Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау айналымы өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда (2003 - 2007) 17,6 млрд.теңгеге бағаланды. Оның ішінде елдің ішінде өткізу 9 млрд.теңгені, экспортқа шығару 1,7 млрд.теңгені құрады.
2007 жылы ауыл шаруашылығы техникасы және қосалқы бөлшектер өндірісінің көлемі 6,7 млрд. теңгені, оның ішінде ішкі нарықта ауыл шаруашылығы машиналары мен қосалқы бөлшектерді өткізу көлемі 6,0 млрд. теңгені (өткен жылмен салыстырғанда 3,3 млрд.теңгеге көп), экспорт - 0,7 млрд. теңгені құрады.
Республикада 154,7 мың шынжыр табанды және дөңгелек табанды трактор, 46,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,7 мың егін оратын машина, 91,0 мың тұқым себетін машина, 1,9 мың егін егу кешендері, 315,9 мың топырақ өңдейтін машина, 80,7 мың трактор тіркемесі, 49,7 мың жүк көлігі және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.
2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы жылжымалы мүлікті заңдастыру есебінен ауыл шаруашылығы техникалары санының айтарлықтай өсуі болды.
Соңғы жеті жылда (2001 - 2007) 26,7 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы техникаларының тозу дәрежесі 80 % құрайды. 10 жылдан аса пайдаланылған тракторлар құрамы 94,5%-ды, астық жинайтын комбайндар - 77,7 %-ды құрайды. Физикалық тозумен бірге машиналардың моральдық ескіруі болады. Негізгі ауыл шаруашылығы техникаларының 8-10 жыл қызмет етуінің орташа мерзімде және істен шығып қалуын есептегенде 10 жыл ішінде машина-трактор паркін толық жабдықтау үшін едәуір қаражат керек.
Жақын және алыс шетелдердің жоғарғы өндірістік, энергиямен қамтылған техникаларын сатып алу:
ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз етуді 2005 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға арттыруға;
жалпы егістік техникалар санының 7,3% құрайтын, егін егу кешендерімен қысқа агротехникалық мерзімінде алаңдардың 40%-на астық дақылдарын егуге;
жалпы астық жинайтын комбайндардың 22,3% құрайтын және соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен астық дақылдарына арналған алаңдардың 40%-нан астық жинауға мүмкіндік берді.
Мәселелер
тозудың жоғары дәрежелілігі және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қарқынының төмендігі;
жаңа заманғы ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымдардың жоқтығы;
қолда бар машина-трактор парктері құрылымының оңтайлы еместігі;
импортталатын жиынтық материалдарды, энергия тасымалдағыштар және т.б. пайдалану;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің арнайы техникамен және жабдықтармен жарақтануының төмендігі;
республиканың машина-трактор парктерін жаңартуға мемлекет бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі;
өндірісті елеулі жаңғыртуға қайта өңдеу кәсіпорындарында қаражаттың жоқтығы;
екінші деңгейдегі банктердің кредит берудегі проценттік ставкасының жоғары болуы және кепілдік қамтамасыз ету жоқтығы себепті кредит қаржысының қол жетімсіздігі;
құрал-жабдықтарды мен технологияларды қазіргі заманғы отандық әзірлеудің жеткіліксіздігі;
жоғары өнімді шетелдік құрал-жабдықтардың қымбатшылығы;
ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің төлем қабілетінің төмендігі;
ауылшаруашылығы және өндірістік өнімге бағаның теңсіздігі;
ауылшаруашылығы машиналарының лизингі мақсатына республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының шектеулілігі;
инвестициялардың тапшылығы.
