жем өнеркәсібін жаңғырту және жаңасын салу;
құрама жем және белокты-витаминді қоспалар өндіру бойынша кооперативтік бастамада арнайы цехтер мен кәсіпорындарды салуды ынталандыру;
азықтарды дайындау және қайта өңдеу өндірісі бойынша арнайы құрылымдардың (сервис-орталықтарымен қоса) құрылуына және қалыптасуына көмек көрсету.
Күтілетін нәтижелер
азықтардың барлық түрі бойынша мал шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыру, тұрақты азық базасын құру арқылы малдарды азықтандыру рациондарының теңгерімін жақсарту;
дала және шағын-жайылымдық азық өндірісінің ғылыми негізделген жүйесін, республика өңірлерінің табиғи-экономикалық және экологиялық жағдайына және мал шаруашылығының мамандануына байланысты азықтар дайындау, даярлау және сақтаудың жүйесін енгізу;
малдардың биологиялық әлеуетін барынша пайдалану кезіндегі малдар мен құстардың өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
тұрақты азық базасын құру және малдарды толықтай және теңгерімді азықтандыруды қамтамасыз ету.
5.4. Балық шаруашылығы өнімін өндіру
Салада балық шаруашылығы су тоғандары мен учаскелерін пайдаланушыларға ұзақ мерзімді бекіту жүргізілуде. Бұл пайдаланушыларға балық қорларына ұзақ мерзімге қол жеткізуге, бекітілген су тоғандары мен учаскелерінде балық шаруашылығын дамытуға, қорғауға және өсіруге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер жүргізуге өз қаражаттары мен инвестицияларды, оның ішінде шетелден тарту жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуге кепіл беруге мүмкіндік береді.
2007 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар 1970 балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) ұзақ мерзімді негізде 10 жылға 1037 пайдаланушыға бекітіліп берілді.
2007 жылы 49,2 мың тонна балық ауланды. Балық қорларын пайдаланғаны үшін 384,4 млн. теңге сомасына төлем төленді.
Теңіздегі балық аулауды дамытуға қолайлы жағдай жасау, өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі теңіз балықтарының түрлерін пайдалану үшін «нөлдік» төлем ставкасын белгілеу туралы қаулы қабылдады.
Мәселелер
теңіз балығы және басқа су жануарларын аулау кәсібінің жоқтығы;
балық шаруашылығы өнімі өндірісінің төмен деңгейде техникалық жарақталуы;
балыққа арналған азық бағасының жоғарылығы;
тоңазытылған тұтас балық экспортының үлесі оның жалпы экспорты көлемінің 60-70%-ын құрайды;
халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су тоғандары ұзақ мерзімді негізде бекіту мақсатында олардың әлеуетін анықтау үшін толық зерттелмеген;
балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларының жоқтығы.
Шаралар
табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре балықтарын сатып алу қызметіне, олардың уылдырықтарын қайта өңдеуге және сатуға мемлекеттік монополияны енгізу;
Каспий теңізінде теңіз кәсіпшілігін, тауарлы балық шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау іс-шараларын әзірлеу және механизмін жасау;
бекіре шабақтарын өсіру көлемін жыл сайын 12-15 миллион данаға жеткізе отырып Атырау бекіре балық өсіру зауытын қайта құру және жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
республиканың негізгі балық шаруашылығы су тоғандарында мелиоративтік жұмыстар жүргізу;
балық егу материалдары мен азықтарды сатып алуды 50-пайыздық субсидиялау жолымен балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыруға ықпал жасау.
Күтілетін нәтижелер
өндірістің техникалық деңгейін көтеру және жоғары қосымша құны бар және әлемдік талаптарға сай бәсекеге қабілетті балық өнімін шығаруды көбейту;
ұзақ мерзімді негізде бекітілген балық шаруашылығы су тоғандары мен олардың учаскелерінің санын 2011 жылға қарай 90 % дейін арттыру;
балық және басқа да су жануарларын аулауды 2009 жылы 50,25 мың тоннаға, 2010 жылы - 50,75 мың тоннаға, 2011 жылы - 51,25 мың тоннаға дейін арттыру;
2011 жылға қарай 35 тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру;
теңіз балықтарының түрлерін аулауды 2009 жылы лимиттің 10 %-на дейін, 2010 жылы - лимиттің 25 %-на дейін, 2011 жылы лимиттің 50 %-на дейін арттыру;
2011 жылы терең қайта өңделген өнім мен тоңазытылған балықты қоса алғанда 36 мың тоннаға дейін балық өнімін экспортқа сату.