Шаралар
ұлттық және өңірлік деңгейде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға АӨК қаржылық институттарын тарту;
жаңа заманның басым техникасын жасауда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау;
ауыл шаруашылығына арналған құрал-жабдық, ауыл шаруашылығы техникасын, тораптар, агрегаттар және олардың қосалқы бөлшектерін шығаратын, сондай-ақ оларды жөндеу мен кепілді қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың қаржы ұйымдары арқылы айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың тәжірибелік-сынақ орталықтарын құру және оларды лицензиялық бағдарламалық өнімдермен, технологиялық жабдықтармен, техникалық заттар және конструкторлық материалдармен жарақтау;
сынақ зертханаларын (орталықтарды) қазіргі заманғы дәлдігі жоғары және технологиялық жабдықтармен және өлшеу құралдарымен, сондай-ақ типтік салыстырмалы сынақтар өткізу үшін балама машиналармен жарақтау;
серпінді жобаларды қолдау үшін АӨК-нің (ауыл шаруашылығы машиналарын жасау) сабақтас және ілеспе өндірістерін дамыту;
Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты бар қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасының импорты;
лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық құрал-жабдықтарының номенклатурасын кеңейту;
ауылшаруашылығы өнеркәсіптеріне техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алуға және жеткізуге лизинг бағдарламасын іске асыру және қабылдау;
ауылшаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарының лизинг бағдарламасын іске асыру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін құрал-жабдық лизингісіне қаржыны көбейту;
жоғары өнімді технологиялық құрал-жабдықтардың лизинг рыногын кеңейту;
өндірістің аз шығынды технологияларын енгізу;
ауыл шаруашылығы техникасын жинау өндірісін құруды қаржыландыру.
Күтілетін нәтижелер
АӨК техникалық және технологиялық деңгейін жоғарлату;
2011 жылы республикада машина-трактор паркін жаңарту қарқынын 3%-ға, оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 0,63 %-ға арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 25%-ға арттыру;
ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарда өндірістің қазіргі заманғы құрал-жабдықтары мен технологияларын енгізу;
ауылшаруашылығы техникаларын, арнайы техникалар және құрал-жабдықтар лизингісін дамытуға алғышарттар жасау, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және АӨК қайта өңдеу салаларын дамуға серпін беру;
АӨК субъектілері үшін әкелінетін техниканың құнын төмендету, Қазақстан Республикасына жаңа заманғы жоғары өнімді техникалардың әкелінуін жандандыру;
еңбектің өнімділігі мен өнім сапасын арттыру;
республиканың импортқа экономикалық тәуелділігін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарына, технологиялық жабдықтарға және қосалқы бөлшектерге деген жоғары бағаны төмендету;
республиканың солтүстік және оңтүстік аудандарында ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың 2 тәжірибелік-сынақ орталығын құру және іске қосу;
конструкторлық құжаттарды әзірлеу, сынақ өндірісін ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу үшін өнеркәсіп өндірісіне ауыл шаруашылығы машиналарының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және жинауға арналған ылғал қор сақтау технологияларының жүйесінде машиналардың топырақ қорғау кешенінің жаңа түрлері мен жүйесін енгізу;
республикада машина жасау өндірісінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру;
республикаға жасалған немесе алғаш әкелінген жаңа ауыл шаруашылығы машиналары үлгілерінің функционалдық, техника-экономикалық көрсеткіштеріне, қауіпсіздігі мен эргономикалығының тәуелсіз бағалау жүргізу.
8. Кластерлік бастамалардың әрі қарай дамуы
Қазақстанның АӨК-де кластерлік жүйені қолдану қажеттілігі шығарылатын отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігіне, өндірістің экономикалық тиімділігінің төмендігіне және инфрақұрылымның дамымауына негізделеді.
Қазақстанның жақын арада ДСҰ-ға кіруі бәсекеге қабілеттілікке қатаң талаптар қояды, сапаны қамтамасыз етуді, бәсекелік бағаны қамтамасыз ету кезінде барлық өте қатаң талаптарды орындау қажеттілігін қамтитын ортақ мақсатқа жету үшін тасымалдау тізбегін басқарудың тиімді жүйесін қолдануды талап етеді. Бұл ретте өнімді өндіру, қызмет көрсету және буып-түю технологиялары үдерісінде инновациялардың маңыздылығына баса назар аударылады.
Республикада астық, сүт, мақта-тоқыма, жеміс-көкөніс және т.б.кластер түрлерінің қалыптасуы және қызмет көрсетуіне ұйымдасқан-экономикалық алғышарттар бар.
8.1. Астық кластері
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен 8.1-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстанның ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған бидайды өндіру және қайта өңдеу кластерін дамыту үшін жоғары әлеуетке ие:
астық экспортының инфрақұрылымын дамыту;
бидай астығын өндіру көлемі айтарлықтай жоғары;
инновациялық инфрақұрылым мен түсімділікті арттыру мүмкіндігі бар;
астықты қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаты жылына 4,5-5 млн.тоннаны құрайды, бұл ретте ішкі жылдық қажеттілік 2 млн.тоннадан аспайды;
бидай астығы және астық дақылдары өндірісіне айтарлықтай кәсіпкерлік қызығушылық бар;
астық өндірушілерге секілді қайта өңдеушілерге де мемлекеттік қолдау көрсетіледі;
Астық кластерін қалыптастыру және дамытудың мақсаты - ықпалдастық байланысты қалыптастыру және мемлекеттік реттеуді жетілдіру негізінде ішкі өндірісті кеңейтуге және астық пен оның қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау.
Шаралар
астықтың қайта өңдеу өнімдерін сыртқы нарыққа шығару бойынша мемлекет тарапынан бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру;
Каспий теңіз портында, сондай-ақ Қытай шекарасында астық терминалдарын салу;
элеваторлық кешендерді құру;
шикізат және дайын өнімді тасуға жеңілдетілген тарифтерді, экспорттық жеткізуге мемлекеттік кепілдік беруді қолдану;
астықты тереңінен қайта өңдеу және жоғары баға қою арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ынталандыру;
Ақтау портында жаңа астық терминалын салу.
Күтілетін нәтижелер
сыртқы нарықтағы Қазақстан өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
астықтың қайта өңдеу өнімдері экспортының көлемін ұлғайту, саланың және республиканың экономикалық әлеуетін толықтай дамыту;
жалпы астық өңдеуді дамытуға және өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлатуға мүмкіндік туғызатын республика ішіндегі кәсіпорындар арасында бәсекелестікті арттыру;
астық терминалдарын салу және қайта құру (оның ішінде диірмен) арқылы 2012 жылға дейін экспорттық каналдарды кеңейту;
Қазақстандық бидай, ұн және т.б. брендін құру және дамыту;
ұн өндіру көлемін ұлғайту және өндіріс қуатын тиімді пайдалану, астық тазалау және диірмен жабдықтарын қайта жаңғырту арқылы оның сапасын арттыру;
бөлшек сауда орындарында кейіннен пісірілетін терең мұздатылған нан-тоқаш өнімдерін шығаруды игеру;
тамақ концентраттарын, оның ішінде тез дайындалатын өнімдерді буып-түю және қалыпқа салу желісін енгізу;
астықты терең өңдеу бойынша балама ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану.
8.2. Сүт және ет кластерлері
Республикадағы сүт және ет кластерлерін қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық алғышарттары:
қатысушылардың географикалық жақындығы (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, ғылыми, білім беру және тәжірибелік мекемелер, буып-түю ыдыстарын шығарушылар және т.б.);
ет және сүт өнімдерін кешендік қайта өңдеуді дамыту және қалдықсыз өндірісті пайдаланып кең түр-түрде өнім шығару мүмкіндігі;
шикізаттан дайын өнімге дейін өндірістің бірыңғай үдерістерімен технологиялық байланысты өңірлік тігінен ықпалдасқан құрылымның болуы;
кәсіпорын салаларының республика халқын сүт және етті тереңнен қайта өңдеу өнімдерімен толық қамтамасыз ете алу мүмкіндігі.
Шаралар
сүтті және етті мал шаруашылығының азықтық және асыл тұқымдық базасын дамытуды мемлекеттік қолдау;
сүтті бағыттағы орта және ірі тауарлы шаруашылықтардың дамуын;
сүтті бағыттағы асыл тұқымды аналық табындарды бағып-күту шығындарын субсидиялау;
ескірген және тозған технологиялық жабдықты ауыстыру;
өнімді өткізу нарығын және кәсіпорындардың шикізат базасын кеңейту жолымен ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер
табын құрылымында жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын және қарқынды және өндірістік технологиялар бойынша мал шаруашылығында жұмыс істейтін шаруашылықтардың үлесін арттыру;
эпизоотиялық салауаттылықты және өнімнің нарыққа, оның ішінде сыртқы нарыққа кедергісіз шығуын қамтамасыз ету;
сүт өнімдерінің бәсекеге қабілетті жаңа түрлерін шығару, ішкі нарықты молықтыру;
халықтың сүт және сүт өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету (Жалпы көлемнен агроқұрылымдардың 2009-2011 жылдардағы сүт өндірісінің үлес салмағын 14%, 16%, 20%-ға дейін жеткізу);
сүтті мал басы табынын көбейту үшін ауыл шаруашылығы ұйымдарын базалық кәсіпорындарға біріктіру (ірі мал шаруашылығы үй-жайларын салу және қайта құру);
өндірісте өнеркәсіптік қайта өңделген сүттің үлес салмағын ұлғайту;
өндіріске жаңа заманғы буып-түюді енгізу;
сыртқы нарыққа отандық консервіленген сүт өнімдерін шығару.