5.5. Қайта өңдеу өндірістерін дамыту және қолдау
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен 5.5-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
АӨК қайта өңдеу кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін тұрақты және өндірістің өсуіне біршама әлеуеті бар деп бағалауға болады. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдері өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғаюда.
2007 жылдағы қайта өңдеу кәсіпорындарының өнім өндіруін талдау 2005 жылмен салыстырғанда өнім түрлерінің көпшілігі бойынша өндіріс көлемінің артқанындығын көрсетіп отыр. 2007 жылы қайта өңдеу кәсіпорындары сомасы 559,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2005 жылдан 34,1 %-ға артық.
2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда шұжық өнімдері өндірісі 1,4 есе, ет және ет-өсімдік консервілерінің 1,8 есе, өңделген сүттің 1,4 есе, қойылтылған сүттің 17,5 %-ға, ашыған сүт өнімдерінің 21,7%-ға, балмұздақтың 10,1%-ға, ұнның 14,5 %-ға, жарманың 1,7 есе, макарон өнімдерінің 39%-ға, жеміс және кекеніс шырындарының 1,7 есе, печеньенің 18,5%-ға, маргариннің 44,3%-ға, шоколадтың 11,6%-ға, жеміс консервілерінің 27,8 %-ға, көкөніс консервілерінің 0,8%-ға артуы байқалды.
2007 жылы қайта өңделген ауыл шаруашылығы шикізатының үлесі оның өндірісінің жалпы көлеміне артты: сүт - 29 %-ға дейін (2006 жыл - 26,6 %), дәнді дақыл - 37 %-ға дейін (28,2 %), майлы дақыл - 98%-ға дейін (75 %), ет - 24%-ға дейін(17,8%).
Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейлі банктер беретін кредиттер бойынша банк сыйақы ставкасын субсидиялау көзделді, бұл 2007 жылы республикамыздың барлық өңірлерінен 141 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына банктерден 16212,6 млн. теңге сомасына кредит алуға мүмкіндік берді, 2005 жылы 125 кәсіпорын 13309,8 млн. теңге арзандатылған кредит алған болатын.
Қайта өңдеу кәсіпорындарына екінші деңгейлі банктерінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау 5 жыл ішінде банк кредиттерін арзандатуға және салаға 58,1 млрд. теңге тартуға мүмкіндік берді, яғни бюджеттік субсидияның әрбір 1 теңгесі кредиттік қаражаттың 15 теңгесін тартты. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда етті ақшалай сатып алу көлемі 15 %-ға (1504,5 млн. теңгеден 1724,0 млн. теңгеге дейін), сүт - 21 %-ға (2058,6 млн. теңгеден 2500,0 млн. теңгеге дейін), дәнді дақылдар - 27 %-ға (14346,8 млн. теңгеден 18 219,4 млн. теңгеге дейін) артты.
2007 жылдан бастап 8 басым бағыт бойынша жұмыс істейтін қайта өңдеу кәсіпорындарына ҚҚС ставкасы 70 %-ға төмендетілді.
Нәтижесінде осы салада ҚҚС бойынша түсімдер 21 %-ға артты, бірлескен табыс салығының түсімі 15,8 %-ға өсті, ал әлеуметтік салық бойынша төлемдер өсуі 17,9 %-ды құрады.
Қазіргі кезде қайта өңдеу саласы экономиканың аграрлық саласының әлсіз буыны болып табылатынын ескере отырып, мемлекеттік ынталандыру мен қолдау шараларын күшейту және осының есебінен оның техникалық және технологиялық қайта жарақталуына қол жеткізу жоспарланып отыр.