8.3. Жеміс-көкөніс кластері
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен 8.3-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жеміс-көкөніс кластерінің өңірлік мамандануы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына таралады. Мұнда жеміс-көкөніс өсіретін ауыл шаруашылық құрылымдары, оларды қайта өңдейтін және буып-түю ыдыстарын, заттаңбалар шығаратын кәсіпорындар, энергия ресурстарын, техника, технология жеткізушілер, көлік компаниялары бар.
Бұл тамшылатып суаруды енгізу, 50% егіс алқабының өнімділігін екі еседен көп ұлғайтуды көздейтін қарқынды технологиялардың пилоттық жобаларын жасау, бұл ретте жалпы республика бойынша көкөністердің орташа өнімділігі 291,2 ц/га жетеді.
Мәселелер
өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамды шикізаттың жоқтығы;
консервіленген жеміс-көкөніс өнімдерін дайындау-өткізу желісінің дамымағандығы;
қазіргі заманғы жеміс-көкөніс қоймаларының жоқтығы;
көтерме саудада өткізілетін жаңа піскен жеміс, жидек және көкөністерді сақтау жүйесінің жоқтығы.
Шаралар
жеміс питомниктерін және егілетін материалдар мен тұқымдардың таза сорттарын өсіру үшін көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығын қалыпқа келтіру және дамыту;
жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
ауыл шаруашылығы шикізатының және тамақ өнімдерінің сапа және қауіпсіздік зертханаларының материалды-техникалық базасын қайта жаңғырту;
жеміс-көкөністі өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізуге арналған дайындап-өткізу кооперативтерін және қажетті инфрақұрылым желісін құру;
буып-түю ыдыстары материалдарын өндіру көлемін және түрлерін көбейту бойынша шаралар әзірлеу;
вируссыз көшеттерді өсіруге арналған аймақтық репродуктивтік орталық құру;
өсірудің интенсивтік технологияларын қолдана отырып, жаңа бақтар құру және оларды мемлекет тарапынан жәрдемақылау;
дайындау, сақтау, қайта өңдеу және жеміс-көкөністі өнімдері үшін;
жеміс сақтау қоймаларының қолда барын қайта құру және жаңадан салу бойынша шаралар қабылдау;
тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-жидек дақылдары өндірісін дамыту.
Күтілетін нәтижелер
жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көлемі ұлғаяды;
ішкі нарық жеміс-көкөніс өнімдерімен молығады;
жеміс-көкөніс, оның ішінде тереңнен қайта өңделген өнімдердің көлемі өседі;
республиканың солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде жаңа піскен және консервіленген жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және жыл бойы өткізу жүйесін ұйымдастыру;
әлеуметтік саланы ұйымдастыру үшін жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру.
8.5. Мақта-тоқыма кластері
Мақта-тігін кластерін құрудың қажеттілігі, біріншіден, мата ендірісі топтамасының болмауына, дайын тоқыма бұйымдарын пайдалануға, иірілген жіп және мата импорттың артуы кезінде, жергілікті шикізатқа тоқыма және тігін өнеркәсібі өндірісі көлемінің төмендігіне негізделеді.
Мақта-тоқыма кластерін жасаудың және дамытудың алғышарттары мыналар болып табылады:
шикізатқа (мақта) қол жетімділік - Оңтүстік Қазақстан облысы, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан;
қолда бар тоқыма кәсіпорындарын қайта жарақтау және жаңаларын құру;
дамыған инфрақұрылым;
адам ресурстарының дамуына қажетті база, НИОКР;
өндірістік шығындардың темен деңгейлілігі;
әлеуетті өткізу нарықтарына (Қытай, Азия, Ресей, Еуропа, Таяу Шығыс) жақындық және үлкен сұраныс.
Қазақстан мақта иірімжібіне үлкен сұраныс жасайтын өңірлермен шектеседі. Азиялық-Тынық мұхит өңірі елдеріне жылына 16,5 млн.тонна, Еуропа елдеріне - 1,6 млн.тонна, бұрынғы КСРО елдеріне - 0,6 млн.тонна, ал Таяу Шығыс елдеріне жылына шамамен 100 мың тонна иірілген жіп қажет. Қазақстан экономикалық қайтарыммен осы өңірлердің әрқайсысына тоқыма өнімдерін экспорттай алады. Италия және басқа да Батыс Еуропа мемлекеттері Қазақстан экспортын әлеуеті жоғары маржамен қамтамасыз етеді, бірақ жеткізілетін өнімнің сапасына, беріктігіне және сенімділігіне қатаң талаптар қояды.
Жақын болашақта Қазақстанның тоқыма өнеркәсібі мақта талшығын иіру үдерісін алға бастыруға және жетілдіруге күш жұмсауы керек. Бұл мақта иірімжібі мақта талшығына қарағанда құны жағынан жоғары және әлемнің көптеген негізгі нарықтарында иірілген жіпке деген сұраныстың жоғары болуымен түсіндіріледі. Иірілген жіпті нарыққа, әсіресе Қытай, ЕО және Ресейге экспорттау үшін үлкен әлеует бар.
Осы сегменттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында экспортқа бағытталған әртүрлі иірілген жіп түрлерінің өндірісін жөнге келтіру және халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру арқылы өнім сапасын жетілдіру және иірілген жіптің құрама технологиясын әзірлеу қажет.
Мата өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстанға ішкі және сыртқы нарықтағы сұраныс серпінін есепке ала отырып, «сұрыптық мата түрлерінен бастап мата шығару және дайын өнім өндіру саласындағы қызмет көрсетуге дейін» өндірістік тізбекті игеруі қажет.
Қазақстандық тоқыма кәсіпорындары бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамтамасыз ететін мынадай факторларға, тәсілдерге жұмылуы керек:
тоқыма фабрикаларында еңбек өнімділігін арттыру;
маркетингті жетілдіру;
логистикалық тізбектерді түзету және шығу;
бизнес ахуалды жөнге келтіру.
Кластерлік дамыту жолымен тоқыма өнеркәсібін дамытудың (жеңіл өнеркәсіп саласының тобы ретінде) бастапқы кезеңінде мақта иірімжібі мен мата өндірісінің сегментімен шектелу ұсынылады. Сонымен қоса, оның дамуы тоқыма саласының мақта-тоқыма сегментінің қосылған құн тізбегін қалпына келтіруге ықпал етеді. Қазақстанда үлкен көлемде экспортталатын мақта талшығы өндірісі өсуде, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарыққа әртүрлі өнім шығаруға қабілетті тігін компаниялары да бар. Бәсекеге қабілетті тоқыма сегментін құру қосылатын құнды көбейтумен және тігін өнеркәсіптерінде әрі қарай өңдеу үшін қажетті өнім шығарумен Қазақстанда өндірілетін мақтаны қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Мәселелер
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге қуаттың жетіспеушілігі;
экспорттағы қайта өңделген өнімнің үлес салмағының төмендігі;
мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдарының бытыраңқылығы;
ғылыми-негізделген агротехнологиялардың сақталмауы, мақта өнімділігінің төмендеуіне себепші болатын агротехнологиялық жұмыстарда оңтайлы мерзімдерінің ұсталмауы;
мақта шикізаты өндірісімен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер кірісінің төменділігі;
қазақстандық мақта талшықтарының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.
Шаралар
мақтаның сапалы бәсекеге қабілетті сорттарын жасау;
мақта сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізу;
мақтаны қайта өңдеу ұйымдарын халықаралық стандарттарға өткізу;
өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың тоннаға дейін мақта тұқымы болатын мақта тұқымы материалдарын өндіретін зауыт салу;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта талшығы сапасын сараптауға кеткен шығындарын толық өтеу;
нарықтың жай-күйі туралы кластер қатысушыларын ақпараттық қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер
сыртқы нарықта тоқыма өндірісі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы;
жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;
өндіріс көлемінің және тереңінен қайта өңдеу өнімдері экспортының ұлғаюы;
мақтаны тереңнен қайта өңдеу, тауардың түр-түрін кеңейтуге және жоғары қосылған құнмен өнімнің нарыққа жеткізуге мүмкіндік береді;
ішкі нарықты сапалы тоқыма өнімдерімен және отандық шикізатпен молықтыру;
отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының кірісін жылына 5 %-ға дейін өсіру;
республикада өндірілетін мақта талшығының сапасын объективті сараптауды қамтамасыз ету, мақтаның нақты сапасы жөнінде ақпарат алу;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүддесін қорғау, олардың кірісін арттыру.
9. АӨК инфрақұрылымын дамыту
9.1. Ветеринарияның халықаралық стандартқа көшуі
Жыл сайын республика аумағында жануарлардың инфекциялық ауруларының сирек түрлері байқалады, 2007 жылы пастереллездің 7 ошағы, құтырудың 117 ошағы, қарасанның 16 ошағы, аусылдың 3 ошағы тіркелген, сондай-ақ ірі және ұсақ қара малдың бруцеллезі бойынша эпизоотиялық қиын жағдай қалыптасып отыр (2007 жылы 65 ауру пункт тіркелген).
Осы ретте республика аумағында эпизоотиялық жағдайды үнемі бақылау жүзеге асырылуда, соңғы үш жылда ветеринарлық жұмыстардың негізгі бағыттарын қаржыландыруды ұлғайту үрдісі байқалады, бұл емдеу алдын алу жұмыстары жүргізілген жануарлар санын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жануарлардың сібір жарасына қарсы вакцина егу 100%-ды қамтыды, республикада ірі қара малдың туберкулезіне аллергиялық зерттеулер жүргізу 100%-ды қамтыды.
2007 жылы жануарлар мен құс ауруларының ошақтарын оқшаулау және жою үшін 550,0 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жануарлар мен құс аурулары ошақтарын 100 % жою және оқшаулау шаралары жүргізілді.
Жануардың жағдайын үнемі қадағалап отыру тиісті шара қолдану үшін жануарлар ауруларын дер кезінде анықтау мақсатында жүйелі түрде диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. 2007 жылы жануарлар мен құс аурулары бойынша жалпы сомасы 1 971,5 млн. теңгені құрайтын 23,95 млн. (серологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық) зерттеу жүргізілді.
ОІЕ талаптарына сәйкес созылмалы ауруларды (адам және жануарға ортақ) диагностикалық зерттеуден барлық жануарлар (100 % қамту) жылына екі рет өткізілуі керек. Бірақ республикада қаржыландырудың шектеулі болуына байланысты бұл талап орындалмайды. Бұл ауру жануарларды толық анықтауға кедергі жасайды да, соның салдарынан эпизоотиялық жағдайдың сәтсіздігін тудындайды және өнім экспортын жүзеге асыруға кедергі жасайды.
Қазақстанның болашақта ДСҰ-ға кіруі ветеринария саласындағы ДСҰ, ОІЕ шараларында СФС талаптарымен ұлттық заңнаманы үйлестіру ресімін жандандыруымен түсіндіріледі.
СФС бойынша міндеттерді орындау ДСҰ-ның жаңа талаптарына ветеринарлық қызметтің бейімделуі және ветеринарлық зертханаларды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру бойынша айтарлықтай қаражат тарту үшін белгілі бір мерзімді қажет етеді. 2007 жылы осы бағытқа республикалық бюджет есебінен 11 облыстық және 115 аудандық бір типті модулді виварилері бар жаңа зертханалардың жобалық смета құжаты әзірленді, ал осы жылы 6 облыстық және 1 аудандық зертхана құрылысы басталды. Бір мезгілде Дүниежүзілік Банк желісі бойынша 2008-2009 жылдары ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша референц-зертханаларын салуға ЖСҚ әзірленуде.
ОІЕ талаптары бойынша мемлекеттердің ветеринарлық қызмет құрылымы ұлттық (республикалық) және жергілікті (өңірлік) деңгейде болуы тиіс. Олардың жеткіліксіздігі көрсетілетін эпизоотиялық жағдай жайындағы мәліметтердің дұрыстығында күмән тудырады, бұл өз кезегінде халықаралық сауданың жүзеге асуына кедергі жасайды.
Мәселелер
жануарлардың созылмалы жұқпалы аурулары (бруцеллез, туберкулез, лейкоз) бойынша аурудан таза емес пункттердің болуы;
ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындарын ветеринарлық қадағалау бөлімшелері санының жеткіліксіздігі;
ауыл шаруашылығы жануарларын зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтамай күтіп-бағу;
ветеринарлық зертханалардың материалды-техникалық жабдықтауының нашарлығы;